Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

А тобындағы витаминдер (А¹ А² А³) – антиксерофтальминдік витаминдер. А 
витаминінің ең көп тараған және биологиялық активті формасына ретинол (А¹) жатады. 
Ол тек жануар тектес азық-түліктерде кездеседі. Ретинолдың бастапқы негізі – каротин. 
Жас төлде ретинол жетіспеген жағдайда өсіп-жетілуі баяулайды не мүлде тоқтайды, 
жарасы жөнді жазылмайды, мұның өзі тканьдердің қалпына келу процестерінің тежелуіне 
байланысты. Барлық малда А-витаминозы кезіндегі ерекше патологиялық өзгерістерге: 
тыныс алу және ас қорыту органдарының, жатын-жыныс жүйелерінің кілегей 
қабығындағы эпителий тканьдерінің өзгеруін, көзінен жас, мұрнынан су ағуын, 
ксерофтальмияға (көздің құрғақтануы) шалдығып, көздің мүйіз қабығы қарауытуын, 
ақшам соқырға (гемаралопия) айналуын атауға болады. 
Д тобындағы витаминдер (Д², Д³, Д, Д) – кальциферолдар – рахитке қарсы 
витаминдер. Ол организмге азықпен бірге провитамин – эргостерин формасында түседі. 
Ультракүлгін радиацияның әсерінен теріде эргостерин (Д² және Д³) және 7-
дегидрохолестерин (липидтердің алмасу өнімі) топтарындағы активті витаминдер 
синтезделеді.
Д витамині организмде кальций мен фосфордың сіңуі, сүйектердің өсіп-жетілуі, 
фосфор қышқылды тұздардың жиналуы және реттелуі, фосфордың ішекте сорылуы, ішкі 
секреция бездері жүйесінің активтенуі үшін зор маңызы бар. 
Д-гиповитаминозы кезінде қанда фосфор мөлшері азаяды, сүйек тканінің әк тұзы 
жұтайды, сүйектердің қаттылығы мен құрылымы өзгереді. Жас төлдер рахитке 
шалдығады. 
Өсіп келе жатқан жас төлдерде түтікті сүйектердің жоғарғы немесе төменгі жағының 
әктенуі кешеуілдейді, диафиз (ұзын сүйектердің орталық қуысты бөлігі) бен эпифиз 
(сүйектің жоғарғы немесе төменгі бөлігі) аралығындағы шеміршекті қабат ұлғаяды. 
Сүйектер жұмсарып, формасын өзгертеді. 
Ересек малдарда сүйекті заттар сорылып (остеопороз), сүйек сынғыш келеді 
(остеомаляция). Барлық қаңқада сүйек формасының өзгергендігі байқалады, малдың 
инфекциялық ауруларға төзімділігі әлсірейді.
Жоғарғы өнімді сиырлар остедистрофияға шалдыққандықтан күні бұрын бракқа 
шығауға тура келеді.
Е тобындағы витаминдер (α, β ,γ) - токоферолдар, өсіп-өну факторлары. Е тобындағы 
витаминдер жетіспеген жағдайда малдың ұрық бөлу бұзылады, іштегі төлдің өсіп-жетілуі 
тежеліп, кейінннен мал іш тастамайды. Е витаминінің жетіспеуінің бастапқы белгісі – 


151 
гемолизге эритроциттердің тұрақсыздығы болып саналады. Созылмалы Е-авитаминозда 
бұлшық ет дистрофиясы өршиді, бұлшық еті босайды, бозарады, жүрек бұлшық етінің 
әрекеті бұзылады. Бұзау мен қозы селқос қимылдайды, жүрген кезде ентігеді. Шошқада 
бұлшық ет дистрофиясы, бауыр некрозы пайда болады. 
К 
тобындағы 
витаминдер 
(Κ¹-филлохинон, 
Κ²-фарнахинон, 
Κ³-викасол) 
– 
антигеморрагиялық факторлар. Κ тобындағы витаминдер қан ұю процесінде маңызы зор. 
Олар болмаған жағдайда арнасынан шыққан қан тез ұю қабілетінен айырылады. 
Мұндайда организмде қан ұю процесіне қатысатын протромбин белогының және басқа да 
факторлардың деңгейі кемиді. К-авитминозы кезінде тері астына және бұлшық еттерге қан 
құйылады, қан аздық өршиді. 
С у д а е р и т і н в и т а м и н д е р. Бұл витаминдерге В тобындағы витаминдер, 
аскорбин қышқылы, цитрин жатады. 
Аскорбин қышқылы (С витамині) – құрқұлаққа (цингаға) қарсы витамин. Мал 
организмі үшін аскорбин қышқылының мәні өте зор. Ол тірек белоктарын – коллаген мен 
хондромукоидты құрауға қатысады, бауырда гликогеннің синтезделуіне және жиналуына 
ықпал етеді, қарын бездерінің секрециясын қуаттандырады, тирозинді тотықтандыруға 
және организмде нуклеин қышқылының түрленуіне қатысады, бірқатар гормондарды 
синтездейді, жараның тез жазылуына ықпал етеді. Сонымен қоса, ол организмнің әр түрлі 
инфекцияларға, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады, 
антитела құралуын қуаттандырады, капиллярлардың қалыпты өткізгіштігін қамтамасыз 
етеді, қан айналасына әсер етеді, аконитаз ферментін активтендіреді және лимон 
қышқылды циклге қатысады, организмнің улануға қарсылығын күшейтуге жәрдемдеседі.
Ауыл шаруашылығы малдары үшін аскорбин қышқылының тұтыну мөлшері 
анықталмаған. Бұл малдар аскарбин қышқылын углеводтарды синтездеу арқылы алады 
деп, есептейді. Алайда жылқы, шошқа және құс аскорбин қышқылының азық арқылы 
келуін қажет етеді.
Цитрин (Р витамині) - өткізгіш витамин. Бұл витамин аскорбин қышқылының тұрақты 
серігі болып саналады және әр түрлі зат алмасу процестеріне қатысады.
Цитрин капиллярлар кенересін нығайтып, оның өткізгіштігін реттейді, тамырлардағы 
қан қысымын қалпына келтіруге ықпал етеді. Гиповитаминоз кезінде теріде, әсіресе қан 
қысымы күшейген тұстарда нүктеленіп қанталағаны байқалады. 
В т о б ы н д а ғ ы в и т а м и н д е р. Суда еритін бұл үлкен топтағы витаминдерге 10-
нан астам витамин жатады.
Тиамин (В¹) – антиневриялық фактор, немесе аневрин. Ол күйіс қайыратын малдар мен 
жылқының асқазан-ішек жолдарында синтезделеді. 
Тиамин әр түрлі алмасу процестерінде маңызды роль атқарып, ацетилхолиннің – нерв 
импульсінің өткізгішінің алмасуына ерекше ықпал етеді. Азықта тиаминнің жетіспеуі 
құста жиі, шошқада, бұзау мен қозыда сирек байқалады. Көпшілік малдардың азығында 
тиамннің жетіспеуінің басты белгілері азыққа тәбетінің болмауы, жүдеуі, бұлшық ет 
әлсіздігі, нерв жүйесі функциясының бұзылуы күшеюі, қалтырауға және параличке 
шалдығуы арқылы білінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет