Программалық басқару принципі. Программа командалар жиынынан түрады, оларды процессор автоматты түрде бірінен кейін бірін, белгілі бір тізбекпен орындайды.
Программаның жадыдан таңдалып алынуы (орысша выборка) командалар есепшісі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл процессордың регистрі өзінде сақталған кезекті команданың адресін,
дәйекті түрде, команданың ұзындығымен өсіріп отырады.
1-тарау. §4. 4.5-пункті. «ЭЕМ түйіндері»
Программаның командалары жадыда бірінен кейін бірі орналасқандығы, жадының тізбекпен орналасқан ұяшықтарынан, командалардың тізбесін таңдалып алынуын ұйымдастырады.
Егер команда орындалғаннан кейін келесіге өтпей, әлдеқандай басқаға өту керек болса, шартпен немесе шартсыз өту командалары қолданылады, ол келесі команда жазылған жады ұяшығының нөмірін, командалар есепшісіне енгізеді.
Жадыдан таңдап алыну "стоп" командасына жетіп және орындалғаннан кейін тоқталады.
Сонымен, процессор программаны адамның кірісуінсіз автоматты түрде орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |