«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет21/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 


№1-2 Зертханалық сабақ
 
Тақырыбы: Ет-сүт өңдеу орындарының ауасы мен суын санитариялық-
микробиологиялық зерттеу 
Сабақтың мақсаты: Ет-сүт өңдеу кәсіпорындарының ауасы мен суын 
санитариялық-микробиологиялық зерттеу әдістемелерін меңгеру. 
Қажетті жабдықтар мен материалдар: қоректік орталар (ЕПА, Кесслер),
Петри аяқшалары, термостат, УМ-1, УГ-2, физиологиялық ерітінді, пробиркалар, 
пипеткалар. 
1. Ауаны санитариялық-микробиологиялық зерттеу 
Өндірістік орындардағы ауаның микробтық ластануын анықтау үшін 
микроорганизмдерді сұйық арқылы сүзу әдісі қолданылады. Тиісінше бұл әдісте УМ-1 
микроб сүзгіш құралы қолданылады. Ол химиялық таза шыныдан жасалған, сиымдылығы 
50 мл болатын құрал. Ауаны мөлшерлеп өткізу үшін әмбебап газоанализатор УГ-2 
құралының сорабы қолданылады. Сүзгі сұйықтық ретінде физиологиялық ерітінді 
алынады. 
Сурет 1. УМ-1 микроб сүзгіші жұмыс жағдайында 
(1 – УМ-1; 2 – сильфондысорабы бар УГ-2) 
Зерттеу жүргізу үшін микроб сүзгішке 10 мл физиологиялық ерітінді құйып, осы 
ерітінді арқылы УГ-2 құралының сильфонды сорабының көмегімен ауа сорылып 
өткізіледі. Сильфонды насостың үстіңгі жағына резеңке түтікше жалғанған, түтіктің бос 
екінші ұшы сильфонды сыққаннан кейін микроорганизмдер сүзгішінің жалпақ ұшына 
жалғанады да штоктың стерженін босатып ауа сорылады. 400 мл көлемде ауа сорып 
алғаннан кейін, микроб сүзгіштегі физиологиялық ерітіндіні жақсылап шайқайды. Содан 
кейін 1 мл адсорбентті (физиологиялық ерітінді) стерильді Петри аяқшаларына 
ауыстырып, үстіне алдын-ала ерітілген және 40-45
о
С-қа дейін салқындатылған ЕПА 
құяды. ЕПА қатқаннан кейін 37
0
С температурағатермостатқа қояды, ал 48 сағаттан соң 
өскен колонияларды санап, 1 м

ауадағы жалпы микроорганизмдер санын анықтайды.
Мысалы: Петри аяқшасында 32 колония өсті, сонда 1 м
3
зерттелетін ауадағы 
микроорганизмдердің саны (Х) төмендегідей болады:
Х= 1 000 000 × 32 / 40 = 800 000 
мұндағы: 1 000 000 –1 м
3
-ғы ауаның мл мөлшері; 
32 –Петри аяқшасындағы өскен колониялар саны; 




40 –1 мл адсорбентке (физ. ерітінді) сіңген ауа көлемі, мл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет