Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет86/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының 
қауымдастығы, 2000. – 312 б.
2. Мұқаметқанұлы Н. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары. 
– Алматы: Санат, 1996. – 281 б.
3. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының 
бас редакциясы, 1972. – 12 т. 
4. Сəнік З. Тұғырыл хан. Демежан батыр. – Алматы: Қазақпарат – 2005. – 
282 б.
5. Аязбаева Ұ. «Демежан батыр» тарихи жыры туралы // Ахмет Яссауи 
университетінің хабаршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – Түркістан, 2003. 
– № 3. – 70-74 б.
6. Зуха батыр жайындағы жыр // Қазақстанның қазіргі таңдағы білім беру 
жүйесі мен ғылымы жəне оны реформалау жолдары. Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдары. – Талдықорған, 3-4 қазан, 2003. – 
170-174 б.
7.Сейітжанұлы З. Тарихи эпос. Шыңжаң қазақтары фольклоры. – Алматы: 
Ғылым, 1994. –112 б.
8. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 21 б.
9. Қасқабасов С. Тұтастану – фольклор поэтикасының заңдылығы // Қазақ 
фольклорының поэтикасы. – Алматы: Ғылым. 2001, 8-63 бб.


298
Б.Н. Қалдыбай,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
1-курс магистранты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекші – З.Н. Сейтжанов, 
қазақ əдебиеті жəне əдебиет теориясы кафедрасының профессоры, 
филология ғылымдарының докторы
ДƏУІР ТУҒЫЗҒАН ТАРИХИ ШЫҒАРМА
Қазақ əдебиетінің қалыптасуы, дамуы тарихының барлық кезеңдеріндегі 
туындыларда халықтың басынан өткен өмір шындығын таныту жүзеге асыры-
лып келеді. Қазақ халқының жеке мемлекет болып қалыптасуы жолында болып 
өткен қоғамдық-əлеуметтік оқиғалардың жəне олардағы көрнекті тұлғалардың 
өмірлік шындық деректерін көркем шындықпен бүгінгі оқырман ұрпақтың 
жан əлеміне танытуда тарихи тақырыптағы эпикалық шығармалардың 
маңыздылығы анық. Əсіресе, Қазақстан Республикасы тəуелсіздігі жарияла-
нып, дербес егемен мемлекет болып өмір сүре бастаған ұлтымыздың өзін-өзі 
тануы жаңа көзқарастармен байи түсті.
Қазіргі қазақ прозасындағы көркем шығармаларда халық тарихының аса 
елеулі кезеңдері, тұлғалары уақыт шындығының мол деректерін негізге алып 
жазылуда. Көп ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, от-
арлау езгісіне, əдейі ұйымдастырылған ашаршылықтарға, босқыншылықтарға, 
саяси қуғын-сүргіндерге жəне т.б. озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге 
дейін негізгі халықтық-ұлттық ділін сақтаған қазақ ұрпақтарының əдебиет 
шығармаларында көркем шындықпен бейнеленуі – аса зəру мəселе екендігі 
айқын сезіледі. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан 
Əбішұлы Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» (1996) кітабындағы пікірінің 
қазіргі қазақ романдарындағы тарихи шындық мəселелерін жүзеге асыруға 
тиянақты бағдар болатыны да күмəнсіз: «Мен өз халқымның көнбеске көніп, 
шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мəңгіліктің қатыгез 
басқыны біржолата шайып əкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да, 
аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. 
Бірақ өмірге құштарлық, азатыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені 
көтеріп, тəуекелге бел буғызды» – деп Елбасымыз өз пікірін айтқан [1].
Жаңа заман үшін күрес күндерін, халықтың басынан өткен сан алуан 
оқиғаны, таптар арасындағы қақтығыстарды бейнелейтін шығармалар қазірде 
əдебиетімізде мол.Солардың бірі қазіргі қазақ прозасының ішіндегі өзінің 
сюжеттік желісі мен композициялық құрылысы жағынан ерекше назар ауда-
ратын көлемді көркем шығарма – Хамза Есенжановтың үш кітаптан тұратын 
«Ақ Жайық» трилогиясы. Еділ мен Жайық бойы сулы да нулы қолайлы қоныс 


299
болумен бірге ел қамын ойлаған еңіреген ерлер туғызған батырлардың ежелгі 
мекені. Оның бойында бір кез хан қорлығына шыдап, өз елін шабуға қимаған 
Ер Тарғын өмір сүрсе, одан берігірек патшаға қарсы қарулы қол жинап, 
Ресейдің қара шаруасы мен қалың бұқарасына күрес жолын көрсеткен Емелян 
Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің болған жері. Қара қазақ баласын хан 
ұлына теңгермек болған Сырым Датұлы мен Исатай Таймановтар көтеріліске 
шыққан жер. Күні кеше ғана адам баласының ғасырлар бойғы аңсап күткен ар-
маны – бостандық үшін ер Чапайдың қынаптан қылыш суырған жері. Осындай 
табиғаты бай, тарихы шежіреге мол, құнарлы өлке шебер жазушымыз Хамза 
Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясына бай материал берген.
Көрнекті жазушы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы тұтастай 
бір кезеңнің арқауын көтеріп тұрған шығарма. Жазушының ұзақ жылдар бойғы 
еңбегі кезінде əдеби ортада лайықты бағасын алды. Заманымыздың заңғар жа-
зушысы М.Əуезов трилогияға «Еуропа үлгісінде жазылған тұңғыш шығарма» 
деген баға берді.
Қарымды қаламгерді жазушы ретінде танытқан «Ақ Жайық» трилогиясы-
ның жазылу тарихы тар жол тайғақ кешулермен байланысты. Естеліктерге 
көз жүгіртсек, туындының көптеген тараулары түрмеде туған.1948 жылы 
Томскіден оралған шағында қайраткер жазушы өзімен бірге келген көпшілігін 
сары майдай сақтағаны да аян.
Хамза Есенжанов алмағайып тағдырдың тəлкегіне түсіп, көп жыл əдебиет 
ортасынан қол үзіп қалды. Қасірет кезеңін артқа тастап, басына еркіндік тиіп, 
қалам құдіретіне ғана бағынған жазушы көкейінде көп жылдар бойы шермен 
болып қатқан сырларын ақ қағаз бетіне көсіле төккен.
Бұл романның алғашқы кітабы жазушы Алматыға келгеннен кейін, араға 
екі-ақ жыл салып дүниеге келсе, 1960 жылы екіншісі, 1965 жылы үшінші 
кітабы жарық көріп үлкен трилогияға, əрі Хамза Есенжановтың бас кітабына 
айналады. Əрине, романдар тез шығып, жылдам тарағанымен, олардың қилы-
қилы тарихы бар. Беттерінде жазушы тағдыры, ұйқысыз түндер, мазасыз ой, 
азапты күндер тұрады. Бұл ой еріксіз «роман қалай жазылды?» деген сұрақ 
тудырады. Осы сұрақ төңірегінде жауап берген қазақтың көрнекті жазушы-
сы Х.Есенжановтың 1980 жылы жарық көрген «Ақ Жайықтың тарихы» деген 
мақаласын негізге ала отырмыз. Бұл мақаласында: «Біз романның тегі-жайын 
тексеретін тап-таза теориялық жағына соқпастан, ең алдымен жоғарыда аталған 
мақаланы арқау ете отырып роман қалай жазылды дегенге тоқталмақпыз.
Мұның өзі де əрі кеңірек, əрі тереңірек сөз етуді тілейді. Неге десеңіз, ол 
жазу процесіне адамның ішкі психологиялық əлеуметтік болмысына тікелей 
қатысты.
Тəңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз, – 


300
дегендегі Абайдың «көңіл көзін» ұйқыдан аштырып жіберетін күшке 
тіреледі. Бұл күштің не екеніне жауап бермей тұрып, «көркем шығарма қалай 
жазылады?» дегенді баяндау мүмкін емес» – деп жазып,мақаласын іштей 
«Жыр мен аңызға құмартудың басы», «Тебірену», «Өмірдің өзі шығарма» де-
ген тақырыптарға бөлген. 
Жазушы жазудың арғы төркінін өмірдің сəні де, мəні де болған өлең, жыр, 
аңыздан бастайды. Өйткені ол біздің елде ертеден білім көзі деген ойды 
мақұлдап, «Жыр мен аңызға құмартудың басы»деген мақаласында: «Қандай 
бала болса да жас шақта үлкендердің аңыз-əңгімелерін тыңдамағаны кемде-
кем шығар. Сол аңыз тыңдап, жыр жаттап өскен баланың бірі өзіміз. Əрине, 
жыр мен аңызға құмарлық себептен себепсіз тумақ емес. Ол құлақ құрышы 
қанғанша тыңдайтын əн мен жыр бар жерде ғана туатын рухани ынтықтық. 
Бұл өскен ортада көрумен, тыңдаумен, үйренумен, еліктеумен келіп, жатсаң-
тұрсаң ойыңда жүріп, көз алдыңда елестеп, «мен де жыршы болсам, бəрін 
білсем, ол үшін оқысам, дүние тілін мол ұқсам» деген талпыныстан бастала-
ды» [2].
Х.Есенжановтың шығармашылығын шыңдауына талпыныс берген жыр мен 
əннің, өлеңнің үлгісін көрсеткен өзі əнші, өзі өлеңші Нұржан деген азамат. Ол 
«Қырымның қырық батырын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» жыр-
ларын жатқа айтып беретін талайды тамсандырған абзал жан. Бұл жырлармен 
қатар көпті көрген қариялардан еститін тарихи аңыз- əңгімелердің ішінде «Ел 
ауа», яғни 1868 жылғы «Дала Низамына» байланысты аңыз Х.Есенжанов ой-
ында əбден бекіп, кейін «Ақ Жайықтың» үшінші кітабына материал болып, 
өлім жазасын күтіп отырған ақ генералдар қасындағы Бақытжанның ойы 
арқылы түгел болмаса да суреттеледі.
Балғын балалық шағында естіп, бойға сіңген көркем сөз құдіретінің ерек-
ше əсер еткені Х.Есенжановты жазушы болуға жөн сілтеген. Мұнан соң та-
рихи-революция тақырыбына келуіне себеп болған романтикаға бөлеген жас 
қиялды əлдеқайда алып ұшқан өң мен түстей шытырман суреттерді көз алды-
на тізбектей берген о бастан қызыл солдат. Жазушының алғашқы өлеңдерінің 
бірі де осы туралы болатын.
«1919 жылдың күзі. Бірінші рет біздің ауылдың тұсынан, Аңқаты өзенінің 
арға бетімен, ат құйрығын шарт түйген, шошақ тұмақты, сұр шинельді бір 
шоғыр солдат өтті. Мұны ел «Бəлшебай келіп қалды!» десті. Бірақ бұлар 
Қызыл Армияның барлаушылары болса керек. Мұны жұрт əр саққа жүгіртіп, 
біреуі мақұлдап, біреуі үркіп əңгімелеуі мүмкін. Ал, көбіне-көп қару ұстап 
батыр болуға əуес балалар: «Бəлшебай боламыз» деп кескекті мылтық етіп 
асынып, таяқты ат қып мініп, тымағымызды қодырайта киіп, өзенге қарай 
шапқылайтын болдық. 
Ойынымыз шынға айналды: сол қыста нағыз қызыл солдаттардың өздері 
де келіп жетті. Қызыл əскердің бір бөлігін Аңқаты өзенінің Шалқар көлге 
құйған жері Сағада мешіті мен медреселері, дүкені мен моншасы бар мекенді 


301
жерге жатты. Бұл жерді балық аулау кəсібімен күн көрген қалың балықшылар 
да мекендейтін. Біздің үй үш шақырымдай жоғары өзен бойында еді. Кезік 
ауруынан қарт пен кемпір дүние салып, басқалар бері қараған кез. Төсектен 
басын көтерген Ғалымжан ағаймен ертелі-кеш қызыл əскерлер мен олардың 
командирлері келіп сөйлесетін болды. Кейіннен Ғалымжан ағай ЧОН-ның 
қызметкері болды. Аласапыран кезде Советке жаулық жасаған бандыларға 
қарсы күресіп, бұл ағай апталап-айлап ұзап кететін болды. Азамат соғысының 
сөніп-тұтанып тұрған шақтарында Ғалымжан аға талай-талай арпалыстарда 
да болды. Небір шытырман оқиғалар жайында, дұшпанның қулық-сұмдық 
əдістері жөнінде, астан-кестен заманның романтикаға толы бейнесін бізге 
ертегі етіп айтатын да, біз оны аузымызды ашып тыңдайтын едік».
Жоғарыда айтылған пікірлерге сүйене отырып, шығарма жазуға түрткі 
болған себеп сол замандағы қызық əңгімелер, балғын балалық шақтағы 
толғандырған оқыс жайлары, өзгеше тартыстардың бөлшектері. Оның дəлелі 
біз атап өткен, 1930 жылы жарық көрген «Өлеңтінің жағасында» атты əңгімесі.
«Жаз күні еді. Əр жерде бүліншілік, талану, Жайық жағасын қаптаған 
банды. Жымпиты уезінің тұс-тұсынан берекетін алып жатты»,-деп бастала-
тын əңгімеде бандыларды елден алыстатпақ боп арпалысқан Қалит жəне 
Мүти есімді екі партия қызметкерінің ерліктері арқау болады. Бандының 
мылтық атуынан ауыл тауды мекен етіп, барлаушыларды тұтқындап, не 
шабуылдаған жау қолы, оған қарсы ұмтылған. Қалит сияқты қайсар жастар 
суреттелген əңгіменнің жеткізері ел тыныштығының бұзылуы, азамат соғысы 
жылдарындағы халық тағдыры. Бірақ əңгіме «Сол күні бесінде губерниядан 
шыққан 12 көк арба келіп те үлгерді. Қаланың күн шығыс жағына шығарып 
алып, оқтан боран соққандай қылды. Күн батқанша күлін көкке ұшырып, 
жалғызын құтқармай жазасын берді. Бандыдан бүлінген дүниені қайта құруға 
кірісті. Ертеңіне бірін-бірін алмаздың əлегінен, азып тозған 4 əскердің қалғаны 
да келіп көппен бірге өлген адамды жиып, Өлеңтінің жағасына туысқандық 
мола орнатып, 7 коммунистің басына белгі тікті», – деген жеңісті, көңіл 
қуантар жайды жеткізумен аяқталады [3]. Жазушы Хамза Есенжановтың 
азамат соғысының ақтық айқасы тақырыбына жазған бұл шағын əңгіме «Ақ 
Жайық» оқиғасына қарай жүрексіне басқан бірінші қадамы болды. 
Көрнекті жазушы өзінің шығармашылық жолындағы ізденістерін қарапайым 
халық өкілдерін суреттеуден бастаған. Алғашында өлең жазып, кейіннен 
əңгіме, роман, трилогия жазуындағы қозғаушы күш халық мұңы мен мұқтажы 
екенін аңғару қиын емес. Осындай өз заманында ғана емес, қазіргі күнде де өз 
оқырманын жоғалтпаған туындылардың өміршеңдігінің бір құпиясы – жазу-
шы шеберлігі мен халықты бейнелеуі болса керек.
Көркем əдебиетте белгілі бір заманның нақтылы-тарихи мазмұнының 
шынайылықпен суреттелуі, сондай-ақ оның қайталанбайтын сипаты мен 
колоритін бейнелеу тарихшылдық жолын ұстануды қажет етеді. Мұндай да жа-
зушы тарихшылдық талаптарына кезігеді жəне оларды жүзеге асыру мақсатын 


302
əдейі алға қояды. Əйтсе де тарихшылдық неғұрлым астарлы, тіпті арнайылап 
қолданылмаған күйінің өзінде-ақ нағыз көркем шығарманың аса бір қажетті 
бөлінбес бөлігі сияқтанып тұрады. Өйткені тарихшылдылық дегеніміз – ең 
алдымен жалпыхалықтық оқиғалар мен жеке адамдар тағдырлары арқылы 
көрінетін қоғамдық дамудың басты тенденцияларын дөп баса білу. 
Əдебиеттану ғылымында тарихи дəуір шындығын суреттеуге арналған 
шығармалардың жанрлық табиғаты түрліше түсіндіріліп келеді. Ғалым 
Н.Н.Воробьева қазақ əдебиетінде тарихи прозаның қалыптасуын мемуарлық 
шығармалармен байланыстырады. «Қазақ əдебиетінде тарихи прозаның 
қалыптасуы ол халық өмірінің шындығы жазушының жеке тəжірибесі арқылы 
сарапталатын, ал сюжеті осы тəжірибе мазмұнымен анықталатын өмірбаяндық 
шығармалармен байланысты» [7] – деп жазады. 
«Ақ Жайық» трилогиясында шындық пен шеберлік домбыраның қос 
шегіндей қатар сөйлейді, күмбірлеп күй төгеді, сыбырлап сыр шертеді. 
Романдағы оқиғалардан жазушының өз кескін-кейпі де ажарланып жата-
тынын да айтқымыз келеді. Адамгершілікті, адалдықты, бауырмалдықты, 
жанашырлықты, шыншылдықты ту етіп көтерген кейіпкерлерді тудырған 
қалам иесі өзі де осы қасиеттерден тұратын іспетті. Осы қасиеттер жазушының 
кескін-келбетін көркейтетіні шындық.
Шынайы өмірден көрініс беретін жазушының көркем туындысы «Ақ 
Жайық» трилогиясы қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалардың 
нақты деректеріне сүйене отырып, шындықпен жазылған.
Трилогияның маңызы – халқымыздың тарихына аса қиын, шытырманды 
кезеңдердің тарихи шежіресінің жасалуы. Жазушының əдеби шеберлікпен 
тарихқа бойлай отырып, оның сыртқы, ішкі дүниелерін шындықпен жазып 
көрсеткен.
Қазіргі кезеңдегі қазақ прозасының көркемдік жүйесінде тарихи дəуір 
шындығының алып отырған орны ерекше. Тарихи дəуір шындығы тек тари-
хи шығармалар құрылымында ғана емес, бүгінгі күн тақырыбына жазылған 
туындылардың сюжеттік жəне композициялық желілерінде кең көрініс та-
уып отыр. Соған орай қазақ əдебиетінің жеткен биігі мен асқан асуын 
анықтауда, пайымдап бағалауда тарихи дəуір шындығын суреттеуге арналған 
шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін арнайы қарастырудың маңызы 
жоғары. 
Хамза Есенжановтың шығармаларының тарихилығы туралы осы бағдарда 
пікір түйіндеу орынды. Жазушының шығармаларында бір адамның өмірі 
арнасында тоғысып жатқан бірнеше қоғамдық саты шындығы суреттеледі. 
Шығармашылық жолында кеңестік əдебиетті өркендету арқылы төл 
əдебиетімізге ғасыр тудырған ұлы шығарманы жарыққа шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет