N = 2t * (U - L + 1) + 1
Мұндағы, t – мантиссаның екілік разрядтарының өлшемі; U – математикалық реттің максималды мәні; L – реттің минималды мәні.
Біз қарастырған мысал үшін (t = 24, U = 63, L = -64):
N = 2 146 683 548 болып шығады.
5.6. Графикалық ақпараттың ұсынылуы
5.6.1. Растрлық ұсынылу
Компьютерлік графика – компьютерде графикалық (суреттер, сызбалар, фотосуреттер, бейнекадрлар және т.б.) бейнелермен жұмыс жасалынатын информатиканың бөлімі.
Пиксель1 – растрлық графикадағы екі өлшемді цифрлық бейненің ең аз логикалық элементі (экрандағы нүкте).
Пиксель белгілі түсті, әдетте шаршы немесе дөңгелек пішінді бөлінбейтін объект. Растрлық компьютерлік бейне жолдар және бағаналарда орналасқан пиксельдерден тұрады.
Растр – экрандағы пиксельдердің тік төртбұрыш торы. Экранның шешушілік қабілеті – M*N көбейтіндісі түрінде
берілетін, растр торының өлшемі, мұндағы M – горизонталь бойындағы нүктелер саны, N – вертикаль бойындағы нүктелер саны (жолдар саны).
Достарыңызбен бөлісу: |