Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет64/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   234
2-ші мысал. Қазіргі мониторлардың экрандары 16 777 216 әртүрлі түстерді алу мүмкіндіктері бар. 1 пиксель жадыда қанша бит орын алады?

Сөйлеу тілінде пиксель, ағылш. picture element — қысқартылған түрі pixel, pel немесе picture сell — бейнелеу элементі.


102



Шешімі: K =16 777 216 = 224 болғандықтан, онда бір пиксельге N = 24 бит керек. N шамасын бит тереңдігі деп атайды.
Бит тереңдігі (түс тереңдігі) – бір пиксель кодталғанда, түсті сақтау және ұсыну үшін пайдаланатын бит санымен берілген жады көлемі, (бит/пиксель – bits per pixel, bpp).
Бет — экрандағы бір кейіп (бір «сурет») туралы ақпаратты сыйдыратын бейнежады бөлімі. Бейнежадыда қатарынан бірнеше беттер орналасады.
3-ші мысал Шешушілік қабілеті 640*200 экранында тек қана екі түсті бейнелер көрінеді. Бейнені сақтауға бейнежадының қандай ең аз көлемі қажет болады?
Шешімі: екі түсті бейненің бит тереңдігі 1-ге тең болғандықтан, ал бейнежадыға, ең аз дегенде, бейненің бір беті сыйса, онда бейнежадының көлемі тең болады:

640*200*1 = 128000 бит = 16000 байт.


4-ші мысал. Ақ-қара бейнелі және растр торлы, көлемі 10*10 «кішкентай мониторды» қарастырайық.

1.10-сурет


1.10-шы суретте «К» әрпінің бейнесі келтірілген. Жолдары және бағандары растрлық тордың жолдары және бағандарына сәйкес бейнежадының мазмұнын биттік матрица түрінде ұсынуы.
Шешімі: мұндай экранда бейнені кодтау үшін бейнежадының 100 биті (пиксельге 1 бит) керек. Боялған пиксель «1», ал боялмаған «0» болсын. Ондай матрица мынадай болады:
0000000000

0001000100

0001001000

0001010000

0001100000

0001010000


0001001000

0001000100

0000000000

0000000000



103

Экранға әр алуан бояулар үш негіздік қызыл, көк және жасыл түстерді араластыру арқылы алынады. Әр пиксель экранда осы түстермен жарық беріп тұрған, үш жақын элементтерден тұрады. Осындай принципті қолданған, түрлі-түсті дисплейлерді RGB (Red-Green-Blue)-мониторлары деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет