2.4. Сыртқы жады
Сыртқы жады (ССҚ) – электр энергиясынан тәуелсіз көлемі үлкен, ақпаратты ұзақ мерзім сақтауға арналған алмалы-салмалы
магниттік тасымалдаушы құрылғылар.
Сыртқы сақтау құрылғыларына мыналар жатады:
Қатты магнитті дискідегі жинақтауыш (HDD – Hard Disk Drive) немесе винчестер – жүйелік блокта кірістірілген, жұмыс жасауға барлық қажет ақпаратты, атап айтқанда: операциялық жүйелерді, программалар дестесін, сандық деректерді, мәтіндерді, ойындарды және т.б. сақтау үшін арналған.
2.9-сурет. Бөлшектенген қатты диск Samsung HD753LJ (750 ГБ, 2008 ж. жасалған)
Тарихтан: ең алғашында, магниттік жинақтауыш құрылғысы, әр қайсысы 30 Мбайттық екі дискіден тұратын біртұтас блок түрінде жасалатын. Ондай жинақтауыштың жалпы көлемі 30/30 цифрлар түрінде белгіленіп жүрді. Ондай белгі, көне аңшылық «Винчестер» атты мылтығының калибріне ұқсас болғандықтан, ондай қатты жинақтауыш дискісі винчестер аталып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |