Әдістемелік нұсқаулық құрамына зертханалық жұмыстарды



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата24.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#96876
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2 Зертханалық жұмыстар
Осы бөлімде «
Өндіріс технологиясы мен көлік
техникасын жөндеу негіздері» пәні бойынша зертханалық
жұмыстардың мазмұны келтірілген. Зертханалық жұмыстар
технологиялық жабдықтарды оқып білуді және тетіктердің ақауларын
анықтау, оларды қалпына келтіру, құрастыру және теңгеру бойынша
тәжірибелік жұмыстарды орындауды қарастырады.
Зертханалық жұмыс № 1. Білдек құралдарын әрекетке
келтіру принципін оқып білу, дайындаманы қысу күшін анықтау 
Жұмыс мақсаты – білдек құралының құрылысын, оны әрекетке
келтіру принципін оқып білу және осының негізінде күштердің әсер
ету ықшамсызбасын құрау, құралда дайындаманы қысу күштерін
есептеу әдістемесін тәжірибеде меңгеру.
Жалпы мәліметтер
Жобаланған технологиялық үрдісті іске асыру үшін сәйкес
технологиялық жабдықтау, соның ішінде білдек құралдары қажет.
Білдек құралдары деп білдекте орнатылатын және өңделетін
дайындаманы орнату мен бекітуге арналған құрылғыларды атайды.
Барлық құралдарды негізгі үш топқа бөлуге болады: әмбебап,
мамандандырылған және арнайы. Әмбебап құралдар баптауды қажет
5


етпейтін, жалпы тағайындамалы болып табылады және әртүрлі
тетіктерді өңдеу үшін қолданылады. Мамандандырылған құралдар
пішіндері және өлшемдері бойынша әртүрлі тетіктерді өңдеу үшін
қайта баптауды қажет ететін, әмбебап құралдарға жатады. Арнайы
құралдар берілген тетікті өңдеу бойынша белгілі бір операция үшін
арналған. 
Құралдардың элеметтері болып белгілі бір ролді орындайтын
тетіктер немесе күрделі емес тораптар табылады. Құралдардың негізгі
элементтері: қыспақтардың жетегіне арналған орнату, қыспақты,
күштік құрылғылар, кескіш аспаптарға арналған бағыттауыштар,
бөлгіш, тұлғалық, қосалқы және бекіткіш.
Дайындаманың құралда орнатылған жағдайын, оның өңдеу
үрдісінде дірілдеуі мен ығысуын болдырмауды қамтамасыз ететін
қыспақты элементтер маңызды орын алады. 
Қыспақты құрылғылар қарапайым және қиыстырылған болады.
Қарапайым қыспақтарға бұрамалы, эксцентрикті, сыналы, иінтіректі
жатады. Ұстатқыштар деп аталатын, қиыстырылған қыспақты
құрылғылар бірнеше қарапайым қыспақтардан тұрады. Бұрамалы
қыспақтар ең қарапайым және әмбебап болып табылады. 
Жетек түрі бойынша қыспақты құрылғылар қолмен іске асатын,
механикаландырылған және автоматтандырылған болып бөлінеді. 
Пневмогидравликалық, гидравликалық және пневматикалық
жетекті механикаландырылған қыспақты құрылғылар кеңінен
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет