Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан: кезеңдеу, тарихнама және дереккөздері



Pdf көрінісі
бет42/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

48. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан: кезеңдеу, тарихнама және дереккөздері. 
Жаңа замандағы Қазақстан.
Ол үш кезеңге және іштей сатыларға бөлінеді.


1. Қазақ хандығының дағдарысты кезеңі: (ұлттық тәуелсіздік үшін күрес кезеңі, ХҮІІІғ. басы 
– 1821 ж.).
1.Қазақ хандығының әлсіреуі: (ХҮІІІ ғ.- I жартысы).
2.Қазақ хандығындағы уақытша тұрақтану кезеңі (1750-1781 ж.) 3.Қазақ мемлекеттілігінің 
құлауы кезеңі (1781-1821 ж.)
II. Қазақстанды Ресейдің жаулау кезеңі: (Қазақтардың этникалық дағдарысы және 
отарлаудың басталуы: (1822-1867ж.).
1. Қазақстанды Ресейдің жаулап алуының басталуы кезеңі (1822-1836 ж.)
2. Кенесары Қасымов бастаған отаршылдыққа қарсы соғыс кезеңі (1836-1847 ж.)
3. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталу кезеңі (1847-1867 ж.)
III. Қазақстан Ресей империясы құрамында. (белсенді отарлау кезеңі. 1868-1891ж.ж.).
2. Отарлау тәртібінің қалыптасу кезеңі (1868-1891 ж.)
2. Отарлық тәртіптің орнығуы кезеңі (1891-1905 ж.)
3. Қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі кезеңі (1905-1917 ж.)
Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы).
XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов еңбектерінің орны ерекше.
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық- саяси 
құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н.Г.Аполлова, С.Е.Толыбеков, 
С.З.Зиманов, В.Я.Басин, Т.Ж.Шойынбаев, А.Н.Нүсіпбеков, Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова, 
А.Сабырханов, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев еңбектерінде көрініс тапты.
В.Я.Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге 
кіргізілуіне байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге кіргізілген жылдардан бастап 
«бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов қазақ 
қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді.
Қазақ тархандарының ата-бабаларына қатысты шежірелік деректер Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлы, С.Е.Толыбеков, Х.Маданов, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов т.б. шежірелік 
еңбектерінде бар.
Орыс және шетелдік тарихнама XYIII – XIX ғ. басы.
XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты деректер қазақ даласының тарихына көңіл 
аударған алғашқы зерттеушілердің назарына түскен. Бұған П.И.Рычков, И.И.Неплюев, 
И.Г.Андреев, Е.К.Мейендорф, А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, И.Ф.Бларамберг 
еңбектері куә.
1771 жылы Жоңғарияға қарай қашқан Еділ қалмақтарын қуған арнайы жасақталған әскери 
қосынының офицері П.И.Рычковтың күнделігінде алғашқы қазақ тархандары арғын 
Жәнібек пен тама Есет туралы, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері 
туралы мәліметтер келтіріледі.
Е.К.Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының 
жазбасы
Кіші жүз өңіріндегі қазақ тархандары Жүсіп Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Жәнібек 
тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы т.б. тархандар қызметі туралы біраз деректер 
қалдыруымен құнды.
Әскери санақшы И.Ф.Бларамберг Тіленшіұлы Жоламан тархан туралы деректер қалдырған.
Қазақ тарихын зерттеген орыс зерттеушілерінің арасында В.В.Вельяминов-Зернов 
тархандық институт мәселелерін арнайы зерттеуімен ерекшеленеді. Ол XVIII ғасырдағы 
башқұрт қоғамындағы тархандық институт тарихына қатысты зерттеу жүргізді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі шенеуніктері мен әскерилеріне арнайы 
тапсырмамен отарланушы аймақ тарихын жаздыра бастады. Ондай еңбектер қатарына 
Л.Мейер, И.И.Крафт, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов зерттеулерін қосуға болады.
Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері.
Тарихтың қызметі - бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін 
болған күйінде айнытпай айту.
А.Байтұрсынұлы: «Тарихшылырдың мақсаты-уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде 
болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей 
уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру» дейді.
А.Байтұрсынұлы дерекөздерді алты тарауға бөледі:
1) шежіре,


2) заман хат,
3) өмірбаян,
4) мінездеме,
5) тарих,
6) тарихи әңгіме.
Шежіре
Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға 
сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады.
Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек болғанын айтады да 
қояды.Сондықтан мұндай деректерге сын көзбен қарау қажетт.
Заман хат.
Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі 
заман хат деп аталады.
Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде 
ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады.
Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді.
Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузыңда әуезе 
болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды.
Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады.
Өмірбаян.
Біреудің туғаннан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян 
дерегін белгілі адам турасындағы сипат тарихи құжаттық мәні бар қағаздардан алатынын 
білетін адамдардың ауызша айтуынан алады. Жазушы өз білетінін жазады. Өмір дерек ылғи 
сипатты мағлұматтардан құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып 
шығады.Олай болса, өмірбаян шындыққа
жақын тарихи дерек болмақ.
Мінездеме.
Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету мінездеме болады.
Мінездеме өмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бөлім есебінде кіреді.
Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды, халықты, ұлтты, 
заманды мінездегенде, тарихтың бөлімі болып кіреді.
Тарих
Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді. Ал, тарихшылар 
міндеті хақында А.Байтұрсынұлы: тарихшылар кұр істегенге қанағаттанбай, рас, өтірігін 
тексеріп, расын ғана алады.
Тарих пәнін А.Байтұрсынұлы былайша жіктейді.
1. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп 
аталады.
2. Адам баласының мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет 
тарихы» деп аталады.
3. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, 
өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы 
сондай тарихтар.
А. Байтұрсынұлы ұлттардың тарихын, жалқы тарихтар - түрік-монғол тарихы, қытай 
тарихы, жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы деп 
бөлген.
Тарихи әңгіме
Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи
әңгіме деп аталады. Тарихи шындық орнамаған жерде, оның ішінде ғылыми салада да, 
тарихи зерттеу принципін де, тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісін де қолдануға жол жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет