1) теміржол өтпелерінен тыс жерде теміржолдардан өтуге;
2) қарсы жүру жолағына шыға отырып, теміржол өтпесі алдында тұрған
көлік құралдарын айналып өтуге;
3) теміржол өтпесіндегі шлагбаумды өз бетімен ашуға;
4) теміржол дистанциясы бастығының рұқсатынсыз теміржол өтпесі арқылы
ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа да машиналар мен
механизмдерді көліктен тыс жағдайда өткізуге, жылдамдығы сағатына 8
километрден кем баяу жүретін машиналардың, сондай-ақ трактор шана-
сүйретпелерінің жүруіне тыйым салынады.
4. Өтпе арқылы жүруге тыйым салынған жағдайда, жүргізуші тоқтау-
сызығының, 2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ
болғанда - теміржол өтпесі шекарасында тоқтайды.
5. Өтпе үстінде амалсыздан аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды
түсіреді және өтпені босату үшін шаралар қолданады. Жүргізуші бір мезгілде
мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1) мүмкіндік болған кезде жол бойымен екі адамды екі жаққа өтпеден бір
мың метрге (егер біреу болса, онда жолдың нашар көрінетін жағына), өздеріне
жақындап келе жатқан поездың (локомотивтің, дрезинаның) машинисіне тоқтау
сигналын беру ережесін түсіндіріп жібереді;
2) көлік құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын
береді;
3) пойыз көрінген бойда тоқтау сигналын беріп, оған қарсы жүгіреді.
Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіз ашық түсті матаның
қиындысымен немесе қандай да болмасын жақсы көрінетін затпен, түнде
шырақпен немесе фонарьмен) тоқтау сигналы болып табылады. Бір ұзақ және
үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: