61
орналасады. Клиникалық жағдайда иммуноглобулин конценрациясын анықтау үшін П.
Грабар (1963) жасаған иммуноэлектрофорез тәсілін пайдаланады.
Иммунофлюоресценция
тәсілінде
антела
молекуласына
кез
келген
флюоресциялайтын бояғыш, мәселен, натрий изотиоцианаты қосылады. Таңбаланған
антителаға қосылған антигендік материал ультракүлгін жарықта көрінеді. Бұл сандық
тәсіл емес, алайда иммуноморфологияда антигендік құрлымының немесе антигендердің
даму орнын анықтауда айрықша маңызы бар.
Радиоактивтік
антигендермен
бақталастық
(конкуренция)
–
радиоиммунобиологиялық тәсіл – қазіргі ең жетілдірілген тәсілдердің бірі. «Таңбаланған»
антителаларды немесе антигендерді пайдаланған жағдайда антиген-антитело реакциясы
радиоизотоптық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Иммуноферменттік тәсіл соңғы жылдарда пайда болды. Сезімталдығы жөнінен
алдыңғысынан кем түспейді, алайда коммерсиялық реагенттер болған жағдайда біршама
қарапайым. Антителаны таңбалау үшін хреннің (желкектің) пероксидаза ферментін
пайдаланады. Егер зерттеліп отырған сұйықта іздестірілген антиген болса, онда энзим
пробирка кенересінде тұтылып, Н ²О²ыдыратылады, ал бөлінген оттегі хромогенді сары
түске бояйды.
Уанье тәсілінде преципитациялық өзгерісті байқау үшін фотоэлектронефелометр
пайдаланады, әрі соның көмегімен антиген қосылғаннан кейінқан сарысуының оптикалық
тығыздығының өзгерісі тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: