Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Информатиканың фундаментальды негіздері



бет7/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   234
Информатиканың фундаментальды негіздері


Теориялық
информатика
Математикалық және ақпараттық модельдер, ал-
горитмдер. Ақпараттық жүйелерді және технологияларды жобалау және құру әдістері.




лдары

Техникалық

Деректерді

Дербес компьютерлер. Жұмыс станциялары.

жіберу

коммуникациялық

жүйелер,

аудио










өңдеу

Есептеу жүйелері. Енгізу/шығару құрығылары.







Деректерді

ЭЕМ торлары. Комплекстер. Техникалық







байланыс құралдары және компьютерлік теле-

а










бейнежүйелер, мультимедиа.







ұ р

























Компьютераралық




байланыстың

қ




Жүйелік







программалық құралдары, есептеуіш және

а у






















ақпараттық

орталар.

Операциялық

жүйелер.

л










Жүйелер

және

программалау

тілдері.

Информатизация

Программалық

Технологияныіскеасыру

КәсіптіӘмбебапбағытталған

Пайдаланушы тілдері, сервистік қабықшалар,

























Пайдаланушы интерфейсінің жүйесі.
















Мәтіндік және графикалық редакторлар.













Деректер қорын басқару жүйесі. Электронды













кестелер

процессорлары.

Объектілерді,













үрдістерді, жүйелерді модельдеу құралдары.













Баспалық жүйелер. Кәсіпті бағытталған













жүйелерді

есептеу

технологиясын













автоматтандыру, жобалау, деректерді өңдеу..













Жасанды интеллектік жүйелер.







  1. деректерді енгізу/шығару, сақтау, беру және өңдеу;

Ақпараттық

мәтіндік және графикалық құжаттарды, техникалық




технологиялар

құжаттарды дайындау;




программалау, жобалау, модельдеу, оқыту, диагно-







стика жасау, басқару (объектілерді, үрдістерді,







жүйелерді).
















Қоғамның мәдени және әлеуметті-экономикалық




жоғарыдан алу




дамуына ақпараттық ресурс факторының ықпалы.













Ақпараттық қоғам – заңдылықтары, даму және







орнығупроблемалары.Қоғамныңақпараттық







инфрақұрылымы. Ақпараттық мәдениет.












15



1-Тарау ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ §1. Ақпарат және ақпараттық үрдістер Жоспар
1.1. Ақпарат ұғымы.

1.2. Ақпарат және физикалық әлемі


1.3. Ақпараттың сапалық қасиеттері.

1.4. Ақпараттық үрдістер.

1.5. Ақпараттың үздіксіз және дискретті ұсынымы.

1.6. Ақпарат және тіл.

1.7. Ақпаратты кодтау.
1.1. Ақпарат ұғымы
«Ақпарат» ұғымы қазіргі жалпы ғылымда іргелі, ал, информатика үшін негізгі болып табылады. Ақпарат немесе «информация» термині латынның "informatio"мәлімет, түсіндіру, баяндау сөзінен шыққан.
Қоршаған ортаның біртұтас құрамдастары зат және энергиямен қатар, ақпарат сол ортаның негізгі сарқылмас таным көзі болып табылады. Алайда, ақпарат ұғымының формалданған анықтамасын келтіру қиындық туғызатыны сөзсіз.


  1. күнделікте ақпарат деп қызығушылық туғызатын кез-келген хабар немесе мәліметті атайды. Мысалы, қайсыбір оқиғалар, құбылыстар туралы және т.с.с. мәліметтер. Бұл орайда «ақпарат жеткізу» деген сөз «бұрын-соңды белгісіз болған нәрсені жеткізу» деген мағынаны білдіреді.




  1. кибернетикада жүйені дамыту, кемелдендіру, сақтау мақсатында, яғни басқару, белсенді әрекет жасау, бағыттау үшін пайдаланатын білім бөлігін ақпарат дейді. (Н. Винер1).


Кибернетикалық тұрғыдан, ақпарат – бізді қоршаған дүниедегі объектілерді (заттарды), жағдайларды, үрдістерді немесе құбылыстарды таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.
Ақпаратты жіберу, қабылдау сақтау және түрлендіру үрдістерін зерттейтін ғылым – ақпарат теориясының негіздерін қалаған Клод Шеннон2ақпаратты біздің білімнен бірдеме туралы белгісіздіктің (анықталмағандықтың) алынуы деп қарастырады.
Ақпарат жөніндегі заманауи ғылыми көзқарасты дәлме-дәл тұжырымдаған кибернетика «атасы» Норберт Винер болды. Оның пікірінше:



  1. Норберт Винер (1894 —1964) — американдық ғалым, көрнекті математик және философ, кибернетиканың және жасанды интелект теориясының негізін қалаушы.




  1. Клод Элвуд Шеннон (1916 – 2001) – американдық математик және инженер. Ол ақпарат теориясының негін қалаушы. Шеннон схемалардың ықтималдық теориясына, автоматтар теориясына және кибернетика ұғымына кіретін ғылымдар аймағы – басқару жүйелер теориясына келелі үлес енгізді.

16



Ақпарат — біздің және сезіміміздің сыртқы ортаға бейімделу үрдісінде одан қабылданған мағынаны белгілеу.
Сонымен, ақпарат теориясында – ақпарат ол, белгісіздікті толық айқындайтын немесе алдындағы белгісіздіктің мөлшерін азайтатын мәліметтер.
Ақпаратпен қоса «деректер» ұғымы жиі қолданылады. Зерттелетін нысан үшін, ол — қазіргі уақытта қайсыбір себептермен қолданыста болмай, тек сақталып келген эксперименттік бақылаудың нәтижелері немесе оның сипаттамалық белгілері болуы мүмкін.
Егер осы мәліметтерді нысан жөніндегі білімді азайту және нақтылау үшін қолдану қажеттілігі туындаса, онда олар жүйелі өңдеу арқылы талдау нәтижесінде ізделіп отырған білім, алынатын ақпаратқа айналады, одан талдау арқылы ізделген білім шығарылады.
Сонымен, осы тұжырымдарды ескере отырып, ақпараттың анықтамасын былай дәлірек пайымдауға болады:
Ақпарат —қоршаған ортаның құбылыстары мен нысандары, олардың шамалары, қасиеттері мен жай-күйі жөніндегі білімнің белгісіздік, толықсыздық дәрежесін кемітетін мәліметтер.
Ақпарат ұғымынан, ақпараттың материалдық тасығышы, ақпарат көзі мен қабылдағышы арасындағы байланыс арнасы бар екенін пайымдай аламыз.
1.2. Ақпарат және физикалық әлем
Ақпаратты ресурстың айырықша түрі деп есептеген жөн; мұнда «ресурс» материалдық заттардың немесе заттың энергетикалық, құрылымдық немесе басқа да сипаттамаларының білім қоры деп түсіндіріледі. Материалды заттармен байланысты ресурстардан айырмашылығы ақпараттық ресурстар сарқылмайды және де материалды ресурстардан гөрі өзге де жаңару және қайта жаңғырту әдістеріне ие болып табылады. Ақпараттың іргелі қасиеттерінің кейбір жиынтығын қарастырайық:


  1. есте сақтаулығы;

  2. жеткізулігі;

  3. түрлендірулігі;

  4. қайта жаңғыруы;

  5. өшіргіштігі;


Есте сақтаулық қасиеті – жадыда сақтау мүмкіншілігі, ақпараттың ең маңызды қасиеті. Есте сақталатын ақпаратты макроскопиялық деп атаймыз (есте сақтау ұяшықтың кеңістіктік масштабы мен уақытын ескере отырып). Күнделікті тәжірибемізде біз макроскопиялық ақпаратпен іс жүргіземіз.

17



Жеткізілу/жіберу қасиеті – ақпаратты байланыс арналары арқылы жеткізу (кедергілермен қоса) К.Шеннонның ақпарат теориясы аясында жете зерттелген. Бұл жағдайда өзгеше аспект ақпаратты көшіріп алу қасиеті көзделіп отыр, яғни ол өзге макроскопиялық жүйелердің «есінде сақталуы» мүмкін және де өзіне-өзі барабар болып қала береді. Әрине, ақпараттың көлемі көшірмелеу барысында артпауы тиіс.
Түрлендірулік қасиеті – ақпараттың іргелі қасиеті Ол ақпарат өзінің тәсіл-түрлерін өзгерте алатындығын көрсетеді. Көшіруге қабілеттілігі – ол ақпаратты түрлендірудің бір түрі; мұнда ақпараттың көлемі өзгермейді. Жалпы алғанда, түрлендіру үрдістерінде ақпараттың көлемі өзгереді, бірақ артуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет