атқарады. Сарматтардың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей
ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы
ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат»
этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден
бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі
тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да
күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роқсоландар б.з. 1-ғ. Мидияның
шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мысалы б.з.д. 2 ғ.
соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста
роқсоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар
оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының
одақтастары сирақтарды (сармат тайпасы) жеңеді.
Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара
теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір-ақ
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: