ыңғайлы және сенімділік үшін, оны бірнеше логикалық дискілерге: C:
E: – атауларымен бөледі.
Оптикалы диск (optical disc) – ақпаратты оқуды оптикалық сәуле шығару көмегімен жүргізетін, диск түріндегі ақпаратты тасымалдауыштардың жалпы аталымы. Диск әдетте жалпақ, оның негізі поликарбонаттан жасалады, үстіне ақпаратты сақтауға арнайы қабат жағылады.
Ақпаратты оқу үшін әдетте лазер сәулесі қолданылады, ол арнайы қабатқа бағытталадыжәне одан қайтарылады (орысша отражение).
Қайтарылған кезде арнайы қабатта сәуле өте ұсақ қуыстарға (орысша выемка) (питтерге ағылш. pit—кішкене шұңқыр, шұңқырлау) үлгіленеді, оны, оқу құрылғысының кері кодтауының(орысша декодирование) негізінде дискіде жазылған ақпарат қалпына келтіріледі.
CD–ROM – ауысымды лазер компакт-дискілерінен ақпараттытек оқуға арналған құрылғы.
Лазер магнитті компакт-дискілері CD–ROM (Compact Disk Read Only Memory) – жазылған ақпаратты тек оқуға ғана және ұзақ мерзімге сақтауға арналған.
CD–RW – ауысымды лазер компакт-дискілерінен ақпаратты оқып/жазуға арналған құрылғы.
Лазер магнитті компакт-дискілері CDRW (Compact Disk Read Write) – жазылған ақпаратты оқып/жазуға арналған.