Blu-ray Disc, BD (blue ray — көк сәуле және disc — диск; blue орнына blu – әдейі жазылған) – оптикалы тасымалдауыштың пішімі, цифрлық деректерді жазу және сақтау үшін қолданылады, соның ішінде, тығыздығы көтеріңкі айқындылығы жоғары бейне.
Қазіргі кезде BD-R (бір ретті жазу) және BD-RE (көп ретті жазу) қолданысқа кіруде, BD-ROM пішімі жасалуда.
Flash – память (Flash-Memory) – кішкентай көлемді сыртқы жады, компьютерге USB – порты арқылы қосылады. Сыйымдылығы қазіргі кезде 64 Гб – қа жетіп қалды.
UDF (Universal Disk Format, әмбебап дискілік форматы) – қайта жазылатын компакт-дискілерде қолданылатын файлдық жүйе.
Тест сұрақтары
Дербес компьютердің негізгі аппараттық құрамы:
қоректендіру блогы, жады, сканер, шлюздар, адаптерлер, коннекторлар, желілік тақша;
қатты диск, принтер, модем, бейнетақша, слоттар, монитор; иілгіш (FDD), винчестер (HDD), лазер (CD) дискілері;
жүйелік блок (аналық тақша, процессор (CPU), RAM-жедел жады, бейнетақша, дыбыстық тақша, желілік тақша); винчестер (HDD), иілгіш (FDD), лазер (CD) дискілері; монитор, “тінтуір”, модем, принтер;
процессор, жады микросхемалары, енгізу-шығару құрылғылары.
коннекторлар, бейнетақша, лазер (CD) дискілері; монитор, “тінтуір”, модем, принтер.
Процессордың (CPU) атқаратын функционалды қызметі
арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды, компьютердің барлық құрылғыларына басқарушы сигналдарын қалыптастырады;
деректерді дискіге жазады, сақтайды, оқиды;
ақпараттың барлық түрлерін компьютерге енгізуді ұйымдастыратын, принтерге шығаруға команда беретін компьютердің миы;
тек қана пайдаланышыны мен компьютер арасынағы диалогты басқарады;
дұрыс жауап жоқ.
Процессордың негізгі сипаттамалары:
регистрлер саны, типі;
разрядтылығы, ырғақ жиілігі;
көлемі, жылдамдығы;
жоғарыдағы айтылғанның бәрі;
дұрыс жауап жоқ.
Жедел жадының (RAM) функционалды қызметі:
электрондық жылдам жады, ағымдық ақпаратмен жұмыс істеу үшін қолданылады;
мәтіндік ақпаратты қабылдауға арналған;
ағымды деректерді магистраль арқылы дискізе жіберуге арналған;
барлық типті деректерді ұзақ мерзімге сақтауға арналған;
жоғарыдағы айтылғанның бәрі.
Сыртқы жадының құрылғыларына:
FDD, HDD;
178
CD-ROM, CDRW магниттіоптикалық диск;
Flash жады, стриммер, т.б.;
жоғарыдағы айтылғанның бәрі;
дұрыс жауап жоқ.
Жүйелік шинаның функционалды қызметі
дербес компъютердің барлық құрылғыларынаң арасында ақпарат алмасу арнасы;
компьютерлер арасында байланысты басқаратын арна;
командалық опрерациялардың орындалуын басқарады;
жоғарыдағы айтылғанның бәрі;
дұрыс жауап жоқ.
Операциялық жүйелік программаның жасайтын функционалды қызметі:
компьютердің ресурстарын басқарады, қолданбалы программаларды қосады;
қолданбалы программалардың жұмысын, сыртқы құрылғылармен және басқа программалармен үйлестіреді;
пайдаланушы мен компьютер арасындағы диалогты қамтамасыз етеді;
жоғарыдағы айтылған әрекеттердің бәрін үйлестіріп орындайды;
дұрыс жауап жоқ.
Компьютердің жұмыс жылдамдығы тәуелді:
процессордың ақпаратты өңдеу ырғақтық жиілігіне;
қосылған принтердің болуына ия жоқтығына;
операциялық жүйенің интерфейсінің ұйымдастырылуына;
сыртқы сақтау құрылғының көлеміне;
өңделетін ақпараттың көлеміне;
Процессордың ырғақтық жиілігі деген - ол:
уақыт бірлігінде процессордың іске асырытын екілік амалдардың саны;
компьютердің логикалық түйіндерінің жүмысын синхрондайтын, бір секундта өнділетін импульстар саны;
уақыт бірлігінде процессордың жедел жадыға қатынау мүмкіндіктерінің саны;
процессормен енгізу/шығару құрылғыларының арасындағы ақпарат алмасу жылдамдығы;
процессормен тұрақты жадының арасындағы ақпарат алмасу
жылдамдығы.
10. Процессордың құрамына кіретін құрылғыларды нұсқаңыз:
кэш-жады, бейне жады;
179
жедел сақтау құрылғысы, принтер;
арифметикалы-логикалық құрылғысы, басқару құрылғысы;
сканер, тұрақты жады;
дисплейлік процессор, бейнеадаптер.
11. Тұрақты сақтау құрылғысының қызметі:
компьютерге бастапқы жүктеу программасын сақтау және оның түйіндерін тестілеу үшін;
пайдаланушының жұмысы кезінде программасын сақтау үшін;
ерекше құнды программаларды жазу;
жиі қолданылатын программаларды сақтау;
ерекше құнды құжаттарды тұрақты сақтау.
12. Орындалу барысында қолданбалы программа сақталады:
бейнежадыда;
процессорда;
жедел жадыда;
қатты дискіде;
тұрақты сақтау жадысында (ПЗУ).
13. Дербес компьютер жұмыс жасамайды, егер қай құрылғыны ажыратса:
дискжетекшіні;
жедел жадыны
тінтуірді;
принтерді;
сканерді.
14. Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау қызметін атқарушы:
жедел жады;
процессор;
сыртқы тасымалдаушы;
дискжетекші;
қоректендіру блогы.
15. Ақпаратты сыртқы тасымалдауыштарда сақталу үрдісі жедел жадыда сақталу үрдісінен принципті айырмашылығы:
a. компьютерді қоректендіруден ажыратқаннан кейінде ақпараттың сыртқы тасымалдауыштарда сақтала беретіндігінде;
сақталған ақпараттың көлемімен;
сақталған ақпаратқа қатынасудың әртүрлі жылдамдығымен;
ақпаратты қорғау мүмкіндігімен;
сақталған ақпаратқа қатынасудың әдістерімен.
16. Компьютерді өшіргенде ақпарат:
жедел жадыдан жойылады;
тұрақты сақтау құрылғысынан жойылады;
180
қатты дискіден өшіріледі;
магниттік дискіден өшіріледі;
компакт-дискіден өшіріледі.
17. Дискжетекші құрылғысы — ол:
орындалушы программаның командаларын өңдеу үшін;
деректерді сыртқы тасымалдауыштан оқу/жазу үшін;
орындалушы программаның командаларын сақтау үшін;
ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін;
ақпаратты қағазға шығару үшін.
18. Сыртқы жадының негізгі қасиеттері:
көлемі шексіз, компьютерді өшіргенде тазармайды, ақпарат ұзақ сақталады; бұған иілгіш (FDD), винчестер (HDD), лазер (CD) дискілері жатады;
дискжетекті басқарады;
компютердің жұмысын басқарады, өшіргенде ақпарат сақталмайды
компьютердің жұмысы барысында мазмұны өзгермейтін жады.
дұрыс жауап жоқ.
19. Оперативті жедел жадының негізгі физикалық қасиеттері:
компьютерді өшіру жағдайында ақпарат сақталады, көлемі үлкен;
жадының операциялық жүйе орналасқан бөлігі, физикалық түрі - электронды микросхемалар;
өзгертілгеннен кейін файлдар сақтау қызметін атқарады.
ақпарат алмасуы өте жылдам, көлемі шектеулі, компьютерді өшіру жағдайында тазарады, нағыз түрі - электронды микросхемалар;
жоғарыдағы айтылғандардың барлығы дұрыс.
20. Ашық архитектура принципі - ол:
компьютердің барлық компоненттерінің көзге көрінуі;
құрығыларды қосу немесе компьютердің конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі;
компьютердің барлық компоненттерінің тұтастығы;
компьютерге сыртқы құрылғыларды қосудың мүмкінсіздігі;
жоғарыда көрсетілгендер ешнәрсені білдірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |