түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған
шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін
салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші
бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің
қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында
жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары
отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай
отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да
дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын
толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар
аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ
Сырдария
,
Іле
мен,
Шу
,
Талас
өзендерінен балық
аулау айтарлықтай рөл атқарды.
XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің
одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс
Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар
жаулап алды.
Достарыңызбен бөлісу: