етпейтін, жалпы тағайындамалы болып табылады және әртүрлі
тетіктерді өңдеу үшін қолданылады.
Мамандандырылған құралдар
пішіндері және өлшемдері бойынша әртүрлі тетіктерді өңдеу үшін
қайта баптауды қажет ететін, әмбебап құралдарға жатады. Арнайы
құралдар берілген тетікті өңдеу бойынша белгілі бір операция үшін
арналған.
Құралдардың элеметтері болып
белгілі бір ролді орындайтын
тетіктер немесе күрделі емес тораптар табылады. Құралдардың негізгі
элементтері: қыспақтардың жетегіне арналған орнату, қыспақты,
күштік
құрылғылар, кескіш аспаптарға арналған бағыттауыштар,
бөлгіш, тұлғалық, қосалқы және бекіткіш.
Дайындаманың
құралда орнатылған жағдайын, оның өңдеу
үрдісінде дірілдеуі мен ығысуын болдырмауды қамтамасыз ететін
қыспақты элементтер маңызды орын алады.
Қыспақты құрылғылар қарапайым және қиыстырылған болады.
Қарапайым қыспақтарға бұрамалы, эксцентрикті, сыналы, иінтіректі
жатады.
Ұстатқыштар деп аталатын, қиыстырылған қыспақты
құрылғылар бірнеше қарапайым қыспақтардан тұрады. Бұрамалы
қыспақтар ең қарапайым және әмбебап болып табылады.
Жетек түрі бойынша қыспақты құрылғылар қолмен іске асатын,
механикаландырылған және автоматтандырылған болып бөлінеді.
Пневмогидравликалық, гидравликалық
және пневматикалық
жетекті механикаландырылған қыспақты құрылғылар кеңінен
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: