Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Лизис құбылысы – кейбір антителалардың клеткаларды еріту қабілеті. Бұл антитела 
бактерияға қолданылғанда бактериолизидер, эритроцитке қолданылғанда-эритролизиндер 
немесе гемолизиндер деп аталады.Иммунды лизис реякциясында мұның өзі екі ингридие-
нт-антиген болғанда ғана өтеді.Үшінші комплементтің қатысуының қажеттілігін 
комплемент деп атайды. 
Цитотоксикалық құбылыс цитотоксиндер деп аталатын антителалармен 
анықталады. Реакция өтуі үшін міндетті түрде комплемент қатысуы тиіс.
Комплемент байланыстыру реакциясы жоғарыда сипатталған комплемент 
қасиетіне негізделген, яғни комплементке антиген-антитело комплексі қосылуы тиіс. 
Комплемент байланыстыру реакциясы мерезге (сифилис) диагноз қойғанда (Вассерман 
реакциясы), тканьге қарсы антителаны және аутоантителаны зерттегенде, бірқатар 
вирустық инфекцияларға диагноз қойғанда (Р. В. Петров, 1983) кеңінен қолданылады. 

Ерекше бөгеу құбылысы зерттелетін екі антигенді салыстыру үшін қолданылады.
Уыттарды бейтараптау реакциясы. Антитоксиндер деп, бактериялық және басқа 
да (мәселен, жылан уы) табиғаты антигенді уыттарға қарсы антителаны айтады. 
Антитоксиндер тиісті уытты заттармен қосылғаннан кейін, оларды бейтараптайды. 
Опсониндеу құбылысында белгілі бір антигендік субстанцияға немесе 
микроорганизмдерге қарсы алынған антитела нейтрофильдердің және макрофагтардың 
фагоцитарлық белсенділігін күшейтеді. 
Сонымен, қан сарысуында антителалар антигендермен (микробтармен) түйіскен 
кезде әрекет етуіне қарай антитела мынадай түрлерге: агглютининдер, преципитиндер, 
опсониндер (бактериотропиндер), лизиндер, антитоксиндер, цитотоксиндер. 
Антителаның антигенмен өзара әрекеттесу реакциясының бірнеше типтік физико-
химиялық сипаттамасы бар: 
а) электролиттерге қажеттілік – антителаның антигенмен өзара әрекеттесуі тек 
электролит ортасында өтеді, сондықтан электролит концентрациясы натрий хлориді 
ерітіндісінің 0,85%-не сәйкес келуі, ал рН – бейтарапқа жуық болуы тиіс; 
б) лездік – антиген мен антителаның қосылуы реакцияның алғашқы секундында 
немесе минутында - өзара әрекеттесу фазасында өтеді; 
в) қайтымдылық – антиген-антитело комплексі антитела бөлу (элюция)арқылы 
диссоциялану мүмкін; 


62 
г) экзотермиялық – антитела антигенмен өзара әрекеттескенде аздаған жылудың 
бөлінуі. 
Антителаның организмде пайда болуы немесе енгізілуі бірқатар құбылысты 
тудырып, антителамен қосылған антигеннің қасиеті мен күйіне өзгерістер енгізеді. 
Цитолизиндер мен цитотоксиндердің организмге патофизиологиялық өзгерістерін 
зерттеудің ерекше маңызы бар (И. И. Мечников). Бұл заттардың тканьдерге әсер ету 
механизмі өте күрделі. 
Шамалы дозада цитотоксиндер тиісті тканьдерде қуаттандыратын әсері бар. 
Мысалы, антиретикулярлы цитотоксикалық қан сарысуының шамалы дозасы жарақаттың, 
сүйек сынығының тез жазылуына, қан құрауға, антитела өндіруге т. б. ықпал етеді.
Цитотоксин көп дозада ткань қызметін күйзелтіп, цитотоксикалық талықсу дегенде 
тудырады. Цитотоксиннің тканьдерге улы әсерінің механизмі жете зерттелмеген. 
Цитоктоксиннің өзгешілігі салыстырмалы түрде. Оның қосарлы өзгешілігі бар: түр 
өзгешілігі және органо өзгешілік. Түр өзгешілік (мәселен, қоян сарысуы адам органдарына 
қарсы), цитотоксин қайсы органннан (талақ, бүйрек, бауыр т. б.) өндірілсе де біркелкі 
сақталады. Демек, бір орган түріне қарсы өндірілген цитотоксиндер басқа орган түрлеріне 
әсер етпейді.
Көптеген органдар мен тканьдер үшін цитотоксиндер алынды. Бауыр тканьдеріне 
арналған цитотоксин - гепатоксин, бүйректікті – нефротоксин, аталық ұрықтікі – 
сперматоксин, дәнекер тканьдердікі – антиретикулярлы цитотоксикалық қан сарысуы 
(АЦС, А. А. Богомолец) деп аталады. И. И. Мечников мал өмірін қорғауда 
цитотоксиндердің ролі зор екендігін атап көрсеткен болатын. 
Мал қанында қалыпты (табиғи) және толық емес антителалар. Біріншісіне, алдын 
ала антигендер енгізілмеген мал қанынан табылған антитела жатады. Мұндай антитела екі 
текті. Біріншісі белгілі бір изоантигендерге қарсы бағытталған. Мысалы, адамдардың А 
тобындағы (11) қанында, демек құрамында А тобындағы эритроциттер болғанда қан 
сарысуында үнемі изогемагглютининдер (В изоантигеніне қарсы) болады; В тобындағы 
қанда (III топ) изогемагглютининдер (А изоантигеніне қарсы), О тобындағы қанда (I топ) 
– α және β изогемаагглютининдер болады. 
Екінші категориядағы табиғи антитела изоантигендерге жатпайтын антигендерге 
қарсы бағытталған. Мысалы, көпшілік жануардың қанында шамалы титрда ішек 
тобындағы бактерияларға, көптеген кокктарға, бөгде клеткаларға қарсы антителалар 
байқалады. Бұл антителалар, сірә, организм өзінің тіршілік ету барысында, сол 
антигендерге қарсы бағытталған туыстас детерминанттары бар бактериялармен немесе 
субстанциялармен үнемі елеусіз жанасудан болуы мүмкін. Бұл антителалардың 
қорғаныштық мәні бар екендігі сөзсіз.
Толық емес антителаларды моноваленттілер немесе тосқауылдаушылар деп 
атайды. Әдеттегі глобулиннен бұл иммунды глобулиндердің өзгешілігі, оның 
молекуласында бір активті өзгеше учаске бар. Олар антигендермен қосылған кезде ірі 
конгломераттардың бөлшегін ұсақтай алмайды да, тек оларға тосқауыл болады. Алайда, 
мұның өзі молекуланың екінші активті орталығы болмайды деген ұғым тудырмайды. 
Белгісіз себептерден ол өте аз көрінеді немесе көмескіленеді. Толық емес антителаны 
анықтау үшін арнайы реакция – сынаманы (пробаны) тосқауылдайтын Кумбс сынамасы 
қолданылады. (Р.В. Петров, 1983). 
И н ф е к ц и я л ы қ е м е с и м м у н и т е т (тканьдердің биологиялық 
үйлеспеушілігі). Әр алуан патологиялық процестерде (қабыну, ісіну т.б.) организмнің 
өзінде «бөгде» клеткалар мен тканьдер пайда болып, организм тканьдері үшін антиген 
ретінде қатысуы мүмкін. Кейде олардың арасында антиген-антитело типтес кәдімгі 
иммунологиялық реакция өтеді, сондай-ақ фагоцитоз байқалады. Эмброгенез процессінде 
(әр алуан сатысында) жаңа ткань ескі тканьдер үшін антитела болып, ткань атавизмін (ата 
тегінің кейбір қасиеттерінің ұрпағында сақталуы) болдырмайтындығы анықталған. 


63 
Организмнің иммундық тосқауылы жеке түр және тіпті жеке организм шебінде 
трансплантацияланған 
органдар 
мен 
тканьдердің 
тірілуіне 
бөгет 
жасайды 
(трансплантантат ериді немесе шіриді). Қабыну ошағында, ісіктерде аутоантигендер пайда 
болып, организмде антитела өндіруге ықпал етеді. Соның нәтижесінде иммунды ауру 
пайда болады. 
Иммунологиялық 
реактивтіліктің 
өзгеруінің 
ерекше 
түрі 
– 
туынды 
иммунологиялық төзімділік (организмнің иммунологиялық жауапқа қабілетсіздігі) немесе 
жауапсыздық деген болады. Мұндайда антигендер ықпалына жауап ретінде организмде 
антителалар өндірілу жойылады немесе кемиді. Мұның өзі эмбрионалдық кезеңдң және 
мал туа салысымен антигендер енгізгенде байқалады. 
Антитела пайда болу механизмі. Антитела пайда болатын орындарға – бауыр, 
талақ, сондай-ақ макрофагтар немесе дәнекер тканьдер шоғырланатын орындар жатады. 
Бұған жататындар жілік майы, лимфа түйіндері; сондай-ақ жұтқыншақтың, ішектің 
лимфоидты тканьдер шоғыры. Бұған жұмсақ дәнекер тканьдеріндегі макрофагтарды 
жатқызуға болады. Мидың глиозды (микроглия) элементтері де антитела құрауы мүмкін 
екендігі дәлелденген. Антитела өндіруге бауыр, бүйрек және басқа да органдардың 
қатысатындығы туралы деректер бар. 
Антителаның қанда жинақталу және онда жойылу динамикасы ерекше сипаттауды 
қажет етеді. Бұл сипаттаманың ерекшелігі сонда, біріншісі немесе екіншісі организмді сол 
антигенмен жанастырады. Соған сәйкес бірінші және екінші иммунды жауаптар деп 
бөледі (5-сурет). 
Антитела алғаш рет қанда антигенді енгізгеннен кейін 3-4 күннен соң байқалады. 
Осы уақыттың ішінде организмде антигендік тітіркеністі қабылдайтын және оны жүзеге 
асыратын жасырын процестер өтіп, қанда иммунды глобулиндердің кемуімен аяқталады. 
Бұл кезеңді латентті деп атайды. Қанда антителаның алғашқы белгілі бір мөлшері бірнеше 
күнде арта бастайды. Осы процеске сәйкес келетін қисық сызық бөлігі логарифмдік сипат 
алады: антитела титрының еселену уақыты бірнеше сағатпен өлшенуі мүмкін. 
Белгілі бір уақыт ішінде қанда иммунды глобулиннің ең көп деңгейі (максимум 
кезеңі) сақталады. Содан кейін оның концентрациясы бірте-бірте кемиді (кему кезеңі). 
Екінші жауаптың біріншіден айырмашылығы мынада: қысқарған латентті кезең, антитела 
концентрациясы едәуір қарқынды өскен кезде тез көтерілуі және ең көп титрдің үлкен 
маңызы. 
Бірінші иммундаудан кейін 2-4 аптадан соң қайталап иммундағанда ғана екінші 
иммунды жауап дамып қоймайды. Осы антигеннің осылайша ойдағыдай реакция қабілеті 
бірнеше ай, тіпті жылдар бойы сақталып, мұның өзі иммунологиялық ең көрінісі болып 
саналады (қызылшаға, шешекке қарсы иммунитеттер). Иммунологиялық есті сақтаушы 
лимфоидты клеткалар болып саналады. 
JgM – бірінші жауптың антителасы, яғни бұл кластың иммуноглобулиндері 
антигендік қуаттандырудан кейін бірінші рет синтезделеді. Бірнеше күннен кейін JgM
JgG – ға ауысып синтезделеді. Екінші жауап кезінде JgS класындағы антитела 
синтезделеді. JgM-нің JgG-ға ауысып синтезделуі тікелей антителосинтездеуші 
клеткаларда өтетіндігі дәлелденген. А класындағы иммуноглобулиндер одан кеш 
өндіріледі. 
Антитела синтезі белок молекуласы өнімінің дербес жағдайы болып саналады. 
Оның өзгешілігі мынада: жеңіл тізбектер бір РНК- матрицада, ал ауыры – екіншісінде 
синтезделеді. Содан кейін бүкіл молекула құрастырылады. Сірә, алдымен жеңіл және 
ауыр тізбектердің бір жұбы қосылып, содан кейін осы екі молекула тұтас бірігетін болу 


64 
керек. Жеңіл тізбектер клеткаларда біршама артық болады. Олар микросомнан ауыр 
тізбектерді шығаруға ықпал етеді деп есептейді. 
Антитела биосинтезін зерттеу молекулалық биология үшін мүлде тың қағиданы 
туғызды (Фуденберг Х, т.б., 1975). Осы қағидаға сәйкес иммуногдобулин молекуласының 
әрбір полипептидті тізбегінің синтезін екі құрылымдық ген (басқа белоктардың синтезінде 
біреу) бақылайды. Бір ген тізбектің өзгермелі аймағын қолдайды. Мұның өзі «бір ген – бір 
полипептидті тізбек» деген қалыптасқан ережені теріске шығарады. 
Вариабольдық аймақта гендер біршама көп мөлшерде кездеседі деп есептейді, әрі 
ол ерекше антителаның алуан түрін қамтамасыз етуге жеткілікті болады. 
Көптеген зерттеулерде вегетативті нерв жүйесі антитела өндіруге қатысатындығы 
дәлелденген. Организмге пилокарпинді, айетилхолинді және басқа да парасимпатикалық 
заттарды енгізгенде антитоксиндер мен гемолизиндер өндірілу арта түседі. 
Ми 
қыртысының 
антитела 
өндірудегі 
ролі 
туралы 
мәселені 
көптеген 
патофизиологтар зерттеуде.
Антитела өндіруге ми қыртысының ықпалы бауыр, лимфа безі және антитела 
өндіретін басқа да тканьдердің (талақ, жілік майы т.б.) вегетативтік нерв орталықтары 
арқылы жүзеге асады. 
Иммунитетте эндокринді бездердің біршама ролі бар. Жүргізілген тәжірибеде 
бүйрек үстіндегі без қыртысы мен гипофиз организмнің инфекцияға қарсылығына ықпал 
ететіндегі дәлелденген. Мәселен, бүйрек үстіндегі без қыртысының гормоны 
дезоксикортикостеронды енгізгенде кейбір инфекциялардың қолайлы өтуіне ықпал етеді, 
ал гидрокортизонды енгізгенде антителаның пайда болуын азайтып, иммунитетті кемітеді. 
Антитела өндіруге рефлекторлы қуаттандыру арқылы ретикуло-эндотелиальды 
жүйе де, сондай-ақ РЭС клеткасы антигенмен тікелей жанасу арқылы да қатысатыны 
сөзсіз. 
Аллергия, анафилаксия және олардың даму механизмі. Организм реактивтілігі 
жынысына, жасына, климатқа, жыл маусымына және басқа да себептерге байланысты 
өзгереді. Әдетте бұл өзгеріс физиологиялық норма шебінен аспайды. Организмнің 
иммунобиологиялық қасиеті әр түрлі факторларға шамалы сезімталдығы (иммунитет) 
арқылы ғана емес, жоғары сезімталдығы түрінде де көрінуі мүмкін. Кейде организмнің 
реактивтілік қасиетінде сандық және сапалық ауытқулар байқалып, нағыз патологиялық 
сипат алады. Организмнің антигендік қасиеті бар заттарға (немесе тіпті онсыз) ерекше 
жоғары сезімталдық күйін аллергия деп атайды. «Аллергия» сөзі гректің allos – басқаша 
және ergon - әрекет етемін деген сөздерінен шыққан.
Қазіргі жіктеуге сәйкес аллергияның бүкіл көрінісі екі үлкен топқа бөлінеді: а) 
аллергиялық реакцияның лездік типі және б) аллергиялық реакцияның баяу типі. 
Аллергияның лездік типінің барлық түрінің ортақ белгісі – олардың тез әсер ететіндігі 
(бірнеше минутте). Аллергияның баяу типінде ол 24-48 сағатта білінеді. Лездік типтегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет