53
жағдайда, тіршілік ортасына бейімделген тұрақты микрофлоралар бұл күресте үстемдік
алып, патогенді микроорганизмдердің дамуына және енуіне бөгет жасайды.
Ішкі тосқауыл бейімділігі дегеніміз, тканьдер мен органдарды ауру тудыратын
факторлардан қорғауға қабілеті күрделі жүйе болып саналады.
І ш к і т о с қ а у ы л ға ж а т а т ы н д а р ы:
а) лимфа түйіндері – микробтарды ткань фолликулаларында ұстап тұратын қасиеті
бар; сонымен қоса, ерекше иммунитеттердің пайда
болуына қатысады;
б) әр түрлі органдардың (бауыр, талақ, лимфа түйіндері, жілік майы, дәнекер
тканьдердің гистиоциттері т.б.) ретикулоэндотелиальды клеткалары;
в) бауыр- улы өнімдерді зиянсыздыратын қабілеті бар, (аммиак мочевинаға, индол
индиканға т.б. айналады), кейбір микроорганизмдер онда фагоцитозға (фагоциттердің
организмге түскен бөгде заттарды жұту қасиеті) ұшырайды;
г)
қағанақ
–
химиялық
немесе
биологиялық
сипаттағы
ауру
тудыратын
тітіркендіргіштерден
іштегі төлді қорғайды;
д) гематоэнцефалиттік немесе ликворлық тосқауылдар (ми қабығы, хорионидалды өрім
және мидың тамырлы эндотелийі) – ми ішіндегі химиялық құрамның және басқа да
қасиеттердің тұрақтылығын реттеп, сақтайды;
е) қан – бактерицидтік қасиеті бар ерекше емес арнайы заттардан тұрады. Ерекше емес
иммунитет факторларына пропердин – эйглобулин типтес белок жатады, қанда ол 0,03%-
ке дейін кездеседі. Пропердин комплементтердің (қан сарысуының заты) және магний
иондарының (пропердиндік жүйе) қатысуымен көптеген патогенді микроорганизмдерге
бактерицидтік әсер етеді (латынша perdere - бүлдіру).
Л е й к и н д е р, э р и т р и н д е р, п л а к и н д е р. Мал тканьдерінде
лизоциммен қоса
басқа да бактериолиттік заттар болады. Лейкоциттерде оларды лейкиндер, эритроциттерде
– эритриндер, тромбоциттарда – плакиндер деп атайды. Олар алуан түрлі микробтарға
әсер етеді. Мәселен, кейбір жануарлардың лейкиндері стафилококктарды ерітеді, бірақ
ішек таяқшасына әсер етпейді. Эритриндер дифтерия таяқшасын ерітеді. Бұл заттардың
табиғаты мен әсер ету механизмі толық анықталған жоқ. Қан сарысуындағы ерекше емес
бактерицидтік затқа интерферон да жатады. Интерферон –
вирустық инфекция кезінде
клеткалардың лимфоидтық қатарында пайда болатын ерекше жоғары молекулалы белок,
ол тұмау мен энцефалит вирустарының өсіп-өнуін басады.
И м м у н и т е т р е а к ц и я л а р ы н д а ғ ы к л е т к а л ы қ қ ұ б ы л ы с.
иммунитеттің аса маңызды реакцияларының бірі – фагоцитоз құбылысы. Иммунитет
туралы тұңғыш нақтылы теорияны И.И. мечников жасады. Ол иммунитетті
микробтардың, улардың, ыдыраған клетка және ткань өнімдерінің арнайы клетка
мезенхимасымен – фагоциттармен клетка ішінде қорытылуы деп түсіндірді.
Бұл процесті Мечников
фагоцитоз, ал организмнің қабылдамаушылығын түсіндіретін
теорияны
фагоцитарлық теория деп атады (1883). Сонымен, фагоцитоз (грекше phago-
жеп қою, жалмау, cytos- клетка) деп, әр түрлі дәнекер клеткалардың – фагоциттардың
микробтар мен жануар клеткаларын қорытуын айтады.
Мечниковқа дейін де клеткалардың әр түрлі бөлшекті (мәселен, тушты) сіңіретіндігі
белгілі болған, алайда осы ғылымды меңгеретін заң болған жоқ. 1878
жылдың өзінде-ақ
Глейхан кармин бояуын инфузориялар сіңіретіндігін байқаған, Эренберг (1830)
инфузориялардың тек кармин емес, одан да ірі бөлшектерді сіңіретіндігін атап көрсетті.
Алайда
Глейхан,
Эренберг
байқаулары
тек
бір
мақсатты
–
қарапйымдар
протоплазмаларының қасиетін зерттеуді көздеп, сіңіру процесінің механизмін зерттеуді
ойластырмады. Міне, осы мәселемен И.И. Мечников айналысты. Мечников фагоциторлық
теорияны көп жылғы бақылауларының нәтижесінде жануарладың эволюциялық
дамуының әр түрлі сатысындағы ауруды қабылдамаушылығы негізінде тұжырымдады.
Мечников жұмыстары қазіргі кезде мынадай ойды білдіреді: қарапайымдардан тұқым
қуалаған клетка ішіндегі қоректену жоғары сатыдағы жануарларда иммунитет реакциясы
формасында сақталған. Омыртқасыз жәндіктерден бастап
адамға дейін фагоцитоз
54
қорғаныш реакциясы формасында сақталған және жіктелген. Мечниковтың пікірінше,
фагоцитоз – көне филогенетикалық қорғаныш реакциясы.
Мечников фагоциттерді макрофагтар және микрофагтар деп бөлді. Макрофагтар өз
кезегінде бекіген және жылжымалы макрофагтар болып бөлінеді. Бекіген макрофагтарға
лимфа түйіндерінің, талақтың, жілік маының ретикуло-эндотелиялы клеткалары,
бауырдағы Высович-Купфер деп аталатын клеткалар жатады. Жылжымалы макрофагтарға
моноциттер, лимфа түйіндері
мен талақтағы лифоциттер, дәнекер тканьдерде болатын
клеткалар, - яғни гистиоциттер жатады.
Микрофагтарға қанның түйіршік лейкоциттері мен лимфоциттері жатады. Түйіршік
лейкоциттердің ішіндегі ең белсендісі – полиморфты-ядролы нейтрофильді клеткалар.
Нейтрофилдерге қарағанда эозинофильдер әлсіз жұтады, ал базофильдер өте әлсіз
жұтады. Қан лимфоциттері мүлде жұтпайды.
Соңғы зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, фагоцитоз құбылысы кез келген органда
немесе тканьде өтеді.
Кезінде Мечников фагоцитоз функциясын бірнеше актіге бөлді: микробтарға және
олардың
өнімдеріне сезімталдығы, амеба тәрізді қозғалыс, жұтылған микробтарды
бүлдіру және қорыту түріндегі химиялық және физико-химиялық процестер.
Лейкоциттердің эритроциттерді жұтуының Мечников 4 фазасын ажыраты, 1). Фагоцит
пен объектінің жақындасуы; 2). объектінің фагоцитке жабысуы; 3)
объектінің фагоцит
протоплазмасына батуы; 4) объектінің фагоцит клеткасы ішінде қорытылуы.
Достарыңызбен бөлісу: