Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы



Pdf көрінісі
бет18/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

19. Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы. 
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі 
тайпа
, орта ғасырларда Орта Азия мен 
Шығыс Еуропаны
мекендеген аса ірі ұлыстардың 
бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша 
“Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, 
субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ 
Түркі қағандығы
 ыдырағаннан кейін алғашында 
Қимақ қағандығының
құрамында болып, 11 
ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен 
Шығыс Еуропаға тарала бастады.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік 
малға жеке меншік еді. 
Жылқы
басты байлық саналды. Орта ғасырлардагы авторлардың 
хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жылқы, ал олардың 
кейбіреулері он мың және одан да көп үйірлі жылқыны иеленген.
Қыпшақ тайпаларынын көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан да 
астам шақырым жерге көшіп жүрді. Олардың көшетін аумағы тарихи дәстүрлерге, байлық 
дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі 
жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық, тәжірибе ұрпақтардың бойында 
қалыптасты. Осыған байланысты «отан» (этникалық аумақ) ұғымына «жайылымдық жер», 
«жайлау» және «қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын 
елеулі экономикалық, әлеуметгік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу 
жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен 
жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы 
құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Жеке меншіктегі 
малға рулық-тайпалық белгілер (таңбалар) салынды. Малынан айырылған, демек, көшу 
мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғындар-жатақтар (ятұқтар) 
қатарына өтті. Кедей ятұқтар жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ак, ол қайтадан 
көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ қоғамында ен құқықсыз топ соғыс 
тұтқындары есебінен толықтырылып отыратын құлдар болды. Этникалық аумақ шептерінің 
көптеген ерекшеліктерін басқа халыктармен этникалық-саяси қарым-қатынастар 
анықтады. 
Қыпшақ
хандары 
Орта Азия
 мемлекеттерімен, әсіресе хорезм шахтармен 
ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте, вассалдардың билеушілерге 
адалдыққа ант беріп, алым төлеуінен, оның соғыс жорықтарына өз қолдарымен 
қатысуынан көрінді. 
Салжұқтар
 әскерінің құрамы көбінесе қыпшақ көсемдері бастаған 
тайпалық топтармен толықтырылып отырды.
XI ғасырдың екінші ширегінде хорезмшахтар салжұктардың өктемдігіне қарсы қыпшақ 
және оғыз тайпаларынан тұратын әскер қолдарын қызметке кең келемде тартты. 1065 
жылы салжұктардың билеушісі Алып Арслан хорезмшахтарды бағындырып, қыпшақтарға 
қарсы Маңғыстауға жорық жасады, онда қыпшақтардың жақсы бекінген қамалы 
орналасты. Қыпшақтарды бас идіруге көндірген Алып Арслан оғыздардың шағрақ 
тайпасына шабуыл жасап, олардың 30 мыңдык әскерін талқандады. Осыдан кейін салжұқ 
сұлтаны Жент пен Сауранға жорық жасады. Осы соғыс науқанының нәтижесінде қыпшақ 
тайпаларынын бір бөлігі уақытша Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Осы 
тайталастар барысында қыпшақтар оғыз-салжұқтардың алқабұлақ тайпасын тұтқынға алса 
керек, бірақ соңғылары, Махмұд Қашғаридың айтуынша, олардан құдайдың көмегімен 
құтылып кеткен.
XI ғасырдың соңғы ширегінің аяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс 
жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және түрікмен 
тайпаларынын жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096 жылы «құдіретті» хан 
бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық жасады. Алайда 
хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Манғыстауға қайтуға мәжбүр етті.
XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық 
қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең 
алдымен олардың жерінде - 
Шығыс Дешті Қыпшақта
 қыпшақ хандары күш-қуатының 
артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік 
елбөрілі руы зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. 
XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және 


этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның 
мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік 
орыс далалары 
Дешті Хазар
 ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі 
орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «
половец»
 деген атпен кездеседі. Барлық 
жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін 
нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада 
түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың 
этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі 
этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік 
елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. 
Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға 
дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына 
дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-
қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және 
Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері 
Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет