Использованная литература:
1. Аверинцев С.С. Бахтин, смех и христианская культура // М.М.Бахтин как
философ. – М., 1992. – 215 с.
2. Пропп В.Я. Проблемы комизма и смеха. – М., 1976. – 220с.
3. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М., 1980. – 210с.
4. Борев Ю.Б. Эстетика. – Ростов-на-Дону, Феникс, 2004. – 704 с.
5. Борев Ю.Б. О комическом. – М., Искусство, 1957. – 232 с.
6. Литературный энциклопедический словарь. – М. 1987. – С. 162.
7. Спиридонова Л. Бессмертие смеха. – М., 2007. – 120 с.
8. Борев Ю. Комическое, или о том, как смех казнит несовершенство мира,
очищает и обновляет человека и утверждает радость бытия. – М. Искусство
1970. – 269 с.
М. Абишева,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
2-курс магистранты
(Қазақстан)
Ғылыми жетекшісі – Ө. Əбдиманұлы,
филология жəне əлем тілдері факультетінің деканы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ж. ШАШТАЙҰЛЫ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ЗАМАН КЕЛБЕТІ
Суреткер неғұрлым талантты, қуатты болған сайын оның дүниеге əкелген
шығармасы обьективтік шындыққа жақындай түседі, себебі ең алдымен оның
өзі – сол шындықтың, сол қоғамның, сол мезгілдің туындысы, сондықтан о ба-
ста жаратқанның оның бойына суреткердің байқампаз дарынын жомарттықпен
сыйға тартқаны рас болса, ол сол дəуірдің, сол қоғамның шындығын, мұңы мен
зарын, алдағы үмітін бейнелей алмай тұра алмайды. Заман, уақыт шындығын
жан-жақты ашып беруде əдебиет туындысына шендесер ештеңе жоқ, тіпті
бұлтартпас логикалық пайымдауларға сүйенетін ретте нағыз талантты көркем
283
шығармалармен тайталаса алмайды. Өйткені ғылым қоғам шындығының бір
қырын ғана байжайлап зерттейді; айталық, социология негізінен қоғамның
əлеуметтік өмірін, тарих оның ең алдымен саяси-экономикалық сипатын, ал
демография сол əлеуметтік ортада өмір кешкен жұртшылықтың сан жағынан
өсіп-өнуінің диалектикасын сөз етеді. Ал əдебиет мұндай шектеулерге
көнбейді, ол қоғамды ғылым секілді бір қырынан емес, тұтасынан көреді,
белгілі бір уақыт шеңберінде сол қоғам басынан қандай экономикалық,
əлеуметтік, психологиялық, т.б. халдерді кешіреді, міне, осының бəрі көркем
əдебиеттің қырағы жанарынан тыс қала алмайды [1, 11 б.].
Халық өмірінде терең із қалдырған үлкен оқиғалар болады. Олардың
жаңғырығы көпке дейін үзілмейді, санадан берік орын алады, əдебиетке де
көркем шежіре болып түседі. Ж.Шаштайұлы шығармаларындағы оқиға өзегі
негізінен өмірде болған.
Қазіргі кезеңдегі қазақ прозасының көркемдік жүйесінде тарихи дəуір
шындығын алып отырған орны ерекше көңіл аудартады. Дəуір шындығы
тек тарихи шығармалар құрылымында ғана емес, бүгінгі күн тақырыбына
жазылған шығармалардың сюжеттік жəне композициялық желілерінде кең
көрініс тауып отыр. Соған орай қазақ əдебиетінің жеткен биігі мен асқан асуын
анықтауда, пайымдап бағалауда өткен дəуір шындығын суреттеуге арналған
шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін арнайы қарастырудың маңызы
жоғары екендігінде сөз жоқ. Халықтың өткен дəуірінің шындығын бүгінгі
дəуірдің басты рухани тынысы тұрғысынан суреттеудегі жетістіктер тарихи
шығармаға деген рухани сұранысты арттыра түсуде.
Қоғамға «жалпыға ортақ» деген саяси дəстүрдің дəнін сеуіп кеткен кешегі
Кеңес империясына сол кезеңде қызмет етпеген қазақ жоқ. Партиялық биліктің
ішкі құрылысын автор романдарына тақырып етсе, қарапайым шаруалардың
ахуалы мен көзқарасын һəм дүниетанымын повестерінен аңдадым. Əр
заманның өз адамының портреті көркем сөзбен суреттелген повестерде
өткен уақыттың келбеті жасырынып жатқандай. Мұндай тоқтамға келуіме
Ж.Шаштайұлының тұңғыш жинағында жарияланған (1984 жыл) «Қызыл қар»
повесі себеп болды.
Шығарманы бастамай жатып, тақырыбына еріксіз үңілесіз. Қардың қызылы
болушы ма еді? Тақырыптың астарында бір философияның жатқаны анық.
Бəлкім, автордың өзіндік ерекшелігі болар. Əлқисса...
Повестің алғы сөзінде былай деп жазылған: «Ж.Шаштайұлының «Қызыл
қар» атты тұңғыш жинағы осы аттас повесімен ашылады. Бұл шығармада
бүгінгі таңдағы қой өсіруші жастардың қажыр-қайраты көрсетілген» [2, 2 б.].
Аталған пікірмен толыққанды келісуге болмас. Неге десеңіз, автордың айтпағы
қой шаруалығымен ғана байланысты емес. Қаламгер қой бағуды əдеби фон
ретінде алып, сол арқылы əке мен бала арасындағы шынайы қарым-қатынасты
жəне оқу-білімге құштар жас кейіпкердің ішкі психологиясын жеткізіп отыр.
Қой өсіруші əке мен баланың образы сол қоғамның келбетінен һəм тынысынан
284
хабар береді. Сансызбай қарт пен ұлы Жайлаудың тынымсыз жəне қайталама
тіршілігі бір қарағанда Кеңес үкіметінің саясатын аңдатса, тереңдеп үңілсеңіз,
əке сеніміне селкеу түсіргісі келмейтін ұл жəне соқыр саясаттың айдауы-
мен қой соңына ілескен қарияның мұңлы шеріне жолығасыз. Сол уақыттағы
қоғамның анық бет-бейнесі ата кəсіпке тікелей байланып тұрғанын автор
шығармада əдемі суреттейді. Мəселен, Шандоздың Жайлауға айтқан мына
бір сөзінде өз заманының табы білініп тұрғандай: «Əй, əкең баққан қойды
Қақан (Жайлаудың туған ағасы) бақты. Қақан баққан қойды сен бақтың.
Тұқымдарыңа бұдан басқа кəсіп жазбады ма? Айтшы соны».
Повесть оқиғаларының көбісі Сансызбай қарт пен ұлы Жайлау арасында
өрбиді. Меніңше, қаламгер негізгі кейіпкерін ашық атамай, оқырман өзі тап-
сын дегендей сыңай танытып отыр. Пайымдауымша, мұндағы басты кейіпкер
– оқуға түсе алмай, отбасылық кəсіптеріне бас қойған Жайлау.
Жайлау – жас образ. Белгілі бір себептермен жоғары білім ала алмай, қой
бағуға жастығын сарп етіп жүрген қазақ. Қойшы əкесіне өз арман-қиялдары
жайлы бір ауыз сөз айта алмаған ол ата-анаға қарсы шықпаудың астарын ашып
тұрғандай. Десек те Жайлаудың ойында мүлдем басқа дүние бардай көрінді.
Ешкімге тиегін ағыта алмайтын сыр оны болашаққа жетеледі. Қызығы сол,
Жайлау қой соңынан таяқ ұстаған сауатсыз қойшы емес. Көкірегі ояу, көзі
ашық азамат. Олай дейтініміз кейіпкердің кітапқұмарлығында. Ол оқыған
Тургеневтің «Қарсаңда» романы немесе Джек Лондонның кітаптары сөзімізге
айғақ. Əдетте қойшы десек, санамызда малдан басқа ештеңеге қызықпайтын
һəм түсінбейтін адамның елестейтіні рас. Бұл түсінікті автор осы повесінде
түбегейлі жоққа шығарады. Кеңес одағы тұсында оқуға түсе алмай қайтқан
жастардың колхоз шаруашылығы жұмысына атсалысуы қалыпты жағдай еді.
Қазіргі тəуелсіз қоғаммен салыстырар болсақ, ауылдағы қой бағып жүрген
жас қазақтың қолынан Джек Лондонның кітаптарын көру ғажайыппен тең.
Шығармадағы кейіпкер ширек ғасыр бұрынғы қазақ қоғамының бүгінгі күнге
қарағанда сауатты, кітапқұмар болғанын айғақтап тұрғандай.
Шығарма басындағы алғашқы суықта, яғни дауыл тұрған күні, автор
айтқандай, «1968 жылдың он жетінші декабріндегі» оқиғадан повестің
неліктен «Қызыл қар» деп аталғанын түсінгендей болдым. Қыстың бір
қытымыр кешінде, қақаған суығында əке мен баланың жауапкершілігіндегі
қойлар жазым болғаны үшін солай аталған болар. Оқушылық болжамымның
дұрыстығы, я бұрыстығын сөз соңынан білесіздер.
Қаламгер негізгі нысанаға алып отырған кейіпкерінің ішкі ойын
тырнақшамен беріп отырады. Бұл авторлық ғадет «Аяз би» романында да
кездеседі. Мұны Ж.Шаштайұлының өзіндік стилі һəм ерекшелігі деп түйдім.
Десек те тырнақшаға алынған сөздер тегін ойлар емес. Ол автор сөзі, я
шығарманың идеясы болуы мүмкін. Мəселен, Құдайбергеннің Жайлаумен
бірге аяз қысқан түнде қой қайырып келе жатқандағы ойы: «Боран болса мы-
нау. Біреудің қаршадай баласын қатырып алар ма екем. Əй, иттер, ел аман,
285
жұрт тынышта айдатпай, ақыр заманның тура аузына əкелгенін қарашы» [2, 22
б.] алақұйын заманның бір қырын көрсеткендей болды. Жергілікті билікті «ит-
тер» деп іркілмей сыбаған автор кейіпкерінің қорқау емес екенін байқатады.
Біле білсек, кейіпкердің аузына сөз салып тұрған Ж.Шаштайұлы емес пе?!
Өр мінезді автор шығарманың тұтқасын ұстар кейіпкерлеріне де осы ғадетті
дарытқан.
Қаламгер бұл тақырыпқа неге қалам тартты екен деген сауал оқырманның
ойына алдымен келері хақ. Өзі өмір сүрген заманның тіршілігін сурет-
теу əр автордың позициясына айналғандай. Біздің жазушымыздың колхоз
тұрғындарының өмірін мысалға алуы содан болар. Əсіресе, қойшылардың
тынымсыз тіршілігін көркем əдебиетке əкелуіне ұжымдастырылған қоғамның
əсері болғаны анық. Жəне мұны повесте Шандоз: «Осы күні қойшының заманы
жүріп тұрған жоқ па, қарағым» деп, атап өтетіні бар. Кез келген жазушының бір
шығармасы екіншісіне жалғасып тұрады немесе тақырыптас келеді. Осы бір
құбылысты бүгінгі авторымыздың бойынан да аңдадық. Мəселен, Сансызбай
қарттың мынау сөзі: «Ендігі жылы болсын, мал атаулының тұқымын тұздай
құртпасам ба, қарап тұр! Сонда көрермін!» «Шал мен жылқы» повесінде де
қайталанады. Тынымсыз тіршілікке бойы əбден үйренген қария қой соңына не
үшін түскенін кейде өзі де аңдамайды. Колхоздың жоспарын орындау былай
тұрсын, өзіне өмірлік ермек етіп алғандай. Осы Сансызбай қарт еңбекқор, мо-
мын қазақтың бір мысалындай көрінеді маған.
Шығарма мазмұнындағы əсерлі штрихтар сəтті қолданылған. Шөп-жемге
ұмтылған қойлардың əке мен баланы таптап өтуі, біріншіден, жоқшылықты
білдіріп тұрса, екіншіден, қоғамдағы адамнан гөрі малдың маңызын
жоғарылатып тұрғандай. Əрине, ол уақытта билікке халық емес, олардың мал
басының саны керек болды. Мал атаулының мемлекет үшін қаншалықты керек
екенін аталған повесть бүкпесіз айтып тұрғандай. Мұнда əділетсіздік те жоқ
емес. Қойдың амандығы мен көбеюін қалайтын өкімет сол дəрежеде оларға
көмек көрсете алмады. «Ештеңені білмеймін. Бастысы, мал басы аман болсын»
деген ниеттегі адамдар шығарманың өңін кіргізіп, заман келбетіне бояу қосып
тұр. Шығармадан мысал келтірсек, бастықтың Сансызбай қартқа айтқан:
«Қойдың шөбін жылқыңа беріп тауыстың. Кулаксың. Сотталасың, білдің бе!»
сөзі жазықсыз жапа шегудің айқын көрінісі емей немене?! Бұл жоқшылықтың
сипатын көрсетумен қатар мемлекеттің сол кезеңдегі экономикалық ахуалын
аңдатса керек. Сансызбай қарттың «Сұмдық-ай, малдың да есі ауады екен!
Осылар өзімізді жеп қоймаса де, əуелі!» деген назалы сөздері жəне «алқымы
іскен саулық қатарындағы мəңгірген қойдың жүнін жұлып жеп; қаужаңдап
тұрғандағы» оқырманның əсері сіз ойлағандай бірқалыпты болмауы мүмкін.
Оқып отырып, шошыңқырап қалғанымыз рас.
Сөзіміздің басында повесть тақырыбына оқырмандық жорамал жасағанбыз.
Шығарманың соңына келіп, болжамымыздың шындыққа кішкене болса да
мағыналас келетінін аңғардым. Повесть желісінде «қызыл қар» деген сөз
286
мүлдем аталмайды. Тек, қызыл су туралы əңгіме қозғалған. «Қызыл су қаптапты.
Қопа түсіп кетпесе жарар. Мейлі түссе түссінші, əйтеуір, жер қарайып, күн жы-
лынса, болғаны». Меніңше, бұл айтылған қызыл судың шығарма тақырыбына
қатысы жоқ. «Қызыл қар» – қақаған қыстың түніндегі жүре алмай, жатып
қалған қойларды қораға арқалап тасыған Жайлаудың ең аяғында бойын көтере
алмай қалған сəтімен байланысты болса керек. Мұндағы «қызыл» – қырғын,
қойлардың өлімі, Жайлаудың аяққа тұра алмауы болса, «қар» – аяз, бет қаратпас
суық. Демек, қыстың тіс тигізбес ызғарлы күніндегі оқиғаны автор «Қызыл
қарға» теңеп отыр. Шығарма көктемнің келіп, ауаның жылынған шағындағы
оқиғалармен тəмамдалады. Повестің соңғы абзацын оқып отырып, автордың
жазушылық шеберлігіне еріксіз таңданасыз. Оқушының шығармадан алған бар
əсерін дорбаға буып, түйіп, ақырғы минутында жұбанышты нотамен аяқтай
салуы классиканың бір ұшығын көрсеткендей болды. «Дəл осы жол бойына
келесі жазда тас төселінді. Одан ерсілі-қарсылы ағып өтіп жатқан адамдар бұл
өңірде бір қаһарлы қыс болып өткенін біле бермейді, білгендері, ұмытып кет-
кен де болар».
Повестің өн бойына үңілсеңіз, адами қасиеттердің түр-түрін жəне адами
күйлерді байқайсыз. Жалғыздық сарыны əр кейіпкерге ортақ. Мəселен, Сан-
сызбай қарттың кемпірі алыс ауылда, ол өзінше жалғыз. Ағасы Қақанның
мінезі бір қызық, ол даралықты жақсы көреді. Сондықтан жалғыз. Ал Жайлау
бар ойы Шандоздың үйіндегі Жанарды ойлаумен, одан қалса, қаладағы оқуын
қиялдаумен, өз ойымен өзі жалғыз.
Ж.Шаштайұлының журналистерге берген бір сұхбатында: «Əдебиетті
тағдыр жасайды. Өмірді көрмей тұрып үлкен шығарма тудыру қиын. Əрине,
шығармаға қиялмен келуге болады. Ойдан құрастыруға болады. Бірақ, ұл
табиғатын ашатын туындыға тағдыр алып келеді. Біз осы мəселені мүлде
ұмытып кеттік. Тағдыр арқылы көркемдік қорытынды шығару деген мəселені
адамзат ұмытып кетті» дегені бар. Автор түсінігінің «Қызыл қар» повесінде
орын алғанын байқағандаймын. Қалай дейсіз бе? Меніңше, повестегі жас
Жайлаудың прототипі – Ж.Шаштайұлының өзі. Қазақы əке мінезін, əке мен
ұл қатынасын əдемі суреттеген ой тура Сансызбай қарт пен Жайлаудың образ-
дарына сай келеді екен. Қадірі кету, қасиетсіз көріну, көңіл қалдыру, сенімнен
кету, жеккөрінішті болу бөлек, ал құнның түсуі – басқа нəрсе.
Кейде кісінің құнын бір ауыз сөзі де түсіреді. Бір қалыс мінезі де түсіреді.
Əркіммен бір араластығы да түсіреді. Құныңды білмеуі де түсіреді. Басқаша
айтқанда, кісілігі девальвацияға ұшырайды.
Бұл – ауыр сезім. Өзің үшін де, өзге үшін де. Мұны сезіне алу бар, сезінбеу
бар. Қаламгердің осы күйді басынан өткергендігінен болар, Жайлаудың обра-
зы сəтті жасалған. Бірақ, шығармада Сансызбай қарттың ұлына деген реніші
байқалмайды. Қайта үлкен ұлы Қақанға қарағанда Жайлауды жақын тартатын-
дай. Бастысы бұл емес, 70 жылдардағы қазақ жастарының болмысы танылды.
Жайлаудың сол жылдардағы қоғамның табиғатын ашты десек, əрине, артық
емес.
287
Қалың оқырманның бейкүнə санасында көңілдің жел тимеген кей
жапырақтарын қозғап, бір жымитып, бір мұңайтқан кітап авторлары кейде өз
жазғандарын өздері түсінбей жатады. Шығармашылық адамына жарасатын
қалыпты һəм жұмбақ құбылыс. Мұның шектен тыс таланттың əсері немесе
шикі шабыттың көрінісі екені белгісіз. Бір білеріміз: жазушының байқамай,
яки мақсатты түрде айтпағанының астарына үңіліп, шығарманың шындығын,
я жалғандығын тереңінен тартар сыншының бары ақиқат. Бұл бір төрттік тео-
ремасы секілді: қаламгер мен оның КӨРКЕМ туындысы болмаған жерде сын
мен сыншы да бой көрсетпейді. Жəне «жаны» бар шығарма жазылған тұста
сыншының үнсіз қалуы мүмкін емес һəм оған хақы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |