Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет100/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   234
Байланысты:
Информатика

Жүйелік шинаәртүрлі түйіндердің әрекеттесу стандарттарын аппараттық түрде іске асырылуы.
Оның разрядтылығы көбіне, компьютердің өнімділігін анықтайды, себебі ол процессорды, жедел сақтау құрылғыны (ЖСҚ), кеңейту слоттарын өзара қосады.
Жүйелік шина деректерді берудің үш бағытын қамтамасыз

етеді:


микропроцессормен негізгі жады арасында;
микропроцессормен және сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару порттарының арасында;
негізгі жады және сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару порттарының (жадыға тура қатынасу режімінде) арасында.
Жүйелік шинаны микропроцессор не тікелей, не, көбінесе
қосымша микросхема – негізгі басқарушы сигналдарды қалыптастыратын шина контроллері арқылы басқарады.

165


Математикалық бірлес процессор
Микропроцессор



Арифметика

И

лық-

н

логикалық

т

құрылғы

е

(АЛҚ)

р




ф




е



Ішкі жады

Тұрақты Жедел


сақтау сақтау

құрылғысы құрылғысы



(ТСҚ) (ЖСҚ)
(ROM) (RAM)

Сыртқы жад


Қатты

Магниттік




магниттік

дискідегі




дискідегі

жинақтауыш




жинақтауыш

(ИМДЖ)




(ҚМДЖ)

)




















































ҚМДЖ




ИМДЖ







адаптері




адаптері






















































Тай-
мер









Микро-

й




үрдіс-орлық

с




жады

т







і







к







ж




Басқару




құрылғысы

ү




(БҚ)

й







е











Басқару, адрестеу және деректер шинасы















































Бейне-




Принтердің




Қоректену




Желілік







адаптері




адаптері




блогы




адаптері







































































































Байланыс





































Дисплей




Принтер






















арнасы




















































































Тактылық
импуль-стардың генераторы


Пернетақтан

ың
интерфейсі


Пернетақта

2.3-сурет. Дербес компьютердің құрылымы


Деректер шинасының разрядтылығы процессордың разрядтылығымен анықталады (яғни, процессордың бір ырғағында өңдейтін екілік разрядтар саны). Деректер шинасы екі бағытты: процессордан құрылғыға және керісінше.
Адрестеу кодын процессор қалыптастырады және адрестеу шинасы тасымалдайды. Адрестеу шинасы тек бір бағытты – процессордан құрылғыға қарай болады.
Жадының адрестелген көлемін разрядттылық анықтайды және деректер шинасының разрядттылығымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Басқару шинасының бойымен алмасатын ақпараттың сипатын (енгізу/шығару), анықтайтын сигналдарды және құрылғылардың әрекеттесуін үйлестіруші сигналдар тасымалданады.
Барлық блоктар, дәлірек айтқанда олардың енгізу/шығару порттары, шинаға бірыңғайланған (орысша унификацияланған) сәйкес

166

қосқыштар арқылы біркелкі (орысша единообразно) қосылады:



тікелей немесе контроллер (адаптер) арқылы.
Жүйелік шинаның маңызды функционалдық сипаттары, ол қызмет көрсетілетін құрылғылар саны және өткізу қабілеті, яғни деректерді тасымалдауда барынша көп мүмкін жылдамдығы. Шинаның өткізу қабілеті оның разрядттылығына (16-, 32- және 64-разрядтты) жұмыс жасауының ырғақ жиілігіне тәуелді.
Жүйелік шинаның физикалық ұсынылған түрі, аналық тақшаның үстінде орналасқан паралельді өткізгіштер.

2.4-сурет. PCI шинасының қосқыштары (жоғарыдан төмен: x4,x16,x1 және x16), кәдімгі 32-биттік PCI шинасының қосқыштарымен (төменде) салыстырғанда.


Компьютердің әртүрлі құрылғыларын бір бірімен қосу үшін, олардың интерфейстері (ағылш. interface, inter – арада, face – бет) бірдей болуға тиіс.
Интерфейсбұл, барлық физикалық және логикалық параметрлері өзара келістірілген екі құрылғыны түйіндестіру (орысша сопряжения) құралы.
Егер, интерфейсті көпшілік қабылдаған болса, мысалы, халықаралық деңгейде келісіліп бекітілген, онда ол стандартты деп аталады.
Функционалды элементтердің (жад, монитор немесе басқа құрылғы) әр қайсысы бір ғана типке қалыптанған шинамен адрестеу, басқару немесе деректер шинасымен байланысқан.
Интерфейстерін келістіру үшін, сыртқы құрылғылар шинаға тікелей қосылмайды, өздерінің контоллерлері (адаптерлері) және порттары арқылы шамамен мына схемада көрсетілгендей қосылады:



Құрылғы Конроллер Порт Шина

немесе адаптер
Контроллер (құрылғының бақылаушысы) және адаптер (байланыстыру құрылғысы) интерфейстерін сәйкестіру мақсатында,

167

копмьютер құрылғылары жабдықталған электрондық тізбе жиынтығы.
Контроллер одан басқа, микропроцессордың сұрауы бойынша, сыртқы құрылғыларды тікелей басқаруды жүзеге асырады.
Құрылғылардың порттарыбір немесе бір неше енгізу-шығару регистрлі және компьютердің сыртқы құрылғыларын микропроцессордың сыртқы шиналарына қосуға мүмкіндік беретін әлдебір электрондық схемалар.
Сонымен қатар, стандартты интерфейс құрығылары: тізбектей жалғасқан (орысша последовательный), параллель және ойын порттары (немесе интерфейстер) порттар деп аталады.
Тізбектей жалғасқан порт – деректі процессормен бір-бір байттан, ал сыртқы құрылғылармен – бір-бір биттен айырбастайды.
Параллель порты – деректерді бір-бір байттан алады және жібереді.
Тізбектей жалғасқан портқа, әдетте баяу істейтін немесе едәуір алысталған құрылғыларды (тінтуір немесе модем сияқты) қосалады.
Параллель портқа «жылдамдау» құрылғылар – принтер немесе сканер қосылады.
Ойын порты арқылы джойстик қосылады. Пернетақта және монитор өздерінің қосқыштары деп аталатын арнаулы портарына қосылады.
Процессордың архитектурасын анықтайтын негізгі электрондық құрамдастар, жүйелік немесе аналық (MotherBoard) деп аталатын компьютердің негізгі тақшасында орналасады. Қосымша құрылғылара арналған контроллерлер және адаптерлер, не ол құрығылардың өзі кеңейту тақшалары түрінде орындалады (DаughterBoard–орысша дочерняя тақша) және шинаға, кеңейту слоттары (slot саңылау) деп аталатын кеңейту қосқыштарының көмегімен қосылады.
Қазіргі кезде жүйелік шинада айналасы үш типті слоттар қойылады: PCI, AGP және дыбыс құрылғылары үшін қосқыштардың варианттының біреуі.
Қазіргі дербес компьютерлерде сыртқы құрылғылардың көп типтері үшін (модем, дыбыс тақшасы және басқа) PCI слоттары арналған. Осы заманғы бейнекарталарды қою үшін AGP слоттары қолданылады.

168



Тест сұрақтары
Автоматты есептеуіш машинаның функционалдық құралдарының құрамы мен тағайындалуын алғаш рет анықтаған:
Клод Шеннон

Алан Тьюринг;


Чарльз Бэббидж;

Джон фон Нейман;

Ада Лавлейс.

Жедел жадының адрестелуі – ол:

жадының құрылымдық бірліктерінің дискреттілігі

жедел жадының энергиялық тәуелділігі;


жадының әр бірлігіне ерікті қатынасу мүмкіндігі;

жедел жадының әр ұяшығының нөмірленуі

жедел жадының энергиялық тәуелді еместігі

Компьютерді программамен басқару принципі:


компьютерде деректердің екілік кодталуы
компьютерді басқаруда адамның ақпараттық іс әрекетін модельдеу;
сыртқы аралусыз тұтастай командалар сериясының орындалу мүмкіндігі;
аппаратық құрылғылардың жұмысын синхрондау үшін операциялық жүйені қолдану мүмкіндігі;
компьютерде командаларды іске асыру үшін пікірлерді санауға формулаларды қолдану.
Процессордың құрамына кіретін құрылғыларды атаңыз:

жедел сақтау құрылғысы, принтер;

кэш-жады, бейне жады;

сканер, ТСҚ;

дисплелік процессор, бейнеадаптер;
арифметикалы-логикалық құрылғысы, басқару құрылғысы.

ЭЕМ құруда Фон Нейманның негізі принциптері:


ЭЕМ-ң логикасы және негізгі компоненттерінің бірмағналы жеткілікті айқындау принципі;
барлық ақпаратты екілік жүйеде кодттау және программаны сақтау принципі;
программалық басқару және жадының адрестеу принципі;

жоғарыдағы айтылғандардың барлығы;

дұрыс жауап жоқ,
Қазіргі компьютерлердің архитектурасының айырықша ерекшелігі ол:

169

ішкі жадының болуы;

процессордың болуы;


жұйелік шинаның болуы;

принтердің болуы;

дұрыс жауабы жоқ.

Машиналық сөз – ол:


компьютердің жұмыс бірлігінде қолданатын сыйымдылық бірлігі;
процессордың тек қана 32 бит тізбегін өңдеу мүмкіндігі;

процессордағы тәртібі анықталған белгілер тізбегі;

дұрыс жауап жоқ;

процессордың тұтастай өңдей алатын ең ұзын биттер тізбегі.


Есептеу машиналарында екілік есептеу жұйесін қолдану идеясын айтқан:
Ч. Бэббидж;

Б. Паскаль;

Г. Лейбниц;

Дж. Буль;

Дж. фон Нейман.
Жүйелік шинаның қызметі:
дербес компьютердің барлық құрылғыларының арасында ақпаратты алмастыру арнасы;
компьютерлер арасында байланысты бақару арнасы;

командалық амалдардың орындалуын басқарады;

жоғарыдағы айтылғандардың барлығы;
дұрыс жауап жоқ.
10. Қазіргі заманғы дербес компьютерлердің магистральды-модульдық принципі оның аппараттық компоненттерінің мынадай логикалық ұйымдастыруын қарастырады:
әр құрылғы басқалармен тура байланысады;
әр құрылғы басқалармен тура байланысады, сонымен қатар бір орталық магистраль арқалы;
барлық құрылғылар өз ара деректер, адрестік және басқару шиналарынан тұратын магистраль арқалы байланысады;
құрылғылар өз ара анықталған тұрақты тізбекпен (шеңбарлі) байланысады;
барлық құрылғылардың өз ара байланысы орталық процессорға қосылу арқалы іске асырылады.

170





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет