CD жылдамдығы. Алғашқы стандарт бойынша CD–ROM-ң оқу жылдамдығы 150 Кбайт/сек. қолданылды. Бұл – бірлік (одинарная) жылдамдық деп аталады. Бүгінгі күнде 2-лік, 4-тік, ..., 50, 52 және одан жоғары жылдамдықты CD бар.
DVD (digital versatile disk) – қарапайым дискілерге қарағанда, лазер толқынының ұзындығын азайтып қолданғандықтан, көлемі үлкен ақпаратты сақтау мүмкіндігі бар, көп мақсатты цифрлы диск.
DVD-жетек — осындай тасымалдауыштардан оқуға (немесе жазуға) арналған құрылғы.
DVD оқу және жазу үшін толқын ұзындығы 650 нанометр қызыл лазер қолданылады.
Деректер құрылымы бойынша DVD төрт түрі (типі) болады:
DVD-бейне —фильмдерден тұрады (бейне және дыбыс);
DVD-Audio — жоғарғы сапалы аудио деректерден тұрады (аудио-компакт-дискілеріне қарағанда анағұрлым жоғары)
DVD-Data — кез келген деректерден тұрады;
аралас мағналы.
Компакт-дискілерде жазылған аудиодискісінің қүрылымы, деректер дискісінің құрылымынан күрделі айырмашылығы бар. Ал, оған қарағанда, DVD әрдайым UDF1 файылдық жүйесі қолданылады (деректер үшін ISO 9660 қолданылуы мүмкін).