2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел
қызметтері.
3. Қазақстан Республикасы ішкі істер огандарының жедел қызметтері.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы органдардың
жедел қызметтері.
5. Әскери полиция органдары.
6. Авариялық қызмет.
7. Медициналық жедел жәрдем қызметі.
8. Жеке күзет ұйымдарының ұтқыр жедел ден қою топтары.
9. Көліктік бақылау органдарының жылжымалы көліктік-бақылау пункттері.
10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Арнайы прокурорлар
департаменті.
11. Экономикалық тергеу қызметінің жедел бөлімшелері.
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметтері.
13. Инкассация қызметтері.
14. Ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдары.
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.
16. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті
бөлімшелерінің көлік құралдары.
Ескертпе:
1. Түсті-графикалық бояу, таным белгілері, жазулар, арнайы жарық және
дыбыс сигналдарын орнату Қазақстан Республикасының
стандартымен
реттеледі.
2. Мемлекеттік күзет қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі
істер органдарының
жедел қызметтерінің, экономикалық тергеу қызметінің,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан
Республикасының Бас
прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік
фельдъегерлік қызметінің, Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті бөлімшелерінің көлік құралдарында арнайы түсті-
графикалық бояулар, таным белгілері мен жазулары болмауы да мүмкін.
3. Көлік құралдарын арнайы түсті-графикалық бояумен, таным белгілерімен,
жазулармен, жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталу мүмкіндігімен жеке
күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтарына жатқызу күзет қызметімен
айналысатын субъектілерді мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыратын уәкілетті
органның растайтын құжаттарын алғаннан кейін жүзеге асырылады.
4. Велосипедшілердің ұйымдасқан тобына ілесіп жүруді жүзеге асыратын
көлік құралдарына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын орнатуға және
арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояуға
рұқсат беруді ішкі істер
органдары көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің "Ерекше белгiлер" деген
бағанында тиісті жазбаны енгізу жолымен жүргізеді.