2) ішкі істер, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген
қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал
берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және
орындалуы авариялық жағдай
туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол
қимылымен немесе таяқшамен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату
туралы талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға;
3) көлік құралының өздігінен жүріп кетуін болғызбайтын шаралар
қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан
жағдайда, оның рұқсатынсыз көлік
құралын тастап кетпеуге;
4) ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін
куәландырудан өтуге;
5) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде
белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінде белгіленген жағдайларда, осы Қағидаларды білуін тексеруден өтуге;
7) көлік құралын:
шығындарды өтеттіре отырып, медициналық көмек көрсету үшін жол-
жөнекей бағытта кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ жедел
медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін,
сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына
қарамастан,
медицина қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының және ұлттық
қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;
жол-көлік оқиғалары кезінде бүлінген көлік құралдарын тасымалдау, дүлей
зілзала болған жерге бару үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген жағдайларда
ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне беруге;
Ескертпе:
Достарыңызбен бөлісу: