Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі: орыс шаруаларын Қазақстанға



Pdf көрінісі
бет54/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

66.ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі: орыс шаруаларын Қазақстанға 
қоныстандыру 
Ресей шаруаларын қазақ даласына кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік 
тұрғыда қолға алынды. Оның бірнеше себептері болды:
•1861 жылы Ресейде шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай 
жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың 
толқуын туғызды.
Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен 
Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.
•Ресей империясықоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің 
сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті.
•Патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен 
айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар 
көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар 
еді.
•Патша үкіметі жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру саясатын 
ұстанды.
Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. 
Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының 
өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ. Оның үстіне Ресейдің жерсіз 
шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен 
хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын 
жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.
ҚазақстанныңXIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы этнодемографиялық 
құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы зор ықпал етті.
Патша өкіметінің көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары өте ауыр болды.
Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының туралы бір жақты пікір жоқ.
Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1861-1885 жылдар;
1886-1905 жылдар;
1906-1917 жылдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет