Мұндай сулар азғана мөлдір болып, азғана иісі болады. Оларда 60%-ке дейін
(ластану салмағынан) органикалық заттары болады, сондықтан тез шіриді. 1мл ағынды
суда ондаған және жүздеген миллион бактериялар, сонымен бірге ішек ауруларының
қоздырушылары мен гельминттердің жұмыртқалары кездеседі. Мұндай сулардың оттегіге
қажеттілі өте жоғары, себебі суда еріген оттегі органикалық заттармен және аэробты
микрофлоралармен байланыс түзеді. Мұндай жағдайда анаэробты микрофлора дамып,
органикалық заттардың ыдырауынан жағымсыз иістер және микроорганизмдердің қалдық
өнімдері пайда болады. Ағынды суларды ішкі және сыртқы канализация арқылы ағызады.
Едендер және қабарғаларды, құралдарды және т.б. объектілерді жуудан кейінгі өндіріс
цехтағы ағынды сулар диаметрі 100 мм болатын траптарға түседі (150 м2 ауданға 1
траптан). Сарқынды сулар ашық және жабық науалар арқылы (ені 15-20 см.) траптардан
канализациялық құбырғыларға өтеді. Траптарды, науаларды және ілмелі құбырларды
жұмыс орны мен тағам өнімдерінің құралдарының үстіне орнатуға болмайды. Сыртқы
канализациялық торлардың құрамына келесі жергілікті тазалау құрылғылары кіреді:
құмұстағыштар, майұстағыш, көңұстағыш, майбензоұстағыш, сонымен бірге санитарлық
сою аймағы мен изолятор және карантиннің ағынды суларын тазартатын,
дезинфекциялық құрылғылар жатады. Автомашинаны санитарлық өңдейтін пунктілерде
келесідей тазартқыш құрылғылар болады: көңұстағыштар, кірді ұстағыштар,
бензомайдыұстағыштар, құмұстағыштар және ағынды суды жалпы канализациялық торға
ағызар алдында дезинфекциялаушы құралдары жатады.
Ет өндіру кәсіпорындарының ағынды сулары жергілікті және қалалық тазарту
орындарында механикалық және биологиялық тазартудан өтеді.
Лас суларды тазарту – оның физикалық қасиеті мен химиялық құрамын жақсартуға
негізделген.
Лас суды тазарту бірнеше сатыдан өтеді, осы процесс кезінде су біртіндеп бөгде
қоспалардан арылады: ауыр минералды және үлкен қалқып жүрген заттардан, кіші және
жеңіл органикалық бөлшектерден, еріген органикалық заттардан және патогенді
микрорганизмдерден.
Осы лас судағы бөгде қоспалардан тазалануды механикалық тазалау деп атайды, ал
еріген органикалық заттардан тазалануы биологиялық тазалау деп атайды (бұл процесс
микробтар арқылы өтеді).
Лас суды залалсыздандырудың үш әдісі бар: физикалық, химиялық және
биологиялық.
Лас суды
физикалык әдіспен зарарсыздандыру термиялық өңдеу жолымен,
иондалған сәуленің әсерімен жүргізіледі.
Ең көп тараған залалсыздандыру әдісі – ол химиялық әдіс болып табылады.
Химиялық әдісте негізінен хлорлау жиі қолданылады. Хлордың мөлшері
микроорганизмдердің төзімділігіне, лас судың сипатына, оның тазалану дәрежесіне,
хлормен жанасу уақытына байланысты. Ресми норма бойынша биологиялық тазалаудан
өткен лас суға қажетті хлордың мөлшері 70 мг/л.
Достарыңызбен бөлісу: