Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Беғазы-Дәндібай мәдениеті



Pdf көрінісі
бет4/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

5. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Беғазы-Дәндібай мәдениеті - 
қола дәуірінің
соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) 
Орталық 
Қазақстанды
қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.
Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе 
Беғазы тауының
 бір тармағында (
Беғазыбұлақ

Беғазы өзені
) сақталғандықтан «Беғазы» деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы 
екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» 
деп атайды.
Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - 
әйгілі академик, 
тарихшы

этнограф
 
Әлкей Марғұлан
 болды. Осы ғалым бастаған арнаулы 
археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты 
зерттеді. Осы зерттеулер негізінде 
Қазақстан тарихы
 ғана үшін емес, көне дәуірлердегі 
жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.
Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» 
Қарағанды облысындағы
аудан орталығы 
Ақтоғай
 кентінен 40 шақырымдай жерде 
орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында 
Ұлытау

шығысында 
Абыралы

Шыңғыс таулары
, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі 
Нұра

Сарысу

Қаракеңгір
 өзендері бойлары мен 
Қызылтау

Бұғылы

Қызыларай

Қарқаралы

Баянауыл
 таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.
6. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар, сарматтар. 
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан 
аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары 
массагеттер

исседондар

аландар

каспийлер

сарматтардан
тұрған
Бұл халық өзін өзі сақасақ деп атаған, (
аккад
ashkuza
қыт.
塞 — Sai, көне қытайша: *sək).
Оларды 
көне гректер
 скифтер (
гр.
skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы 
Геродот
 
өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы 
Страбон
 «Жағырапиясында» 
жазып қалдырған.


Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал 
парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Куинт 
Күрсий Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:

жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),

абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,

қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).
Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; 
абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да 
болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилепс — патша деп 
атаған. Патшаның белгісі - жебелі садақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет