Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Антиген мен антителаның өзара әрекеттесу құбылыстары. Антигендердің 
антителалармен реакцияға түсуі дегеніміз, антителаның антигенге ерекше адсорбциялану, 
кейіннен реакция-антиген-антитело өнімдерінің физико-химиялық күйінің өзгеріу 
процестері. 
Қан сарысуы антителаларының антигендермен ерекше әрекеттесу реакциясы бірнеше 
негізгі құбылыс түрінде байқалады. Бұл құбылыстарды лаборатория жағдайында оп-оңай 
бақылауға болады. 
Агглютинация құбылысында – бактериялар, жануар клеткалары немесе басқа 
корпускулярлық антигендік бөлшектер антитела әсерінен өзара жабысады. Микробтардың 
немесе эритроциттердің бір-бірімен жабысуы – тікелей агглютинация реакциясының 
көрінісі. Тікелей болатын себебі – мұндай жағдайда антитела корпускулярлық антигендік 
бөлшектерге тікелей әсер етеді.
Антителаны табу жөніндегі агглютинация реакцияларында және басқа да 
реакцияларда иммунды қан сарысуындағы және басқа да сұйықтағы антитела мөлшері, 
олардың титрімен бағаланады. Антитела титрі дегеніміз, антиген-антитело реакциясы 
білінгенге дейін қан сарысуын немесе басқа сұйықтықты барынша сұйылту.
Преципитация құбылысы – антитела әсерінен еріген антигендік субстанциялардың 
іріленіп, мөлдір ерітіндінің лайлануы (белокты (антигендік) коагуляциялайды және 
тұнбаға түсіреді). Антитела немесе антиген өте көп болған жағдайда преципитация 
құбылысы дамымайды. Бірақ бұдан реагенттердің өзара әрекеттесуі болмайды деген ұғым 
тумауы тиіс. өзара әрекеттесу болады, бірақ антиген-антителаның еріген комплексі пайда 
болады.
Сақиналы преципитация реакциясы кезінде құрамында антитела болатын иммунды 
қан сарысуы құйылған пробирка бағанасында антигеннің сұйылтылған мөлдір ерітіндісі 
қабатталады. Антигендер мен антителалар өзара әрекеттесетін екі ерітіндінің аралығында 
бірнеше минуттан немесе сағаттан кейін преципитация сақинасы пайда болады. 
Радиалды иммунодиффузия тәсілі. Бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Мұндайда 
антителаға балқытылған агар қосылады. Суығаннан кейін зерттелетін материалды 
ұяшыққа орналастырады. Егер материалда ізделіп отырған антиген болса, онда ұяшық 
маңайында преципитат сақинасы пайда болады. Бұл сақина ұяшықтан сәл кейінірек, 
эквивалентті зонада пайда болады. Антиген неғұрлым көп болса, сақина да соғұрлым алыс 


61 
орналасады. Клиникалық жағдайда иммуноглобулин конценрациясын анықтау үшін П. 
Грабар (1963) жасаған иммуноэлектрофорез тәсілін пайдаланады.
Иммунофлюоресценция 
тәсілінде 
антела 
молекуласына 
кез 
келген 
флюоресциялайтын бояғыш, мәселен, натрий изотиоцианаты қосылады. Таңбаланған 
антителаға қосылған антигендік материал ультракүлгін жарықта көрінеді. Бұл сандық 
тәсіл емес, алайда иммуноморфологияда антигендік құрлымының немесе антигендердің 
даму орнын анықтауда айрықша маңызы бар. 
Радиоактивтік 
антигендермен 
бақталастық 
(конкуренция) 
– 
радиоиммунобиологиялық тәсіл – қазіргі ең жетілдірілген тәсілдердің бірі. «Таңбаланған» 
антителаларды немесе антигендерді пайдаланған жағдайда антиген-антитело реакциясы 
радиоизотоптық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. 
Иммуноферменттік тәсіл соңғы жылдарда пайда болды. Сезімталдығы жөнінен 
алдыңғысынан кем түспейді, алайда коммерсиялық реагенттер болған жағдайда біршама 
қарапайым. Антителаны таңбалау үшін хреннің (желкектің) пероксидаза ферментін 
пайдаланады. Егер зерттеліп отырған сұйықта іздестірілген антиген болса, онда энзим 
пробирка кенересінде тұтылып, Н ²О²ыдыратылады, ал бөлінген оттегі хромогенді сары 
түске бояйды.
Уанье тәсілінде преципитациялық өзгерісті байқау үшін фотоэлектронефелометр 
пайдаланады, әрі соның көмегімен антиген қосылғаннан кейінқан сарысуының оптикалық 
тығыздығының өзгерісі тіркеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет