Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Бірінші фаза – фагоцит пен объектінің жақындасуы. Лейкоцит амебоидты қозғалыс 
жасай отырып, фагоцитарлық объектіге кәдімгідей жүзіп келеді. Лейкоциттердің бұл 
қасиетін химиотаксис немесе кейде хемотаксис деп атайды. 
Химиотаксис оң және сол болып бөлінеді. Бұлайша бөлу Пфейфердің уағында-ақ 
басталған болатын. Ол 1891 жылы мүк пен қырыққұлақтың (папоротник) аталық жыныс 
клеткаларының суға ерітілген милон қышқылына қарай тартылатындығын байқаған. 
Спирттен, калий тұзы және сілті ерітінділерінен антерозоидтарды кетіруді Пфейфер теріс 
хемотаксис деп атады. Бұл құбылысты лейкоциттердің қозғалысы бойынша тұңғыш рет 
1888 жылы Лебер анықтады. Лебер әр түрлі агенттерді бақа қоян көзінің алдыңғы 
камерасына енгізді. Сонда ол тканьдер мен бактериялардың әр түрлі көгеріп, шіріген 
өнімдерін байқады. Осы өнімдердің әсерінен лейкоциттер көздің алдыңғы камерасына 
жақындады және де мұны Лебер оң хемотаксис деп атады. Шыны түтікшені көздің 
алдыңғы камерасына немесе құрсақ қуысына енгізу қоянда теріс хемотаксис туғызды.
Молекулалық хемотаксис туралы көптеген болжам айтылды. Сонымен қоса, лейкоцит 
протоплазмасында зольдың гельге айналуын үдететін процеске де, сірә, хемотаксис 
механизмі қатысуы мүмкін. 
Лейкоциттердің объектіге жылжуы жартылай сұйық протоплазманың оның денесіне 
құйылуымен қоса жүріп, жалғанаяқтылар немесе псевдоподиялар (pseudo – жалған) пайда 
болады. Псевдоподия дегеніміз клетка денесінің томпаюы, ол кез келген жерде, кез келген 
формада болуы мүмкін. Осындай пайда болған томпаюға протоплазма құйылады да, 
клетка денесінің қалған бөлігіне жалғанаяқ шыққан бағытта созылады. Бұл процесс әрі 
қарай қайталанады. Ғалымдар лейкоциттердің қозғалу жылдамдығын анықтады. Мәселен, 
адамлимфоциттері 37º С температурада минутына 30 микрометр (микрон), нейтрофилдер 
сондай температурада минутына 29-45 микрометр,ал эозинофилдер минутына 1,5-нан 9 
микрометрге дейінгі жылдамдықта қозғалады. 
Соңғы жылдары лейкоциттердің объектіге жылжуына, яғни фагоцитозға АТФ үлкен 
роль атқаратындығы турасында бірқатар фактілер пайда болды (Ландау, 1955, Мареленд, 
1956). 
Алайда қазіргі кезде фагоцитоз құбылысын тек хемотаксиспен ғана негіздеп 
қоймайды. Мендельзонның пікірінше, термикалық фактор да лейкоциттердің қозғалуына 
ықпал етеді. Мұндай құбылысты термотаксис деп атады. Фагоцитоз құбылысына 
гидротаксис те ықпал ететіндігін алғаш рет Мечников атап көрсетті. Соңғы кездері 


55 
фагоцитоз механизміне гальванотаксистің де зор маңызы бар екіндігі атап көрсетілуде. 
Гальванотаксис деп бір клеткалы жәндіктердің электр өрісі бағытына қарқынды 
қозғалысын айтады. 
Фагоцитоздың екінші фазасы – аттракция, немесе фагоциттің объектіге жабысуы деп 
аталады. Төмен температура жағдайында немесе қоршаған ортада белоктар мен осониндер 
болмаған жағдайда фагоцитоз аттракция фазасында тоқтауы мүмкін. Электролидтер, 
мәселен ас тұзы болмаған фагоцитоз құбылысы болмайды (Савченко, 1910). Ең қолайлы 
орта су тегі иондарының концентрациясы – 6,5-7,0 болып саналады. (Савченко, 
Аристовский, 1911). 
Фагоцитоздың 
үшінші 
фазасы 
– 
объектінің 
фагоцитке 
батуы. 
Көпшілік 
зерттеушілердің тұжырымдауынша, бұл құбылыс объект жұтылатын орынмен жанасқанда 
клеткалардың қозуына және оның тұтқырлығының кемуіне байланысты. Фагоциттің 
қозуы және тұтқырлықтың кемуі нәтижесінде оның протоплазмасы ішінде ас қорыту 
вакуолі (іші сұйыққа толған клетка көпіршігі) пайда болып, сонда фагоцитоз объектісі 
іркіледі.
Төртінші фаза – бұл клетка ішіндегі қорытылу фазасы. Бұл фаза жұтылатын 
клеткаларда зат алмасудың өзгеруіне байланысты. Фагоцитоз кезінде тканьде тыныс лау 
күшейеді. Клетка ішіндегі қорытылу процесстеріне бақылау жүргізгенде, оған 
протеолиттік, липолиттік, амилолиттік ферменттер қатысатындығы анықталды, өйткені 
ондайда белокты, майлы және углеводты заттар қорытылады. 
Жұтылатын клеткалар ішінде pH көрсеткіші 3-тен 6,8-ге дейін болады. 
Лейкоциттерден де дипептидтерді амин қышқылдарына ажырататын пептидазалар 
байқалады. Фагоцитоз кезінде углевод алмасуы өзгереді (В. Я. Данилевский, 1980). Қазіргі 
кезде клетка ішіндегі қорытылудың гистохимиялық процесін секреторлық процесс ретінде 
қарастырады. Лейкоциттердің тіршілік процесінде тамшы түріндегі көптеген ас қорыту 
вакуольдері пайда болатындығын анықталған. Осы вакуоль тамшылары лейкоциттер 
протоплазмасының ішіне қарай жылжып, протоплазма клеткасы заттарында ерітіліп, 
жоғалып кетеді (Кедрова, 1935; Дустин, 1947; Рихтер, 1955 т. б.). Вакуольдерде 
протеолиттік ферменттер, углеводтар, фосфатидтер, нуклеин қышқылдары, белоктар 
табылды. 
Клетка ішіндегі ас қорыту процестері қорытылатын объектінің табиғатына және 
фагоциттердің ас қорыту ферменттерінің активтілігіне қарай түрліше уақытта өтеді. 
Қорытылатын объект фагоциттер протоплазмасында бір айдай болуы, ал содан кейін 
өлген фагоциттер ыдыраған кезде шығып қалуы немесе босатылуы мүмкін (С. Н. 
Метальников). Фагоцитоз туралы ілімді дамытуға профессор Н. В. Пучков (1946-1948) 
елеулі үлес қосты. Фагоцитарлық реакцияның вегатативтік нерв жүйелерінің 
(симпатиндер мен ацетилхолиндер) симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің 
медиаторларымен басқарылатындығы анықталады. Мал лейкоциттерінің фагоцитарлық 
қызметін симпатин қоздыратындығы, ал ацитилхолин тежейтіндігі байқалды. 
Фагоцитозға физикалық, химиялық, физико-химиялық және басқа да факторлар әсер 
етеді. Фагоцитоз үшін қолайлы температура мал денесінің температурасына сәйкес келді. 
Неғұрлым төмен температурада фагоцитоз активтілігі кемиді. Тұздың изотониялық 
ерітіндісі фагоцитозды арттырады, гипертониялық ерітіндісі – төмендетеді, ал 
электролиттер болмаған жағдайда фагоцитоз күрт тежеледі. Организмге холестеринмен, 
хининмен әсер еткен жағдайда да фагоцитоз әлсірейді. Лецитин, кальций және магний 
тұздары фагоцитозды активтендіре түседі.
Соңғы жылдардағы зерттеу көрсеткіштеріне фагоцитоз құбылысына нерв жүйелері, 
сондай-ақ ішкі секреция бездері де айрықша ықпал ететіндігі анықталды. 
Орныққан (бекіген) фагоциттер – макрофагтар – талақта, бауырда, лимфа бездерінде 
орналасып, орталық нерв және вегатативтік нерв жүйелерінің нерв талшықтарымен 
байланысады. Қан лейкоциттері нерв жүйесімен гуморалдық жолмен байланысады. 


56 
Академик В. Н. Черниговскийдің және оның шәкірті А. Я. Ярошевскийдің 
дәлелдеуінше, орталық нерв жүйесі қан құрау және қан бөлу процестерін, сонда-ақ 
фагоцитарлық қызметті реттейді. 
Қазіргі екзде нерв жүйелерінің фагоцитозға реттеушілік ықпалы жөнінде көптеген 
фактілер айқындалды. Сонымен қоса, лейкоциттің фагоцитарлық активтілігіне 
фармакологиялық заттар (бром, кофеин) орталық нерв жүйесінің функционалдық күйін 
өзгерту арқылы ықпал ететіндігі туралы деректер бар. 
Фагоцитарлық реакцияға вегатативтік нерв жүйесі де қатысатындығы анықталды. 
Ішкі секреция бездері де фагоцитозға қорғаныштық ықпал етеді. Мәселен, Степанов 
(1909) қоянға қалқанша безінің препаратын құйғанда фагоцитоз едәуір активтелетіндігін 
атап көрсетті. Қалқанша қоңсы безін (паращитовидная железа) алып тастағанда 
лейкоциттердің фагоцитарлық активтілігі күрт кемиді. Демек, ішкі секреция бездері де 
фагоцитозға әсер етеді.
Фагоцитозға қоршаған орта факторлары: температура, иондаушы радиация және 
ультракүлгін-сәулелендіру де әсер етеді. 
Қан сарысуының бактерицидтік қасиетін Мечников онда ферментативтік заттардың – 
фагоциттер өндіретін алексиндерден деп есептейді. Қалыпты қан сарысуынан гөрі 
иммундалған қан сарысуында лейкоциттердің фагоцитарлық активтілігі анағұрлым 
жоғары екендігін байқады Мечников. Ол бұл құбылысты қан сарысуында фагоцитоздың 
ерекше стимуляторы – стимулиндерден деп түсіндірді. 
Жас қан сарысуы фагоцитозға қуаттандыра әсер ететіндігі туралы кезінде Райт (1906) 
атап көрсеткен болатын. Райт бұл құбылысты қан сарысуында фагоциттік объектіге әсер 
ететін, ал фагоциттерге әсер етпейтін заттар болады деп түсіндірді. Ол бұл затты 
опсониндер немесе бактериотропиндер деп атады. Опсониндердің қан сырысуы 
құрамынан өзгешілігі бар екендігі анықталды. Қазіргі кезде фагоцитарлық активтілікке 
ықпал ететін опсониндердің 4 компененті бөлініп алынды және де 3-ші компонент 
фагоцитке маңызды роль атқаратындығы дәлелденді. Комплементтер деп, мал қан 
сарысуының белок жиынтығын айтады. Оның микробтардың немесе жануар 
антигендерінің антитела реакциясы өнімдеріне фермент тәрізді әсері бар. 
Сонымен, фагоцитарлық теорияны иммунитет құбылысы, иммунды организмнің тиісті 
микробтарды жұтатын фагоциттік жоғары қасиеті ретінде түсіндіруге болады. 
Мечниковтың бұл негізгі қағидасы көптеген эксперименттерде дәлелденді. Оның 
фагоцитарлық теориясы Дарвиннің алдыңғы қатарлы эволюциялық теориясының жалпы 
биологиялық қағидасына сәйкес құрылған. Оның өзі иммунитеттің аса маңызды 
құбылыстарын қамтиды. Мечников еңбегінің маңыздылығы да, міне, осында.
Бұл теорияның өміршеңдігі және оның нақтылығы практикада дәлелденді, соның 
нәтижесінде Мечников ілімінің негізгі қағидалары қазіргі уақытта да өзінің мәні мен 
мазмұнын сақтауда. 
Кейінгі кездегі көптеген ғылым жетістіктері мен иммунология саласындағы 
зерттеулер, атап айтқанда, иммунитет жасауда ретикулды – эндотелиалды жүйелердің 
ролі туралы зерттеулер Мечников идеясын одан әрі дамыта түсті. 
Фагоцитозға басқа бір құбылыс – пиноцитоз жақынырақ. Пиноцитоз – қоршаған сұйық 
ортадағы ерітілген заттардың тамшымен қоса клетканың мембраналық бетінде сорылуы. 
Алайда организмнің қорғаныштық қасиетінде тек фагоцитоз бен пиноцитоз ғана емес, 
иммунитеттің гуморалдық реакциясы да басты роль атқарады. 
И м м у н и т е т т і ң г у м о р а л д ы қ р е а к ц и я с ы. А н т и г е н д е р ж ә н е
а н т и т е л а л а р т у р а л ы т ү с і н і к. Иммунитетті зерттеу онда гуморалдық 
процестердің ролі бар екендігін көрсетті. 
Ерекше иммунитеттің белгілі бір формасын қуаттандыратын затты антигендер деп 
айтады. Кейде антигендер деп, организмде антитела пайда болуға ықпал ететін және 
онымен ерекше реакцияға түсетін жоғары молекулалы заттарды да (көбінесе белок 
табиғатындағы) айтады. Мұндай тұжырым одан дәл емес, өйткені кейбір антигендік 


57 
заттардың әсерінен антитела пайда болмайды, бірақ ерекше клетка реакциясының 
қалыптан тыс сезімталдығының баяу типі немесе иммнологиялық толеранттығы (мал 
организмінің иммнологиялық жауапқа қабілетсіз күйі) дамиды. 
Иммунитетті организмнің тірі дене мен заттан қорғану әдісі, генетикалық бөгделік 
белгіні сақтаушы ретінде тұжырымдайтын болсақ, онда антиген ұғымын былайша айтуға 
болады: антигендер – генетикалық бөгделік белгіні сақтайтын және организмге енгізген 
кезде ерекше иммунологиялық реакция тудыратын заттардың барлығы. 
Антигендік тек белокқа ғана тән емес, көптеген күрделі полисахаридтерге, 
липополисахаридтерге, полипептидтерге, сондай-ақ кейбір жоғары молекулалы жасанды 
қосылыстарға, яғни өзінде ерекше бөгделік қасиетін сақтаған заттарға да тән.
Әр түрлі антигендерді зерттегенде, олардың кейбіреуі организмге түскенде антитела 
жасауға ықпал ететіндігі және сонымен бірге реакцияға түсетіндігі анықталды – бұларды 
толық жарамды антигендер деп атайды, ал басқа біреулері организмде өздігінен антитела 
пайда болуға ықпал тет алмағанымен, онымен реакцияға түседі – бұларды толық емес 
антигендер, немесе гаптендер деп атайды. 
Иммунитет алу үшін антигендер парентеральды яғни ас қорыту жолдарынан тыс, 
тікелей қанға немесе тері астына құйылуы тиіс. 
А н т и г е н д е р с и п а т т а м а с ы. Антигендер зат ретінде: бөгделік, антигендік, 
иммуногендік ерекше қасиеттерімен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет