Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


Арнаулы сигналдарды қолдану



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 6. Арнаулы сигналдарды қолдану 
1. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маягі іске қосылған жедел 
және арнайы қызметтің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін 
қызметтік тапсырманы орындау кезінде, жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз 
етілген жағдайда осы Қағидалардың 5 (реттеушінің сигналдарынан басқа), 8-18-
бөлімдерінің, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалардың талаптарын 
орындамауы мүмкін.
Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдық алуы үшін мұндай 
көлік құралдарының жүргізушілері көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық 
маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды іске қосуы тиіс. Олар өздеріне жол 
берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана басымдықты пайдалана алады.
Бұл құқықты Қағидалардың осы тармағында белгіленген жағдайларда жедел 
және арнаулы қызметтердің көлік құралдары ілесіп жүретін көлік құралдарының 
жүргізушілері де пайдаланады.
2. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосылған және 
арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде 
жүргізушілер осы және олардың ілесіп жүруіндегі басқа көлік құралдарының 
кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін жолды босатады.
3. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосулы тоқтап тұрған 
көлік құралдарына жақындаған кезде жүргізуші қажет болған жағдайда дереу 
тоқтатуға мүмкіндік болуы үшін жылдамдықты азайтады.


4. Құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде іске 
қосылған қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі бар, жеке меншік 
күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтарының, жолдағы көліктік 
бақылау органдарының көшпелі бақылау-өткізу пункттерінің, инкассация 
қызметтерінің 
мамандандырылған 
көлік 
құралдарының, 
ұйымдасқан 
велосипедшілер топтарымен бірге жүретін, өсімдіктер және жануарлар дүниесін 
қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі қызметті 
атқаратын көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қауіпсіздігі 
қамтамасыз етілген жағдайда жол белгілері (2.2, 2.4 – 2.6, 3.11 – 3.14, 3.17.2, 3.20 
белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ Қағидалардың 9-бөлімі 4 – 8-
тармақтарының және 16-бөлімі 1-тармағының талаптарын орындамауы мүмкін. 
Басқа көлік құралдарының жүргізушілері олардың жұмысына кедергі жасамауға 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет