Символдарды кодтау (ағылш. encoding) — белгілердің шектелген жиынын нақтылы кодтау кестесі. Мұндай кестеде әр символды, ұзындығы бір немесе бірнеше байттар тізбегімен салыстырады.
Қазіргі кезде негізінен үш типті кодтау қолданылады: ASCII1 кодымен үйлесімді, EBCDIC кодымен үйлесімді және 16-биттік Юникодқа негізделген кодтаулар.
EBCDIC (Extended Binary Coded Decimal Interchange Code ) — кеңейтілген екілік-ондық ақпарат алмасу коды, айтылуы «эб-си-дик».
IBM корпорациясы құрастырған стандарты сегізбиттік EBCDIC коды латын алфавитінің әріптерін, араб цифрларын, кейбір тыныс белгілерін және басқару символдардын кодтайды.
Кириллица кодтауы қосылған Ресейлік ДКОИ-8 коды EBCDIC-ке ұқсасты болып келеді.
Юникод немесе Уникод (англ. Unicode) — шын мәнінде барлық жазба тілдердің белгілерін ұсынуға мүмкіндік беретін, символдарды кодтау стандарты.
Бұл стандартты 1991 жылы коммерциялық емес «Юникод консорциумы» (Unicode Consortium, Unicode Inc.) ұжымы ұсынған.
Юникодта 1 114 112 (=220+216) сиволдар позицияларының қоры бар, оның ішінде 100 000 астамы қазіргі қолданыста.
Бұл стандарттың қолданылуы әртүрлі жазбалардан өте көп символдар санын кодтауға мүмкіндік береді. Unicod құжаттарында қытай иероглифтеры, математикалық символдар, грек алфавитінің әріптері, латын және кириллица көршілес болуы мүмкін.
1-тарау. §5. 5.4-бөлімі. және 3-қосымшаны қараңыз.