4.2. Логикалық шама, айнымалы, өрнек Логикалық шамалар: АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН (true, false) сөздерімен айтылатын ұғымдар. Демек, пікірлердің ақиқаттылығы логикалық шамалар арқылы айтылады.
Логикалық константа: АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН.
Логикалық айнымалы: символдармен белгіленген логикалық шама. Демек, егер А, В, Х, Ү және басқа – айнымалы логикалық шамалар екені белгілі болса, онда олар тек қана АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мәндерін қабылдай алады.
Логикалық өрнек — ол, жай немесе күрделі пікір. Күрделі пікір, логикалық амалдардың (байламдардың) көмегімен жай пікірлерден құрылады.
4.3. Логикалық амалдар Конъюнкция (логикалық көбейту) – ЖӘНЕ сөзімен айтылады. Математикалық логикада &, ^ белгілері қолданылады. Конъюнкция – екі орынды амал, функциясының пішімі: F = X Y.
Егер операндалардың біреуінің ғана мәні жалған болса, онда өрнектің мәні ЖАЛҒАН болады. Бұл амалдың ақиқаттық кестесін, 1 және 0 сандарының көбейту кестесі деуге болады Сондықтан, конъюнкцияны көбінесе логикалық көбейтінді дейді.
мысал. Күрделі пікірді қарастырайық: «6 саны 2 бөлінеді және 6 саны 3 бөлінеді». Осы пікірді логикалық формула түрінде көрсетейік. «6 саны 2 бөлінеді» және «6 саны 3 бөлінеді» деген жай пікірлерін А және В деп белгілесек. Онда, логикалық формула былай жазылады: F = A & В. Әлбетте, оның мәні – АҚИҚАТ.