87
беру (лактациялық) кезеңінде без клеткаларының ұлғаюы, дене жұмысы кезіндегі жүрек
гипертрофиясы.
Жалған гипертрофия – дәнекер немесе май тканьдері көбейген кезде орган көлемінің
ұлғаюы. Мұндайда паренхиматоздық клеткалардың саны өзгермейді немесе тіпті азаяды,
ал органның функционалдық қабілеті кемуі мүмкін (жемсау, сүт безі).
Патологиялық гипертрофия – қолайсыз жағдай әсерінен органға қалыптан тыс күш
түсуден болады.
Гипертрофияның бірнеше түрі болады.
Жұмыстық гипертрофия – спортшылардың қаңқа бұлшық еті мен жүрегінің
гипертрофиясы, малдың сүт беру кезеңіндегі сүт безі гипертрофиясы, буаздық кезіндегі
тегіс бұлшық ет гипертрофиясы.
Компенсаторлық (орнын басу) немесе викарлық
гипертрофия –
жұп органдардың
біреуін – бүйректі, өкпені, бүйрек үстіндегі безін т. б.алып тастағанда қалған органның
көлемінің ұлғаюы байқалады.
Регенерациялық гипертрофия – органның (бауырдың, ұйқы безінің, талақтың) біраз
бөлігін алып тастағаннан кейін қалған бөлігіндегі клеткалардың көбею процесі байқалады.
Корреляциялық гипертрофия – қалқанша безді және сонымен тікелей функционалдық
байланыстағы органдарды алып тастағанда гипофиздің (мидың қосымша бөлігінің)
ұлғаюын осылайша атайды.
Р е г е н е р а ц и я деп, бүлінген немесе жойылған тканьдердің, органдар мен жеке
мүшелердің қайтадан қалпына келуін айтады. Жануарлар сатысы неғұрлым төмен болса,
регенерация процесі соғұрлым жеңіл, әрі толық өтеді (жауын құрты, гидра, моллюскалар).
Регенерация – физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді.
Физиологиялық регенерация - өлген клеткалардың орнына бірте-бірте жас
клеткалардың қалыптасуы. Бұл процесс организмнің бүкіл тіршілігінде үнемі болып
тұрады (қанның формалы элементтері, эпидермис, шаш, тырнақ, қауырсын, түлеу).
Патологиялық регенерация – ерекше тітіркендіргіштердің әсерінен зақымданған
тканьдер мен органдардың қалпына келу процесі. Мұндай клеткадағы барлық 4 түрлі
ткань (дәнекер, эпителий, бұлшық ет, нерв) қайтадан қалпына келуі мүмкін.
Дәнекер тканьдердің регенарациясы. Әсіресе жұмсақ дәнекер тканьдердің
регенерациялық қабілеті күшті білінеді. Сүйек тканінің де регенаративтік қабілеті бар.
Сүйек сынған кезде сүйек тканьдерінің регенерациялық процесінің зор маңызы бар. Сіңір,
шандыр (фасция) жақсы, шеміршек шамалы, май тканьдері өте нашар регенерацияланады.
Эпителий тканьдерінің регенерациясы. Эпителий тканьдерінің регенеративтік қабілеті
өте жоғары (терінің көп қабатты жалпақ эпителийі, көздің мүйізгек қабығы).
Жараның
жазылуында эпидермис регенерациясының зор маңызы бар.
Кілегей қабық эпителиінің де едәуір регенеративтік қабілеті бар. Сол себептен де
ауыздағы, еріндегі, мұрын ішіндегі жаралар тез жазылады. Тері эпидермисінің көп
қаббатты эпителийі ұрықтың терең қабатында пайда болады. Безді эпителий әр түрлі
регенерацияланады. Регенерациялық процесс бауыр паренхимасында, бүйректе, сілекей
безінде, ұйқы безінде де болуы мүмкін.
Бұлшық ет тканьдерінің регенерациясы. Дәнекер ткань мен эпителийге қарағанда
бұлшық ет ткані едәуір шамалы регенерацияланады.Қаңқа
бұлшық етінің бұлшық ет
талшықтарының регенерациясы, зақымданған учаскемен шектесетін клеткалардың
амиотикалық бөлінуі арқылы өтеді. Тегіс бұлшық еттің регенерациялануы біршама әлсіз
болады. Оның өзі тегіс бұлшық ет клеткаларының миотикалық бөлінуі арқылы өтуі
мүмкін.
Нерв тканьдерінің регенерациясы. Нерв клеткаларының өте шамалы, бірақ қазір
олардың регенерациялану мүмкіндігін теріске шығармайды.
Р е г е н е р а ц и я л а н ғ а н т к а н ь д е р д е г і з а т а л м а с у. Зақымданғаннан
кейін 2 сағат өтісімен-ақ жұмсақ дәнекер
тканьдердің гистиоциттерінде, содан кейін
лейкоциттер мен фибробласталарда тотығу-тотықсыздандыру ферменттері, сондай-ақ
88
гидролазалар (фосфотазалар, пептидазалар, липазалар т. б.) активтене (күшейе) түседі. Әрі
қарай 5-нуклеотидазалар, аденозинтрифосфотазалар, және басқа да ферменттер
активтенеді.
Бұл ферменттердің активтенуі белоктың ыдырау процесін арттырады,
май-липоидтық
заттарды (лецитин, майлы қышқылдар) бөледі, олар регенерацияланатын клеткалардың
беттік керілуін кемітеді. Регенерацияланған клеткаларда аэробтық және гликозидтердің
активтенетіні (күшейетіндігі) байқалады.
Р е г е н е р а ц и я л а н у м е х а н и з м д е р і. Регенерациялану процесі бірнеше
факторға байланысты. Регенерацияланудың бірнеше және елеулі ықпалы – зақымдану.
Зақымданған тканьдердің өнімдері (протеазалар, полипептидтер және төмен молекулалы
белоктар) клетканың өсіп-өнуі үшін тітіркендіргіштер болып саналады. Бұрын оларды
«жара гормондары» деп атаған.
Жараның регенерациялануына және жазылуына лейкоциттер мен олардың ыдыраған
өнімдері ерекше ықпал етеді. Бұл өнімдерді «трефондар» (грекше trephos – қоректендіру)
деп атайды.
Ткань себіндісімен (культурасымен) жүргізілген тәжірибеде өсіп-өнетін бір тканнің
немесе клетканың екіншісіне қуаттандыру ықпалы бар екендігі анықталады. Бұл ықпал
ерекше заттың - «десмондардың» (грекше desmos ткань) әсерінен деп топшылады.
Регенерациялауға
организмнің қоректенуі, зат алмасуы және оны реттеуші жүйенің
зор ықпалы бар. Толық ашыққан кезде регенерация жүргенімен, едәуір баяулайды,
дистрофия тежеледі. Жақсы қоректендіру, сондай-ақ А витамині қолайлы әсер етеді. Ішкі
секрецая бездерінің де, нерв жүйесінің де регенерациялауда зор маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: