58
б) ақырғы амин қышқылдық тізбекпен;
в) белоктық молекулалардың екінші, мүмкін, үшінші құрылымен;
г) бет жағына орналасқан химиялық топтармен – антигенді детерминанттармен,
бұлар антигендердің иммунологиялық ерекшелігін анықтауда ерекше роль атқарады.
Бір атап көрсететін жайт, синтезделген полипептидтер – амин қышқылдарының
гомополимерлері немесе сополимерлері, оларға гаптен тобы қосылғанда молекулалардың
тасымалдаушы бөлігі функциясын ойдағыдай атқаруы мүмкін. Демек, жекелеген амин
қышқылы мен гаптеннен лабораторияда толық синтезделген антиген алынады. Алайда
лабороториялық жағдайда алынған осы антигендердің барлығын жасанды деуге
болмайды, өйткені зерттеуші не түрі өзгерген табиғи молекуламен, немесе жасанды
жолмен синтезделген, бірақ табиғи молекулаға – полипептидтерге немесе белоктарға
жуықталған молекулалармен жұмыс істейді.
Соңғы кезде жасанды антигендер деген сөз толық мағынасында қалыптасты. Бір топ
иммунологтар мен химиктер (Р. В. Петров, Р. М. Хаитов, В. А. Кабанов, В. П. Евдаков
ғылыми қызметкерлерімен бірге антигендік молекуланы жасады. Ол үшін олар
тринитрофенил гаптен топтарын жасанды (табиғи емес) полиэлектролитті өріске – 2
метилге-5-винилпиридинге (молекулалық массасы 80000-100000) қосты.
А н т и г е н д і к ө з г е ш і л і к т и п т е р і.
Түр өзгешілігі – организмнің бір түрінің
екінші түр өкілінен өзгешеленуі. Адамның қан сарысуы белогына қарсы антитела
көмегімен сот дәрігері адамға қатысты қан дағын, кез келген мал қанының дағынан оп-
оңай ажырата алады. Белоктардың түр өзгешіліктерінің болуының биологиялық мәні зор
екендігі сөзсіз. Сонымен қоса, белоктардың түр өзгешілігі тиімді қорғаныш факторы
функциясын атқарады, өйткені иммунитеттің қорғаныш реакциясы белоктардың
антигендік айырмашылығына және осыған байланысты түрліше заттарға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: