1.3. Ақпараттың сапалық қасиеттері Объективтік. Ақпарат біреудің пікіріне немесе тұжырымына, алу әдістеріне тәуелсіздігімен сипатталады. Неғұрлым ақпаратты алу және өңдеу әдістеріне субъективті элементтер аз болса, соғұрлым ақпарат объективті болады.
Деректілік. Егерде ақпаратта істің шынайы нақты жағдайы көрсетілсе, онда ол ақпарат деректі. Деректі емес ақпарат түсініспеушілікке немесе теріс шешім қабылдануына апарады.
Уақыт өте келе деректі ақпарат ескіру қасиетіне байланысты, дерексіз ақпаратқа айналуы мүмкін, яғни істің нақты жағдайыкөрсетілмей қалады.
Толықтылық. Егер белгілі бір шешім қабылдауға немесе түсінуге ақпарат жеткілікті болса, онда ол толық. Толық емес ақпарат болсын, артығымен берілген ақпарат болсын дұрыс шешім қабыдауға кедергі келтіреді немесе қателікке апарады.