Ақпаратты қабылдаушы – мәліметті қабылдап және оны дұрыс пайымдау (интерпретациялау) мүмкіндігі бар субъект немесе объект.
Ақпаратты тасушы – мәліметтерді ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберуге бір арнайы заттандырылған (материалданған) субстанция. Мәліметтер, тасушының көмегімен сигнал арқылы беріледі.
Сигнал – хабарды беруді қамтамасыз ететін қандай да бір физикалық шаманың уақыт барысында өзгеруі.
1.5. Ақпараттың үздіксіз және дискретті ұсынылуы
Уақыт ағымында сигналдың параметрінің өзгеру ерекшеліктеріне байланысты, сигнал екі түрге: үздіксіз және дискретті деп ажыратылады.
Сигнал, егер оның параметрі біраз уақыт аралығында кез келген мәндерді қабылдай алса, үздіксіз (немесе аналогты) деп аталады.
-
а) үздіксіз сигналдар
|
б) дискретті сигналдар
|
z
|
z
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
t t
1.2-сурет. Сигналдардың графикалық бейнесі
Егер сигналдың параметрінің мәнін Z - пен, ал уақытты t –мен белгілесек, онда Z(t) тәуелділігі үздіксіз функция болады (1.2а-сурет).
Үздіксіз сигналдың мысалдары ретінде сөзді және музыканы, бейнелеуді, термометрдің көрсеткішін, жүректің кардиограммасын, т. б. келтіруге болады.
Сигнал, егер оның параметрі біраз уақыт аралығында шектелген мәндерді қабылдай алса, дискретті деп аталады..
Дискретті сигналдардың мысалы 1.2б-суретінде көрсетілген. Дискретті сигналдар параметрлерінің дискретті және шектелген мәндері {Z} жиынымен сипатталады. Дискретті сигналды қолданатын құрылғыларға сағат, цифрлық дәл өлшеу аспаптары, кітаптар, ақпараттық тақта және басқалар жатады.
Үздіксіз және дискретті сигналдарының ең маңызды және негізгі айырмашылығы ол, дискретті сигналдарды белгілеуге болатындығы. Яғни, тап осы сигналды басқасынан ажырату үшін, сигналдың саны шектелген мүмкін мәндерінің ішінен әр қайсысына белгі беру.
Дискреттеу – ол үздіксіз аналогтық сигналды дискреттік немесе дискретті-үздіксізге аудару үрдісі.
Сигналдың параметрінің мәндерінің шектелген жиынының ішінен, олардың мөлшерлі саны таңдалады.
Ол үшін функцияның анықталу аймағы x1, x2,... хn нүктелерімен ұзындығы тең кесінділерге бөлінеді, әр кесіндідегі функцияның мәні, мысалы, осы кесіндідегі орта мәніне, тұрақты және тең.. Осы кезеңде шыққан функция математикада сатылы деп аталады.
1.3-сурет. Үздіксіз хабарды дискіреттілеу процедурасы
Келесі қадам – функция мәндерін «сатылар» осіне (ордината осі) кескіндейміз. Осылай алынған у1, у2, ... уn.функциясының мәндер тізбегі үздіксіз функцияның дискретті ұсынылуы болады. Аргументтің мәндерінің анықталу аймағындағы кескінділердің ұзындықтарын кішірейту жолымен бұл функцияның дәлдігін шексіз жақсартуға болады. Нәтижесінде шектелген сандар жиынын аламыз (1.3-сурет).
Үздіксіз сигналды кез келген дәлдікпен (дәлдікті өсіру үшін қадамды азайтса жеткілікті) дискреттеу мүмкіндігі информатикада өте
маңызды.
Компьютер — ол, цифрлық машина, яғни ондағы ақпараттың ішкі ұсынымы дискретті. Енгізілетін ақпаратты дискреттеу (егер ол үздіксіз болса) оны компьютермен өңдеуге жарамды етеді.
Басқа да есептеуіш машиналарда бар – олар аналогты ЭЕМ. Олар әдетте арнайы есептерді шығаруға қолданылады да көпшілікке көбінесе белгісіз. Бұл ЭЕМ-ға енгізілетін ақпаратты дискреттеудің қажеті жоқ, себебі мұндай есептеуіш машиналарда ішкі ұсынылу ұздіксіз. Керісінше бұл жағдайда – егер сыртқы ақпарат дискретті болса, онда оны қолдану алдында үздіксізге айналдыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |