Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


§4. Есептеуіш техниканың логикалық негізі



бет40/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   234
§4. Есептеуіш техниканың логикалық негізі Жоспар

4.1. Логикалық ақпарат және логика негіздері.

4.2. Логикалық шама, айнымалы, өрнек.

4.3. Логикалық амалдар7


4.4. Логикалық элементтер.

4.5. ЭЕМ түйіндері.


4.1. Логикалық ақпарат және логика негіздері
Логика ақиқат және дұрыс ойлаудың формасы (қалыбы), заңдары мен ережелері туралы ілім.
Ойдың ақиқат әрі дұрыс болуын ұйымдастыратын және қадағалайтын біліми пән логика деп аталады.
Ойлаудың пішіні (қалыбы) деп шынайы өмірдегі нәрселердің қасиеттері мен қатынастарын бейнелеу әдістерін атайды.
Логика пәнінде, негізінен, ұш түрлі ойлау қалыбы қарастырылады. Олар: 1) «ұғым»; 2) «пайым» және 3) «ойқорыту» деп аталады. Ойлау формаларының әрқайсысына белгілі бір тұлғалық құрылым тән болып келеді. Бұл құрылымдарды өрнектеп көрсету үшін арнаулы белгілемелер (символикалар) жүйесі қолданылады. Осындай белгілемелер тілінде өрнектелген ойды формалданған (қалыптанған) ой деп атайды.
Ойқорытулар ережелерінің жиынына байланысты, ғылыми пән ретінде, логика бірнеше түрлерге бөлінеді: формалданған логика, математикалық логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т. б.
Математикалық логика, формалданған логиканың бір бөлігі болып табылады. Егер, формалданған логика біздің дағдыланған пайымдарымызды талдауға байланысты болса, математикалық логика, қатаң айқындалған, бірмәнді ақиқат немесе жалған екенін шешетін, объектілерді және пікірлерді зерттейді.
Тарихтан: Математикалық логиканың негізін қалаушысы ретінде ұлы неміс математигі Лейбниц1 есептеледі. Ол, XVII ғасырда, бірінші логикалық есептеулерді құруға талпынған. Логиканы есептеулерге жақындатып, логикалық символиканы дәлдеген және жетілдірген.
Лейбниц құрған іргетастың үстіне, басқа ұлы математик Джордж Буль2 («Овод» романының авторы Э. Войничтың әкесі), ғылымның жаңа аймағын – математикалық логиканы құрған. Ол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет