Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет87/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ə. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. – 272 б.


303
2. Есенжанов Х. Публицистикалық мақалалар. – Алматы: Мереке, 2014. – 
342 б.
3. Есенжанов Х. Көп томдық шығармалар жинағы.– Алматы: Мереке, 
2014. – 20 б.
4. Есенжанов Х. Ақ Жайық. 1-ші кітап: Төңкеріс үстінде. – Алматы, 2013. 
– 10 б.
5. Есенжанов Х. Ақ Жайық.– Алматы:Жазушы.-2-ші кітап: Шыңдалу. – 
1988. – 52 б.
6. Есенжанов Х. Ақ Жайық. 3-ші кітап: Тар кезең. – Алматы, 2013. – 15 б.
7. Қирабаев С. Революция жəне əдебиет. І том. —Алматы: Жазушы, 1977. – 
185 б.
Н. Ғазизов,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 
2- курс студенті
(Қазақстан)
«КҮЛТЕГІН ҚҰЛПЫТАСЫ» ЖЫРЫНДАҒЫ КҮЛТЕГІН ОБРАЗЫ
Күлтегін (kültigin) Соңғы түрік қағандығының» құрушысы Құтлық 
(Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могүлиянның) туған інісі, 
Шешесi- Елбiлгехатун. Ол – бар өмірін соңғы түрік қағандығының елдігіне, 
егемендігіне арнаған жаужүрек батыр, айбынды əскери қолбасы, кемеңгер ер, 
дара тұлға. Ол 685 жылы Орхон өзені бойындағы Өтүкен тауында дүниеге 
келіп, 731 жылы 47 жасында қайтыс болған.
Күлтегін жəйлі деректер «Соңғы түрік қағандығы» тұсында тұрғызылған 
«Күлтегін құлпытасы», «Білге қаған құлпытасы» қатарлы құлпытастар мен 
ежелгі Қытайдың «Көне Таңнама. Түрік шежіресі», «Жаңа Таңнама. Түрік 
шежіресі» жəне «Кітап сарай ғибаратнамасы» секілді жылнамалары мен та-
рихнамаларында, сондай-ақ Күлтегін құлпытасындағы Таң хандығының пат-
шасы Таң шуан-зоңның өз қолымен Күлтегіннің қазасына арнап жазған аза 
сөзі қатарлы тарихи материалдарда сақталған.
«Күлтегін құлпытасы» марқұм Күлтегінге арнап тұрғызылған. Құлпытас 
мəтіні жанрлық сипаты тұрғысынан эпикалық тарихи-батырлық жыр үлгі-
сіндегі көркем шығармаға жатады. Мəтінінің алдыңғы бөлімінде аңыздық, 
мифтік сарында Ежелгі түркі қағандығы тарихына, ата-бабалар шежіресіне 
жəне олардың өшпес еңбектеріне жалпы шолу жасалады. Мəтінінің екінші 
бөлімінде, сол дəуірдегі тарихи шындықтың негізгі сілемдері сақтала отырып, 
азалы жоқтау үлгісімен, эпостық-батырлық жыр сарынында, Күлтегіннің өмірі, 
жанкешті жорықтары, арманы мен мұраты, елі үшін сіңірген өшпес еңбегі 
жырланады. Мəтінінің соңғы бөлімінде, дəстүрді салт күйіндегі Күлтегінге 
арналған таза азалы жоқтау баяндалады. Қысқасы, мəтіннің өн бойында алуан 


304
түрлі жанрлық сипат аса шебер суреткерлікпен тоғысып жатады. Ал Қытай 
тарихнамаларындағы деректерде Соңғы түрік қағандығының егеменді ел 
болуы, ішкі қайшылықтары, сыртқа қаратқан саясаты, Таң патшалығымен 
болған қатынасы баяндалумен бірге, Күлтегіннің ақыл-парасаты, ерлігі мен 
көрегендігі, кесек тұлғасы, қайталанбас образы да сомдалады. 
Күлтегін Соңғы түрік қағандығы енді ғана құрылып, бүлінген ел бүтінделе 
бастаған, бірақ қағандықтың төрт құбыласы түгел жау, аумалы-төкпелі заманда, 
аттың жалы, түйенің қомында дүниеге келеді. Ол кезде Түріктер «Шүғай тауы 
мен Қара құмды мекендейтін еді, жауы жыртқыш құстай көп еді» («Тониқұқ 
құлпытасы»), «ОңындаТабғаш халқы жау еді, солында Баз қаған, Тоғыз Оғыз 
жау еді, Қырғыз, Құрықан, Отыз Татар, Қытан, Татабы бəрі де жау еді, Құтлық 
47 рет жорыққа аттанып, 20 рет айқасады. Тəңірі жарылқағаны үшін елі бар-
ды елсіретеді, қағаны барды қағансыратады, жауын бойсұндырады, тізеліні 
шөктіреді, бастыны жүгіндіреді» [1] Демек, Күлтегіннің алғаш естігені айқай 
мен ұран, алғаш қармағаны көк сүңгі, алғаш көргені азып-тозған елі мен 
əкесінің тынымсыз жорықтары болады. Оның сəби жүрегіне əкенің «елді ел 
ету, халықты қағанатты халық ету арманы, еліне деген сүйіспеншілігі» терең 
ұялап, қанына ана сүтімен бірге сіңеді. Алайда, ол жетімдіктің дəмін тым ерте 
тартады. 691 жылы əкесі Құтлық (Елтеріс) қаған қайтыс болып, балалары жас 
болғандықтан, Ежелгі түркі дəстүрі бойынша, орнына інісі Қапаған (Бөгішор) 
таққа отырады. 
«Күлтегін құлпытасында» Күлтегіннің сəбилік-балалық шағы, жалынды 
жастық дəурені, кемеліне келген азаматтық кезеңі бəрі-бəрі де, ағасы Білге 
қағанның аузынан, азалы жоқтау үлгісіндебаяндалады. Десе де, Күлтегіннің 
бар өмірі, ерлік жорықтары егжей-тегжейлі түгел баяндалмайды, тек оның 
өміріндегі елеулі бұрылыс кезеңдерді, ерлігін əйгілейтін шешуші жорықтары 
жəне жорықтағы ең сенімді серігі аттар ғана талдап алынады да, «ел 
қорғаны – ер, ерқанаты – ат» формасында шендестіре баяндалады. Сөйтіп, 
Күлтегінніңқаршадайынан ер, жалынды жастық шағында батыр, кемеліне 
келген азаматтық дəуірінде баһадүр атанған, алып тұлғасы аса шеберлікпен 
сомдалады. 
Білге қаған: «Əкем қаған дүниеден өткенде інім Күлтегін жеті жаста қалды» 
( «Күлтегін құлпытасы»), ал: «мен өзім сегіз жаста қалған едім» («Білге қаған 
құлпытасы) – дейді. Сөйтіп, Күлтегін мен Білге бұғанасы қатпай тұрып əкеден 
жетім қалады, алайда олар ата-анаға опадыр, бауыр-туысқа мейірімді, өз ара 
аса тату-тəтті өтеді, олар арасындағы күшті бауырмалдық, берік туыстық 
махаббат, олардың өмірінің соңына дейін жалғасады. Бұл опадарлыққа, 
бауырмалдыққа ерекше сүйінген Таң хандығының патшасы Таң шуан-зоң 
өзінің Күлтегін қазасына арнап жазған аза сөзінде: «Оның əкеге опадарлығы, 
ағаға сүйіспеншілігі атақ-абыройын асырып, батырлығы жат жұрттарды жа-
нынан түңілтті», – деп тебіренеді [2, 17 б.]. 
Күлтегін мен Білгенің сəбилік-балалық шағы аумалы-төкпелі заман-
да, үрейлі үркіншілікте, сұрапыл жорықта, əсіресе екі туып бір қалған туы-


305
сын құрбандыққа шалатын тақ күресінің қауіп-қатері ішінде өтеді. Бірақ, 
бұғанасы қатпаған заңды мұрагерлер тез ширап, тез ержетеді. Ұмай текті 
анасының бағына, Күлтегін қаршадайынан ер атанады. Ал Білге 14 жасын-
да Тардұш халқы үстіне шад болады. «Күлтегін құлпытасында»: «Ұмай текті 
шешем қатынның бағына інім Күлтегін ер атанды», – делінсе, «Білге қаған 
құлпытасында»: «Тəңірі жарылқағаны үшін он төрт жасымда Тардұш халқы 
үстіне шад болдым», – деп жазылған. Сөйтіп, 7 жаста əкеден жетім қалып, 
қатал заманның, жетімдіктің бар азабы мен қасіретін ерте бастан кешкен 
Күлтегін, эпос қаһармандары сияқты ерекше есейеді, батырлық, баһадүрлік 
қасиеттері ерте танылады, қаршадайынан ер атанады.
Жойқын жорықтар, арпалысты оқиғалар ортасында ержеткен Күлтегін, 
жалынды жастық шағында барған сайын тастүйін боп түйіліп, қас батыр 
ретінде танылады. «Күлтегін құлпытасында» көкесі Қапаған тақта отырған 
тұста, яғни оның 16, 21, 26, 30, 31 жасқа келген шағында жасаған, үлкенді-
кішілі 12 жорығы, Тадықынчордың боз аты, Ышбара Ямтартдың боз аты, 
Иегін Сілік бектің кежімді торы аты, Байырқының ақ айғыры, Башғудың боз 
аты, Шалчының ақ аты, Азбан ақ, Аз қаракер, Өгсіз ақ қатарлы 9 сайгүлігі 
баяндалады. Бұл сайгүліктердің үшеуі кескілескен қан майданда мерт болады, 
енді біреуі аяғынан мертігеді. Бұл жорықтар ішінде Күлтегін өміріне, сондай-
ақ күллі Түркі қағандығының болашағына ықпалы ең зор болған шешуші 
шайқастар мыналар:
Күлтегіннің 16 жастағы, 21 жастағы, 26 жастағы жорықтары. Бұлайша 
дамылсыз жорыққа аттанудың себебі «Тониқұқ құлпытасында» былай ба-
яндалады: «Барлаушылар Табғаш, Он оқ түркеш жəне Қырғыз қағандары 
тіл біріктіріп, Алтай тауында бас қосып, Түріктерге шабуыл жасамақ болып 
уəделесіпті», – деген хабар əкеледі. Бұл хабарды естіп Тониқұқтың «түнде 
ұйқысы келмейді, күндіз отырғысы келмейді». Ойланады, толғанады, ойын 
«олардың бас-аяғы қосылып, күш біріктіріп, тас түйін боп даярланғанша, же-
ке-жеке талқандау керек», – деп қорытады. Сөйтіп, ең алдымен солтүстікте, 
басқаларынан оқшау жатқан Қырғызға жасақ аттандырады.Олар сүңгі бойы 
қарды бұзып, Көгмен тауынан аса жорытып, Қырғыз халқын ұйқыда басады. 
Қағанымен Сұңа тауында соғысады. Күлтегін Байырқының ақ айғырын мініп 
жауға ұмтылады. Бір ерін оққа ұшырады, екі ерін найзамен қуалай шанши-
ды. Сол айқаста Байырқының ақ айғыры аяғынан мертігеді. Қырғыз қағанын 
өлтіріп, елін алады. 
Екінші рет Түркілер Түргешке қарсы Алтын тауды аса, Ертіс өзенін кеш-
ке жорыққа аттанады. Түргеш халқын ұйқыда басады. Ертесінде Түргеш 
қағанның жасақтары Болчуда отай борап келеді. Олар соғысады. Күлтегін 
Башғу бозын мініп тиеді. Жаудың екеуін өзі құртады. Содан соң соғысқа жəне 
кіріп, Түргеш қағанның бұйрығын, Аздардың тұтығын тұтқындайды. Қағанын 
сонда өлтіріп, елін алады. 
Үшінші рет Түркілер Соғдыларды халық етейік деп, Сырдрияны кеше, 
Темір қақпаға дейін соғыс салады, Күлтегін атойлап алда жүреді. 


306
Төртінші жорық жаза жорығы болып, Түргештің қара халқы Түркілерден 
бет бұрып, оларға жау болады. Түргештер Кеңереске қарай кетеді. Түркі 
жасақтарының аты арып, азығы таусылғандықтан, Күлтегінді аз қолмен оларға 
аттандырады. Күлтегін ұлы соғыс салады, ол батыр Шалчының ақ атын мініп 
жауға тиеді. Түргештің қара халқын сонда алады. 
Осылайша, Күлтегін бірде терістікке аттанып, найза бойы қарды сөге, 
Көгмен тауынан аса, ит жеккендегі Қырғыздарды бағындырса, бірде Алтай-
дан аса, Ертісті кеше Болчудағы Түргештерді бағындырады. Ал, енді бірде со-
нау күн батысындағы Сырдарияны кеше, Темір қақпаға дейін соғыс салады, 
Соғдыларды өздеріне қаратады. Жасақ кері қайтқан, ат арып, азық таусылған 
қиын жағдайда, аз қолмен бүлінген Түргештерді бағындырады. Қысқасы, 
Күлтегін елді қорғап, қағандықты аман сақтау үшін, күллі көшпенділерді 
бөрілі байрақ астына бiрiктiру үшін, ірігенді ұйыту үшін, қайысқан қалың 
қолды бастап, қар жамылып, мұз төсенеді, асусыз асқардан асады, өткелсіз 
дарияны кешеді, құба құмнан көктей өтеді. Демек, сұрапыл соғыс, азапты 
жорықтың ауыр сынынан өткен ол, барған сайын іріленіп, қаһарына іліккенді 
алмай қоймайтын баһадүр батырға айналады. 
Қапаған қартайған шағында ел қамын емес, қара басының қамын көп ой-
лайды да, қағандыққа бағынышты ұлыстар бірте-бірте іргелерін аулаққа сала 
бастайды. Тақ таласы күшейіп, қағандық қақырайды, елі шайқалып, халқы, 
билеушілері екі жікке бөлініп кетеді. Əсіресе, Түріктің өз халқы «Тоғыз оғыз 
бүлігі» Күлтегінді қатты шамырқантады. Елдің елдігін сақтап, ірігенді бір 
орталыққа ұйыту үшін, Күлтегін тағы да ереуіл атқа ер салады. 
Ол заманда Күлтегіннің қылышына төтеп берген адам баласы болмайды. 
Сол себепті «Көне Таңнама. Түрік шежіресінде»: «Күлтегін ержүрек, соғыс 
өнеріне шебер, теңдессіз жан», – деп, аса жоғары баға береді. Күлтегін 30 жасқа 
келгенде, Қарлұқтардың бүлігін, 31 жасқа келгенде, Аздардың, Ізгілдердің 
бүлігін тыныштандырады. Содан соң «Тоғыз оғыз бүлігін» тыныштандыруға 
аттанады. Түріктер Тоғыз оғызбен бір жылда бес рет соғысады. Ең ілкі Тоғы 
қаласында соғысады. Күлтегін Азбан ағын мініп шабуылға шығады. Алты 
ерін шаншады. Жасақтар жауға тигенде жетінші ерін қылыштайды. Екінші рет 
ҚұшлағақтаЕдізбен соғысады. Күлтегін Аз қаракерін мініп шабуылға шығып, 
бір ерін шаншады. Тоғыз ерін айналдыра шаншиды. Едіз халқы сонда өледі. 
Үшінші рет БолчұдаОғызбен соғысады. Күлтегін Азбан ағын мініп тиеді, 
елін алады. Төртінші рет Чұш басында соғысады. Түрік халқының аяғынан 
əл кетіп, жағдайы нашарлайды. Оза келген жасағын Күлтегін қайыра қуады, 
Тоңыра ұлысынан шыққан батырлардан он ерді Тоңа тегінді жерлеген жерде 
иіріп қойып өлтіреді. Бесінші рет, ЕзгентіҚадаздаОғызбен соғысады. Күлтегін 
Аз қаракерін мініп тиеді. Екі ерін шаншады, қалаға бармайды. Ол жасақтарды 
сонда жояады. 
Сол жылы қыста Түріктер Мағы қорғанды қыстап, жазында Оғызға жасақ 
аттандырады. Күлтегінді орданы қорғауға «орда басы» етіп қалдырады. Оғыз 


307
жауы орданы басады. Күлтегін Өгсіз ағын мініп, тоғыз ерін шаншады. Орданы 
бермейді. Бұл шайқастағы оның жанкешті ерлігі, өз жұрты əйел затына болған 
опадарлығы ағасы Білгені ерекше сүйіндіреді, ол: «Былай болмағанда шешем 
қатын, жəне оған ілескен аналарым, жеңгелерім, келіндерім, бикештерім сен-
дерден бұлайша тірі қалғандарың күң болар едіңдер, өлгендерің жұртта, жол-
да жатар едіңдер! Күлтегін жоқ болса, бəрің өлетін едіңдер!», – деп шешендік 
арнау атайды [3, 21 б.]. 
Күлтегін өз замананың баһадүр батыры болумен бірге, Түркi елінің ай-
бынды қолбасшысы да болады, бірақ «Күлтегін құлпытасында» оның қол 
бастаған айбыны, айлалы даналығы баяндалмайды. Десе де бұл олқылықты 
Қытай тарихнамаларындағы деректер толықтай түседі. «Көне Таңнама·Түрік 
шежіресінде» Қапаған қаған өзінің қаперсіздігінен Байырқылардың қолына 
түсіп, қапыда қаза тапқаны баяндала келіп, «Білге қаған өзі билікті алуда 
Күлтегіннің еңбегі зор болған соң, тақты соған бермек болды, Күлтегін одан 
бас тартты. Сонымен оны сол Білге хан етіп тағайындап, əскери билікті соған 
тапсырды» – делінеді. 
Демек, Қапағанның қартайған шағында басталған мұрагерлер арасындағы 
тақ үшін талас, ол қапыда қайтыс болған соң, жік-жік болып қырқысқан əшкере 
бүлікке айланады да, қағандық құрамындағы тайпалар ыдырап, бет-бетіне кете 
бастайды. Соңғы түрік қағандығына құрып кету қаупі төнеді. Міне осындай 
шешуші кезеңде Күлтегін қатал да қажетті тəуекелге бел байлайды. Ол «ескі 
ұлыстарының басын құрап, Бөгі шордың (Қапағанның) ұлы кіші қаған мен 
інілерін жəне жасақтарын қырып салып өз ағасы сол білге хан Могүлиянды 
Білге қаған деген наммен таққа отырғызады. ...Бөгішор заманындағы орда 
ұлығы Тониқұқты бас ақылшыға шақырады» [4]. 
Күлтегіннің бұлайша ордаға қатал да қанды қимыл қолдануы, тақ үшін, 
жеке басының атақ-даңқы, абыройы үшін емес еді, қайта елдің елдігі үшін бо-
латын. Сөйтіп, ол Түрік қағандығы тарихында бұрын-соңды болып көрмеген 
саяси өзгеріс арқылы қағандықты, елді жоғалып кету қаупінен құтқарып 
қалады. Өзінің біліктілігін, көрегендігін, елі үшін əрқандай тəуекелге бара ала-
тын қаталдығын тағы бір рет паш етеді. Осыдан бастап сол білге хан атанып, 
күллі Түркінің əскери билігін өз қолына алады. 
«Күлтегін құлпытасында» Білге таққа отырып, қаған болғаннан кейінгі 
Күлтегіннің жорықтары жалпы шолу сипатында баяндалады. «Күлтегін 
құлпытасында» Білге қаған: «Ең болмаса бай халықтың үстіне отырмадым. 
Іші ассыз, сырты тонсыз, бейшара, мүсəпір халықтың үстіне отырдым. Інім 
Күлтегін екеуміз ақылдастық. Əкеміз, көкеміз құрған халықтың атақ-даңқы 
өшпесін деп, Түрік халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім 
Күлтегінмен бірге, екі шадпен бірге өле-жіте құлшындым. ...Халықты тойын-
дырайын деп, терістікте – Оғыз халқына, шығыста – Қытан, Татабы халқына, 
түстікте – Табғашқа қарсы ауыр қолды он екі рет жорыттым… айқастым. 
...Бəрі маған бағынды. ...Осылайша құлшынып ел құрып, заң орнатқан соң, 
інім Күлтегін ажалынан қайтыс болды», – дейді [1].


308
Расында, қағаны Білге, ақылшысы Тониқұқ, баһадүры Күлтегін – осы үш 
алып билікте тұрған тұста, күллі Түркі тарихындағы елі ең құдіретті, халқы 
ең баянды, мəдениеті ең гүлденген заман орнайды. Десе де, «уақыт - тəңір 
ісі, адам баласының бəрі де өлмекке жаралған», – деп, Білге қаған ашына аһ 
ұрғандай, Көк түріктің көк семсері, айбарлы алтын діңгегі Күлтегін өмірден 
өтеді. Оның қазасына ұлы дала күңіреніп, халқының қабырғасы қайысады. 
Күлтегіннің қазасы заманының ең зор жоғалтуы болады. Төрткіл дүниеден 
түгел жоқтаушы, жылап-сықтаушы келеді, досы да, қасы да қайғырады, оның 
рухына бас иіп аза тұтады. Ағасы Білге көзінің жасы көл бола отырып, мəңгі 
есте қалу үшін, құлпытасқа Күлтегіннің ерлікке толы өмірін, өзінің аза-
лы жоқтауын, Таң хандығы патшасы Таң шуан-зоңның Күлтегінге арнаған 
азасөзін қашап жаздырады. 
Қорытып айтқанда, Күлтегіннің бар өмірі аттың жалында, айқастың орта-
сында өтеді. Ол атаққа да, таққа да құмартпайды, жеке басының қамын да ой-
ламайды, елінің елдігі үшін қар жамылып, мұз төсенеді. Ерекше ерлігімен, 
баһадүр батырлығымен, қол бастаған даналығымен күллі Түркілер тарихы-
на өшпес із қалдырады. Ол ата-анаға мейірімді, ағайынға бауырмал, жауы-
на қатал, халқына қамқор болады. «Күлтегін құлпытасында» Күлтегіннің ер 
тұлғасы, ішкі толғанысы, сөйлеген сөзі, киген киімі суреттелмейді. Қайта 
құлпытас мəтінінде баяндалатын тарихи оқиғалар желісінің дамуына ілесіп 
Күлтегін тұлғасының мəндік, даралық бірте-бірте ашылады, ағасы Білгенің 
азалы жоқтауы, əділ бағасы арқылы оның алып образы сомдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет