Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің



Pdf көрінісі
бет55/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

67. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің 
талан-таражға салынуы туралы пікірлері. 
1905 жылғы 17 қазандағы Патша манифесі
ІІ Николай патша «азаматтық бостандықтардың мызғымас негіздерін» енгізу Манифесі мен 
Мемлекеттік
думаға сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Манифест бойынша Мемлекеттік Дума 
құрылатын болды және онда «Мемлекеттік Дума мақұлдамайынша
ешбір заң күшіне ене алмайды» делінді.
Оны Ә.Бөкейханов қазақшаға аударып халыққа
түсіндіру жұмыстарына басшылық етті. Манифестің алдамшы екендігін түсіндірді.
І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды 
міндет - жер-аграрлық мәселе болды. 1907 жылдың ақпаны мен маусымы аралығында 
жұмыс жасаған ІІ-ші Думаның жұмысына Б.Қаратай белсене қатысты. Мамыр айында өткен 
осы жиынның жер мәселесі талқыланған пленарлық мәжілісінде ол сөз сөйлеп, патша 
үкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды. «... Мемлекеттік Дума өздері Ресей 
өңіріндегі помещиктер мүдделерін, осынау 130.000 помещиктің мүддесін қорғау үшін 
шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың, әрдайым 
шаруалардың жерге деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді 
күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракцияларға аянышпен қарайтынын 
есте ұстайтын болсын.
Дегенмен, бүгінгі таңда шаруаларға орын босату үшін, әлгі помещиктерді аман алып қалу 
үшін қырғыз-қайсақтардың жерлерін ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен қуып шығып 
жатқанын түсініңіздер.
Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қоса үйінен, қора-
қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтардың мұңына құлақ асады деп 
сенемін...». ІІ думаның 1907 ж. 16 мамырдағы мәжілісінде қоныс аудару саясатының қазақ 
тіршілігін тас-талқан етер әсері туралы Б.Қаратаев былай деді: «Біздің мемлекетке ушыққан 
аграрлық мәселені далалық облыстарға, атап айтқанда Орал, Торғай, Ақмола және Семей 
облыстарының жеріне шаруаларды қоныс аударту арқылы шешкісі келеді. Үкіметтің осынау 
сұғанақтығының салдарынан қазақтарға қырылып қалу қаупі төніп отыр». Сол жерде 
шаруалардың жерге деген зәрулігін қанағаттандыру үшін жекеменшік жерлерді тәркілеу 
жөнінде кез келген ресейлік оппозициялық партияның әрекетін қазақтар қолдайды деп 
мәлімдеме жасады.
Егіншілік және жерге орналастыру Бас басқармасының бастығымен әңгімелескенде 
Б.Қаратаев шаруаларды көшіруді, тым құрығанда уақытша тоқтатуды өтінді. Алайда, қазақ 
депутаттарының барлық ұсыныс-тілектері жауапсыз қалды. Мемлекеттік Думадағы қазақ 
депутатарының жер мәселесіне қатысты көзқарас, сөздері Қарқаралы петициясындағы 
талаптар негізінде болды. Онда жер мәселесіне байланысты мынандай талаптар қойылды:
«1)Қазақ жерінде бұл күнге дейін қала салып алып, бейбіт өмір сүріп отырған орыстар 
отыра берсін және олар алған жерге талабымыз жоқ. Бірақ қалған жеріміз қырғыз-қазақ 
халқының өз пайдасына мәңгі ұрпақ мұрасы ретінде ешкімнің ортағынсыз берілсін, сондай-
ақ, бұл жерді қырғыз-қазақ халқы императрица Анна Иоановнаның грамотасына сәйкес 
ықтиярлы, тығыздық көрмей пайдалансын;
2) Мұнан былай орыс шаруаларына қазақ жерінен жер берілмесін және қазақ жерінен 
қоныс аудару учаскелері ашылмасын ;
3) Далалық Ереженің 119-136, яғни барлық он жеті баптары негізсіз деп танылып, 
жойылсын;
4) Қырғыз-қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзіңдікі деген құжат берілсін».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет