5.5.1. Бүтін сандар
Көптеген бүтін сандардың, ЭЕМ-ң жадындағы ұсынымы шектеулі. Санның мәндерінің диапазоны, оны сақтау үшін қолданатын
жадының ұяшықтарының өлшеміне байланысты. K–разрядтты ұяшықта, 2k бүтін сандардың әртүрлі мәндері сақталуы мүмкін.
1-ші мысал. Бүтін сандарды ұсыну үшін компьютерде 16 – разрядты (2 байттық) ұяшық қолданылсын дейік. Сақталған сандардың диапазоны қандай екенін анықтайық, егер:
а) тек қана оң сандар қолданылса;
б) оң сандар және теріс сандар тең мөлшерде қолданылса. Шешімі. 16 – разрядты ұяшықта барлығы 216 = 65536 әртүрлі
мәндер сақталуы мүмкін. Демек:
а) мәндер дипазоны 0 ден 65535 дейін (0 ден 2k – 1 дейін);
б) мәндер дипазоны -32768 ден 32767 дейін (-2k-1 ден 2k-1 – 1 дейін).
K – разрядтты машиналық сөзде сақталған бүтін оң N санының ішкі ұсынымын алу үшін:
N санын екілік санау жүйесіне аудару қажет;
шыққан нәтиженің сол жағынан k разрядқа дейін нөлмен толтықтырылады.
2-ші мысал. Екі байттық ұяшықтағы бүтін 1607 санының ішкі ұсынымын алу қажет.
Шешімі. N = 160710 = 110010001112. Бұл санның ішкі ұсынымы келесі түрде болады: 0000 0110 0100 0111. Санның ішкі ұсынымының оналтылық қалпын алу үшін, әр тетраданы сәйкестікпен ауыстырсақ, 0647 оналтылық цифры шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |