Екілік кодтау принципі – Нейман екілік санау жүйесінің техникалық игеру артықшылығын, арифметикалық және логикалық амалдардың орындалу ыңғайлылығын және қарапайымдылығын негіздеді.
Ол, сандарды жазғанда оңайлатып, негізі екіге еселі жүйелерді қолдануды, яғни сегіздік және он алтылық жүйелерінде жазылуын ұсынды. Бұл ақпараттың барлық түрлерін екілік кодтауәдістерімен кодтауға мүмкіндік берді.
Екілік кодтау кез келген қазіргі компьютерлердің ақпараттық негізін құрайды, бұл барлық, сандық емес ақпарат –мәтіндік,графикалық, дыбыстық және басқа түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді.
Екілік жүйеде негізделген стандартты логикалық элементтердің жиынтығы логикалық функционалды жүйелердің (логикалық элементтер, триггерлер, есептеуіштер, қосындауыштар және т.б.)
қызметтерінің толық игерілуін қамтамасыз етеді.