Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Минералдық ашығу. Аса маңызды минералдық элементтерге калий, кальций, фосфор, 
натрий, магний, хлор, күкірт жатады. Аздаған мөлшерде йод, бром, мырыш, марганец, 
мыс, кобальт, темір және басқа да бірқатар металдар қажет. 
Мал организміне азықпен бірге минералдық заттардың қажетті мөлшері берілмейінше 
өмір сүре алмайды. Әрбір макро – немесе микроэлементтердің жеткіліксіздігі оларға 
қатысты алмасу процестерінде айқын білінеді. Сондықтанда белгілі бір минералдық 
элементтердің немесе олардың бірнешеуінің жеткіліксіздігіне қарай минералдық 
алмасудың тиісті ауытқуы пайда болады. 
Толық минералдық ашығу практикада кездеспейді, өйткені көпшілік минералдық 
элементтер табиғи азық құрамында кездеседі. Алайда минералдық заттардың 
жеткіліксіздігі жекелеген органдардың, жүйелердің және тұтастай организмнің зат 
алмасуын бұзады. 
Судан ашығу.Су – мал организміне аса қажетті. Онда күрделі биохимиялық 
реакциялар: иондық, осмостық, қышқыл-сілті тепе-теңдігі өтеді. Сусыз тіршілік жоқ.
Ауыл шаруашылық малдарының клеткасында 80 процентке дейін су болады. Ал іштегі 
төлде (эмбрионда) су мөлшері 95 – 97 процентке дейін жетеді. Организм ішетін суы, азық 
құрамындағы сұйық арқылы шөлін қандырады. Сонымен қоса, май (100 г: 107 г), белок 
(100 г: 41,3 г) және углеводтар (100 г : 55,5 г) тотыққанда су пайда болады. Сонымен, мал 
өзіне қажетті судың 1/6 бөлігін организм ішінде пайда болған сумен қанағаттандырады. 
Малға су жеткіліксіз берілген жағдайда әр түрлі аурулар етек алады. Азықтың 
қорытылуы мен сіңуі нашарлайды. Бірте-бірте қаны қоюланып, дене температурасы 
көтеріледі. Белоктар мен майлардың ыдырауы күшейеді. Малдың жемшөпке зауқы 
соқпай, одан мүлде бас тартады. Азықтың қорытылуы нашарлап, ішектің қозғалыс 
функциясы бұзылады. 
Мал судан ашығудан гөрі азықтан ашығуға ұзақ шыдайды. Мәселен, мал азықтан 
ашыққанда денесіндегі барлық майын, жартысындай белогын жоғалтады. Ал организмдегі 
судың 20 – 22 проценттейі кемісе мал бірден өліп кетуі мүмкін. 
Жылқы 17 – 18 күндей сусыз өмір сүре алады. Оның алғашқы салмағының 23,4 – 28,8 
проценттейі кемігенде өледі (Коропов В. М. 1943). Д. Н. Кашкаров пен Е. П. Коровиннің 
деректеріне қарағанда (1936) түйе жаз айларында сусыз 8 – 16 күндей тіршілік ете алады. 
Ал, А. М. Самохваловтың пікірінше, Қазақстан жағдайында қарсыз қыста түйе сусыз 8 – 
12 тәулікке шыдай алады. 
Джандиердің және басқалардың тәжірбиесінде (Грузия, 1942) екі қой күз-қыс 
айларында сусыз 21 – 23 күндей өмір сүріп, осы кезде 20,0 – 20,5 процент салмағын 
жоғалтқан.
Қазақтың мал шаруашылық ғылыми-зерттеу институты мен Алматы зоотехникалық-
мал дәрігерлік институтының азықтандыру кафедрасы түйелердің сумен ашығуын білу 
мақсатында 5 тәжірибе жүргізді. Бірінші тәжірибе күз-қыс айларында жүргізіліп, мұнда 
түйе 46 күн сусыз ұсталды. Екінші тәжірибе жаз айларында (шілде – тамыз 1947 ж) 
жүргізілді. Екі түйені 16 тәулік жайылымда сусыз бақты. Сонда тәжірибедегі түйенің 
біреуі 111 кг, ал алғашқы бескүндікте тәулігіне 12,4 кг, екінші бескүндікте – 6,8 және 
үшіншіде – 2,5 кг салмақ жоғалтты. Сонымен, 16 тәулік сумен ашықтырғанда 
тәжірибедегі түйелер орта есеппен 100 кг салмақ жоғалтты, яғни бұл бастапқы 


149 
салмағының 20 проценттейі. Бұл түйелерді 5 күндей бірқалыпты күтіп-бағып, шөлін 
қандыра су бергенде, олар бастапқы салмағын қалпына келтіріп, сергек сезінеді. 
Судан толық және жарым-жартылай ашықтырған жағдайда, су еріткіш ретінде әрекет 
ететіндіктен, организмде алмасу өнімдерінің уы жиналып, малда өзін-өзі улану 
(аутоинтоксикация) басталады. Аутоинтоксикация жүректе, бауырда, бүйректе және басқа 
да органдарда дегенеративтік (азғындау) өзгеріс туғызады, жүрек қызметін және 
бүйректің бөлу функциясын әлсіретеді, зат алмасуы өзгеріп, ең алдымен белоктар көптеп 
ыдырай бастайды, бауырдың уытқа қарсы әрекеті тоқталады. Сумен ашыққан кезде зат 
алмасудағы осындай өзгерістер мал өліміне себепші болады. 
Организмде судың жетіспеуі эндогендік (ішкі) себептерден де болады. Мәселен, іштің 
тоқтамай өтуі, белоктың көптеп ыдырауы, құсуы, қатты терлеу, жиілетіп несеп шығару т. 
б. Организмнен судың көп бөлінуі теріс су балансын тудырады.
Организмде судың кемуі салдарынан орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады, 
сондай-ақ тканьдерде дистрофиялық өзгерістер болады, қаны қоюланады, ыдыраған 
өнімдермен уланады, ацидозға шалдығады, хлоридтер азаяды, организмнің қолайсыз 
факторларға төзімділігі әлсірейді және де сумен ашығу кезінде болатын басқа да 
өзгерістер кездеседі. Организмдегі судың 10 проценттейі азайғанда ауыр кеселге 
ұшыратады, ал судың 20 проценттейі кемігенде мал өледі. 
В и т а м и н н е н а ш ы ғ у ж ә н е а н т и в и т а м и н д е р т у р а л ы т ү с і н і к. 
1881 жылдың өзінде-ақ Н. И. Лунин эксперименттік зерттеулердің негізінде организмге 
өте шамалы мөлшерде қажетті ерекше заттың болатындығы туралы қорытындыға келді. 
Кейіннен К.Функ (1912) кебектен бөлініп алынған биологиялық активті затты витаминдер 
деп атады (vita - өмір, amin – амин), өйткені олардың молекуласында амин топтары 
болады. Азот барлық витаминде кездеспесе де осы атау күні бүгінге дейін сақталып 
келеді. 
Шамалы мөлшерде организмдегі биохимиялық және физиологиялық процестердің 
қалыпты өтуін қамтамасыз ететін төмен молекулалы органикалық қосылыстарды 
витаминдер деп атайды. 
Қазіргі кезде 30-дан астам витамин белгілі болып, олардың химиялық құрылымы 
анықталды. Малға беру үшін көптеген витаминдерді өнеркәсіп жолымен өндіру 
ұйымдастырылды. 
Әр витаминнің өзіндік ерекшелігі бар. Адамдарда күн сайын белгілі бір мөлшерде, 
физиологиялық қажеттілікті өтейтін 12 түрлі витамин қажет. 
Зат алмасудың ерекше бұзылуы мынадай жағдайда байқалады: 
а) азықта витаминнің біреуі немесе бірнешеуі мүлде болмаудан – авитаминоздар; 
б) витаминдердің жеткіліксіздігінен – гиповитаминоздар; 
в) азықта витаминдердің тым көптігінен – гипервитаминоздар пайда болады. 
Азықта витаминнің біреуі жоқ болғанда немесе жетіспегенде – моноавитаминоз, егер 
бірнеше витамин жетіспесе полиавитаминоз деп атайды. 
Сондай-ақ экзогендік және эндогендік авитаминоздар (гиповитаминоздар) деп 
бөлінеді. 
Экзогендік 
авитаминоз 
кезінде 
басты 
этиологиялық 
факторларға 
азықта 
витаминдердің жетіспеуіне немесе мүлде болмауына байланысты алиментарлық 
факторлар жатады. Сонымен қоса, азық рационы құрамының да елеулі маңызы бар. 
Мәселен, райионда белок көбейгенде организм С витаминін, ал ол жеткіліксіз болғанда – 
А витамині мен В² тобындағы витаминдерді, әсіресе никотин қышқылдарын көп қажет 
етеді; углевод көбейген жағдайда кейбір малдарда В¹ витаминін қажетсінуі артады т. б. 
Сондықтанда азық рационын жасаған кезде осы жағдайлар ескерілуі тиіс. 
Эндогендік авитаминоз кезінде организмге келетін витаминдер жеткілікті, бірақ 
олардың организмге сіңуі бұзылуы мүмкін. Мұның өзі ас қорытудың және өт жеткіліксіз 
бөлінген жағдайда майда еритін витаминдердің (А, Д, К, Е) сіңуінің бұзылуынан болады. 


150 
Кейде организмде провитаминдердің (витамин негіздері) активті формаға айналуы 
бұзылады. Мәселен, бауыр ауруға шалдыққанда каротиннің А витаминіне, ультракүлгін 
сәуле жетіспегенде эргостериннің Д витаминіне айналуы бұзылады т. б.
Бірқатар жағдайда витаминдердің организмге (негізінен бауырға) жиналуы жеткіліксіз 
болып, мұндайда қан мен тканьдерде витамин мөлшері кенет өзгереді. Кейбір жағдайда 
витаминдер биосинтезі бұзылуы мүмкін. Мәселен, күйіс қайыратын малдарды дұрыс 
азықтандырмаған жағдайда (алиментарлық улану, кетоздар) қарында В тобындағы 
витаминдердің биосинтезі бұзылады.
В и т а м и н д е р д і ң ж е т і с п е у і н і ң ж а л п ы з а р д а п т а р ы. Авитаминоздар 
мен гиповитаминоздар кезіндегі жалпы клиникалық белгілерге жататыны: өсіп-жетілуінің 
кешеуілдеуі, тәбетінің кемуі, салмағының азаюы, бұлшық ет әлсіздігі, инфекциялық 
ауруларға төзімділігінің, регенеративтік (қалпына келу) қабілетінің кемуі, зат алмасудың 
бұзылуы, өнімділігінің азаюы. Бұл өзгерістерден басқа нақтылы авитаминозға және 
гиповитаминозға тән өзгерістер байқалады. 
Мал дәрігерлері практикасында гиповитаминоздар жиі кездеседі, өйткені азықта 
витаминдердің мүлде болмауы сирек ұшырасады. 
Физикалық-химиялық қасиеттері бойынша витаминдер екі топқа бөлінеді: майда 
еритіндер және суда еритіндер. 
Майда еритіндер витаминдер. Бұған А, Д, Е, К тобындағы витаминдер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет