Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


 Автомагистральдарда жүру



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
 16. Автомагистральдарда жүру 
1. Автомагистральдарда:
1) көлік құралынан тыс жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ үй жануарларының 
тұруына, велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін 
машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі 
бойынша жылдамдығы сағатына 40 километрден кем өзге де көлік құралдарын 
басқаруға;
2) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын 
жүк автомобильдерін екінші жолақтан әрі басқаруға;


3) 5.15 немесе 6.11 белгілерімен белгіленген, тұраққа арналған арнайы 
алаңдардан тыс жерлерге аялдауға;
4) бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және 
оған кіруге;
5) артқа қарай жүруге;
6) жүргізіп үйренуге тыйым салынады.
2. Жолдың жүру бөлігінде мәжбүрлі аялдау кезінде жүргізуші көлік құралын 
Қағидалардың 7-бөлімінің талаптарына сәйкес белгілейді және оны осыған 
арналған жолаққа (жолдың жүру бөлігін белгілейтін сызықтан оңға қарай) 
шығару шараларын қолданады.
3. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ 5.3 белгісімен белгіленген жолдарға да 
қолданылады. 
 
17. Тұрғын аймақтарда жүру 
1. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жолдың 
жүру бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа 
ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс.
2. Тұрғын аймақта:
1) көлік құралдарының толассыз жүруіне;
2) жолдың жүру бөлігінен тыс жерде көлік құралының жүруіне;
3) жүргізіп үйренуге;
4) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға;
5) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын 
жүк автомобильдерінің, автобустардың арнайы бөлінген әрі белгілермен және 
(немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына;
6) дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға;
7) тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға 
тыйым салынады.
3. Жүргізушілер тұрғын аймақтан шығу кезінде жол жүрісіне басқа 
қатысушыларға жол береді.
4. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет