Ырғақ (такт) жиілігі – бір секундта схеманың кірісіне түсетін, синхронды электронды схеманың импульстердің үйлестіруші (орысша синхронизирующий) жиілігі, әғни үйлестіруші такт сандары.
Процесссор келесі екі негізгі параметрлермен сипатталады:
Процесссордың ырғақ жиілігі – процесссордың әрекет жылдамдығын көрсететін шама, яғни оның бір секунд аралығында орындайтын элементарлық амалдар саны. Бұл көрсеткіш процесссордың ең маңызды қасиеті болып табылады. Ырғақтық
172
жиілік Мегагерцпен (Мгц), Гигагерпен (Ггц) өлшенеді. Дербес компьютердің жылдамдығының өлшем бірлігі 1 Мгц = 1 млн. герц/ сек.). (100Мгц –ол 1 секундта орындалатын амалдар саны, яғни 100 миллион элементарлық амалдар).
Мысалы, Pentium 4 2,8 ГГц таңбалауы (орысша маркировка) Intel фирмасы жасағанын, Pentium төртінші буын қатарына жататындығын және такт генераторынан 2,8 ГГц жиілігімен жұмыс істейтінін білдіреді.
Бірақ Intel компаниясы өзінің процессорлары үшін 2004 жылдың 19 науырзынан жаңа таңбалауды енгізді. Жаңа таңбалауда фирманың атауы (Intel), процесссорлар қатарының атауы (Pentium 4, Celeron D, Pentium Extreme Edition немесе Pentium D), сонымен қатар, ескі таңбалауда қолданған жиілікті, жаңа таңбалауға ауыстыратын үштаңбалы сан – Processor Number қолданылатын болды. Мысалы: Intel Celeron 1100 Socket 370.
Достарыңызбен бөлісу: |