Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт
мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет,
473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына
жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс
істету күшейді.
Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының
тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде
шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы
ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.
Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі
болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен
руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен
деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты.
1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.
Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар
селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер
мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы
қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.
1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың
шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің
генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық
революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі
Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам
болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2
мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына
шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс
Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау
торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында
болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай
көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке
өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз
еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды.
Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді
бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе
тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді.
Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті
казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде
винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың
12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары
қаруландырылды.
Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары
құрылды.
Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты
қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр
өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін
қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.
Достарыңызбен бөлісу: