Топтық өзгешілігі – белгілі бір организм түрінде болатын өзгешілікке негізделген.
Түр ішіндегі антигендік айырмашылықты тұңғыш рет К. Ландштейнер (1901) сипаттап
жазып, адамның қан топтарын – О, А, В, АВ – ашты.
Антигендер арқылы әр түрлі жеке организмдердің немесе жануарлар тобының жеке
түрінің бір-бірінен өзгешеленуін изоантигендер деп атайды. Изоантигендердің болуы
организмдердің түр ішінде ерекшеленетіндігін көрсетеді.
Типтік өзгешілік – алдыңғыға ұқсас ұғым, бірақ бұл көбінесе микроб түрлеріне
қатысты.
Гетероөзгешілік немесе гетероантигендер - әр түрлі антиген комплексі өкілдеріне
ортақ немесе комплекстегі басқа белгілермен өзгешеленетін ортақ антигендік
детерминанттар. Гетероантигендердің мысалына қой, жылқы, ит, мысық, тышқан, тауық
эритроциттерінде болатын, бірақ адамда, маймылда, қоянда, егеуқұйрықта үйректе
болмайтын Форсман антигенін атауға болады.
Жалпы антигендер тек жекелеген түрлерде ғана кездеседі. Гетероантигендердің
биологиялық мәні жөнінде әр түрлі пікір бар.
Функционалдық өзгешілік – нақты органикалық молекулалардың функциясына
байланысты антигендік өзгешілік. Организмде әр түрлі функция атқаратын белоктар
(альбуминдер, глобулиндер), иммунологиялық тұрғыдан алуан түрлі. Дегенмен, әр түрлі
жануарларда түрліше фунуция атқаратын белоктар, антигендік тұрғыдан бір-біріне өте
ұқсас. Алайда түр аралық өзгешілігі болады.
Сатылық өзгешілік – эмбриогенез иммунологиясының дамуына байланысты пайда
болған ұғым (О. Е. Вязов, 1962). Жануардың эмбрионалдық даму сатысында, олардың
тканьдерінде антигендер пайда болады екен, әрі мұндай антигендер сол түрдің ересек
қалыпты организмнің тканьдерінде бұрын болмаған (альфа-фетопротеин).
Гаптенөзгешілік – белгілі бір гаптен топтарындағы антигендік өзгешілік. Бұған мысал
ретінде К. Ландштейнердің комплексті антигенін атауға болады. Бірқатар дәрі-
дәрмектермен орналасқан белоктар жаңа антигендік ерекшелікке ие болып, мұндайда
дәрі-дәрмектер гаптендер ролін атқарады. әр түрлі дәрілік аллергиялардың, соның ішінде
59
антибиотиктерге (бұлар антигенді болмаса да) аллергиялық реакцияның болуын осымен
түсіндіруге болады.
Патологиялық өзгешілік – патологиялық өзгеріске ұшыраған тканьдерде антигендерді
іздестіруге байланысты туындаған ұғым. Бұған «күйік», «сәуле», «рак», т. б. аурулардан
табылған антигендер жатады.
Инфекциямен
жазылғаннан
немесе
вакцина
егілгеннен
кейін
организмде
фагоцитоздан басқа, қанда және басқа сұйықта тиісті микробтарды зиянсыздандыратын
немесе олардың уларын бейтараптайтын ерекше заттар – иммунотела немесе антитела
пайда болады.
Антитела – иммуноглобулиндердің бір класына жататын белоктар, олардың
синтезделуі антигендер парентеральды (ас қазан жолынан тыс) түскенде күшейе түседі,
осы антигендермен антителаның өзара әрекеттесу қабілеті бар. Осындай қасиеттерінің
арқасында антитела иммунитеттің пайда болуына себепші болған бөгде субстанцияларға
бағытталады.
Сүтқоректілер қан сарысуының электрофорезінде антитела электр өрісінде гамма-
глобулин құрамында орын ауыстырады; сондықтан олар осы қан сарысуы белоктары
класына жатады. Иммундалғаннан кейін қан сарысуында гамма-глобулин мөлшері
артады.
Белоктардың
осы
функциясында
организмнің
лимфоидтық
жүйесінде
секреттелетін және барлық өзгешеліктері болатын барлық антитела кездеседі. Болуы
тиісті антитела сангы белгісіз: кейбіреулер оны 1000 деп есептейді. Халықаралық жіктеуге
сәйкес «антительдік» активтілікті тасушы және бұрын гамма-глобулин деп аталған қан
сарысуы белоктарының жиынтығын иммуноглобулиндер деп атайды. Оның символы
(белгісі) – Jg .
Жүргізілген зерттеулерде, молекулалық массасы 150000-нан 900000-ға жететін
иммуноглобулиндер дің бес класы болады: Jg M, Jg G, Jg A, Jg E, Jg Д. Бұл кластар
физико-химиялық және функционалдық ерекшеліктерімен қоса, молекула (м, γ, a, e, d)
құрамына енетін ауыр полипептидтік тізбектердегі антигендік қасиетімен де
өзгешеленеді. Құрамында антитела бар малдың иммундалған қан сарысуын иммунды
сарысу немесе антисыворотқа деп атайды.
Қан сарысуындағы иммунды глобулиндердің жиынтығын саны 2,5 %-тей (құрғақ
қалдығы), яғни барлық белоктың 1/3 бөлігіндей. Сарысудағы иммуноглобулиндердің
негізгі бөлігі Jg G -70-80 %; Jg A -10 -15 %; Jg M – 5 -10 %; Е және Д класындағы
иммуноглобулиндер өте аз – шамамен 0,2 %). Бұл деңгейдің онтогенезде қалыптасуы
біркелкі емес.
Аналық антителаның қағанақ арқылы енуі тек Jg G- ке ғана тән болғандықтан, жаңа
туған төлдің қанында иммуноглобулиндердің тек осы типі ғана болады. Төлдің өз өнімі
туғаннан кейін басталады, ал адамдарда жоғарыда көрсетілген концентрация 14-16 жаста
қалыптасады. Алайда мұның өзі жаңа туған төлдің лимфоидтық жүйесінің клеткалары
иммуноглобулиндерді синтездеуге қабілетсіз деген ұғым тумайды. Мұндай қабілеттілік
эьбриондық дамудың 13 апталығында пайда болып, 20 апталығында іштегі ұрықта Jg M-
нің шмамлы мөлшері білінеді. Алайда бұл синтездің әлсіз болатындығы соншалық, іштегі
ұрықтың өз иммуноглобулинін туғанға дейін аңғару мүлде мүмкін емес.
Әдетте, мал иммундалғаннан кейін Jg M , сонан соң Jg G класындағы антитела пайда
болады, Jg A класында иммуноглобулиндер, сондай антителалық ерекшелігімен, сірә,
кейінірек пайда болатын болу керек. Клеткада иммуноглобулиндердің бір класының
екіншісіне синтезделуінің механизмі мен себептері толық зерттелген жоқ. Сірә, бұл факт
онтогонезде филогенездің қайталауының жалпы заңдылығының көрінісі болуы мүмкін;
эволюциялық тұрғыдан бірінші иммуноглобулиндер – Jg M болған (4-сурет).
Кейбір патологиялық өзгерістерде қандағы иммуноглобулиндер деңгейінің едәуір
ауытқитындығы байқалады. Инфекциялық аурулар кезінде, бауырдың кейбір ауруларында
және аутоиммунның өзгеруінде, мысалы, тері туберкулезінде (красная волчанка)
60
концентрациясы артады, гипо және агаммаглобулинемияда концентрациясы кемиді,
лимфоидты жүйелерінің өсіп-жетілуі баяулайды және ісінеді.
Перинатальды инфекцияларда, қан жүйесін бұзатын инфекциялық ауруларда, жіті
гепатитте және бірінші билиарлы циррозда Jg M концентрациясы артады, ал гипо- және
агаммаглобулинемияда, лимфоидты жүйелердің кейбір ісігінде Jg M концентрациясы
кемиді.
Перинатальды инфекцияларда, тыныс жолдары мен ішек жолдарының ауруларында
қан сарысуында Jg A деңгейі артады. Мұндайда олар кілегей қабықтан тыс ішек
саңылауларына, тыныс жолдарына шығып, организмнің «алғашқы қорғаныс шебіне»
айналады.
4-сурет. Иммундық жауап кезінде клеткаларда өзара әрекеттесуі.
Атаксия – телеангиэктазия, гипо- және агаммаглобулинемия және лимфоидты
жүйелердің кейбір ісігі кезінде Jg A концентрациясы кемиді.
Антителаны жүйелі түрде зерттеу жұмысын 1959 жылы Р. Портер (Англия) және Г.
Эдельман (АҚШ) бастады. Осы зерттеулерде алынған нәтиже бойынша антитела
молекуласының алғашқы кеңістік моделін жасау мүмкін болды. Jg G антитела молекуласы
бір-бірімен дисульфитті энзимдермен байланысқан екі ауыр және екі жеңіл полипептидті
тізбектерден тұрады.
Антитела термолабильді, денатурацияға түседі, белокты коогуляциялайтын заттары
тұнады, энзимдермен қорытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |