Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет9/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   234
Ақпарат қозғалысы – ол басқару үрдістерінің ішкі мәні. Кибернетиканың ашылған кезінен бастап басқару тек жоғары (биологиялық және әлеуметтік) ғана емес, материя қозғалысының барлық түрлеріне қатысты қарастырылады. Қозғалыстың тірі емес – жасанды (техникалық) және табиғи жүйелердегі көптеген қырлары, олардың химия, физика, механикада ақпараттық жүйеде емес, энергетикалық жүйеде зерттелуіне қарамастан, ортақ басқару белгілерімен сипатталады.
Осындай жүйелердегі ақпараттық көзқарастар жаңа пәнаралық ғылым – синергетика пәнін құрайды.

18



Синергетика – ғылыми зерттеулердің пәнаралық бағыты. Оның мақсаты – жүйелердің (жүйеастынан құралатын) өзіндік ұйымдасу принциптері негізінде табиғи құбылыстар мен үрдістерді зерттеу болып табылады. «...табиғаты әрқилы құрылымдардың өзіндік ұйымдасу, шығу, қолдау, тұрақтану мен ыдырау үрдістерін зерттеумен айналысатын ғылым».1
Әлеуметтік жүйелердегі2 басқаруда айшықталатын ақпараттың жоғарғы формасы – білім болып табылады. Педагогика мен жасанды интеллект зерттеулерінде кең қолданылатын бұл пәнүстілік ұғым да маңызды философиялық категориядан үміткер.
Философиялық тұрғыдан танымды басқарудың функционалды аспектілерінің бірі деп қарастырған абзал. Мұндай көзқарас таным үрдістері генезисін, оның негіздері мен болашағын жүйелі түрде түсінуге жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет