6.5 "Автомобильдерді жуу".
6.6 "Телефон".
6.7 "Тамақтану пункті".
6.8 "Ауыз су".
6.9 "Қонақ үй немесе мотель".
6.10 "Кемпинг".
6.11 "Демалыс орны".
6.12 "Полиция бекеті".
6.13 "Көліктік бақылау бекеті".
6.14 "Полиция".
6.15 "Жол жүрісі туралы ақпаратты беретін радиостанцияны қабылдау
аймағы".
6.16 "Авариялық қызметтермен радиобайланыс аймағы".
6.17 "Бассейн немесе жағажай".
6.18 "Дәретхана".
7. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)
Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар) олармен қолданылатын белгілерді
нақтылайды немесе шектейді.
7.1.1 "Объектіге дейінгі арақашықтық". Белгіден қауіпті учаскенің, тиісті
шектеу енгізу орнының немесе жүру барысы бойынша алдағы белгілі бір
объектінің (орынның) басталуына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.
7.1.2 "Объектіге дейінгі арақашықтық".
Егер жол қиылысының тікелей
алдында 2.5 белгісі орнатылған жағдайда 2.4 белгісінен жол қиылысына дейінгі
арақашықтықты көрсетеді.
7.1.3, 7.1.4 "Объектіге дейінгі арақашықтық". Жолдан тысқары тұрған
объектіге дейінгі арақашықтықты көрсетеді.
7.2.1 "Қолданылу аймағы". Белгілермен белгіленген жолдың қауіпті
учаскесінің ұзындығын немесе тыйым салатын және ақпараттық-нұсқағыш
белгілерді көрсетеді.
7.2.2 - 7.2.6 "Қолданылу аймағы". 7.2.2 белгісі 3.27 - 3.30 тыйым салатын
белгілердің қолданылу аймағын көрсетеді; 7.2.3 белгісі 3.27 — 3.30 белгілерінің
қолданылу аймағының аяқталғанын көрсетеді; 7.2.4 белгісі жүргізушілерге олар
3.27 - 3.30 белгілерінің қолданылу аймағында екендігі туралы хабарлайды; 7.2.5,
7.2.6
белгілері алаңның, ғимарат фасадының және осыған ұқсастардың бір
жағының бойында тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салу кезінде 3.27 - 3.30
белгілерінің бағытын және қолданылу аймағын көрсетеді.
7.3.1 - 7.3.3 "Қолданылу бағыттары". Жол қиылысы алдында орнатылған
белгілердің қолданылу бағытын немесе жолдың тікелей жанында тұрған
таңбаланған объектілерге жүру бағытын көрсетеді.
7.4.1 - 7.4.8 "Көлік құралының түрі". Белгінің күші қолданылатын көлік
құралының түрін көрсетеді.
7.4.8а "Маршруттық көлік құралының түрі".
7.4.1 тақтайшасы белгінің күшін жүк автомобильдеріне, ал 7.4.2 тақтайшасы
оның ішінде рұқсат етілген массасы 3,5
тоннадан асатын, тіркемесі барларға,
7.4.3 тақтайшасы жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ рұқсат етілген массасы 3,5
тоннаға дейінгі жүк автомобильдеріне, 7.4.8 тақтайшасы "Қауіпті жүк" деген
таным белгілерімен жабдықталған көлік құралдарына қолдандырады.
7.5.1 "Сенбі, жексенбі және мереке күндері",
7.5.2 "Жұмыс күндері",
7.5.3 "Апта күндері". Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.
7.5.4 "Қолданылу уақыты". Белгі қолданылатын тәуліктің уақытын көрсетеді.
7.5.5 - 7.5.7 "Қолданылу уақыты". Белгі қолданылатын аптаның күндері мен
тәуліктің уақытын көрсетеді.
7.6.1 - 7.6.9 "Көлік құралын тұраққа қоюдың тәсілі". 7.6.1 барлық көлік
құралдары тротуардың бойымен жүру бөлігіне
қойылуы тиіс екенін көрсетеді;
7.6.2 - 7.6.9 жеңіл автомобильдер мен мотоциклдерді тротуар маңындағы
тұраққа қоюдың тәсілін көрсетеді. 5.15 белгісімен қолданылады.
7.7 "Жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тоқтап тұру". 5.15
белгісімен
белгіленген тұрақта қозғалтқышы жұмыс істемейтін көлік құралдарына ғана
тоқтап тұруға рұқсат етілетіндігін көрсетеді.
7.8 "Ақылы қызмет көрсетулер". Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетілетінін
көрсетеді.
7.9 "Тоқтап тұрудың ұзақтығын шектеу". Көлік құралының 5.15 белгісімен
белгіленген тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетеді.
7.10 "Автомобильдерді қарап тексеруге арналған орын". 5.15 немесе 6.11.
белгісімен таңбаланған алаңда эстакада немесе қарау шұңқыры бар екенін
көрсетеді.
7.11 "Толық массаны шектеу". Белгінің күші рұқсат етілген ең жоғары
массасы тақтайшада көрсетілгеннен асатын көлік құралдарына ғана
қолданылатынын көрсетеді.
7.13 "Басты жолдың бағыты". Жол қиылысында басты жолдың бағытын
көрсетеді.
7.14 "Жүру жолағы". Бөлігінің немесе бағдаршамның күші
қолданылатын
жүру жолағын көрсетеді.
7.15 "Зағип жаяу жүргіншілер". Жаяу жүргіншілердің өтпесін зағиптардың
пайдаланатынын көрсетеді. 1.20, 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және бағдаршаммен
қолданылады.
7.16 "Ылғалды жабын". Белгі жүру бөлігінің жабыны ылғал уақыт кезеңінде
қолданылатынын көрсетеді.
7.17 "Мүгедектер". 5.15 белгісінің "Мүгедек" таным белгілері орнатылған
мотобесіктер мен автомобильдерге ғана қолданылатынын көрсетеді.
7.18 "Мүгедектерден басқа". Белгілер "Мүгедек" таным белгілері
орнатылған мотобесіктер мен автомобильдерге қолданылмайтынын көрсетеді.
7.19 "Қауіпті жүк сыныбы". 19433 МемСТ бойынша қауіпті жүктердің сынып
(сыныптарының) нөмірін көрсетеді. 3.32, 4.9.1 - 4.9.3 белгілерімен қолданылады.
7.21.1 "Маршруттық көлік құралының түрі, 6, 19".
Тақтайшалар
олар
қолданылатын
белгінің
тікелей
астында
орналастырылады. 7.2.2 - 7.2.4, 7.13 тақтайшалары белгілер жүру бөлігінің, жол
жиегінің немесе тротуардың үстінде орналасуы кезінде белгінің бүйіріне
орналастырылады.
Уақытша жол белгілерінің (көшірілетін бағандағы) және стационарлық
белгілердің мәндері бір-біріне
қайшы келген жағдайда, жүргізушілер уақытша
белгілерді басшылыққа алуы тиіс.
2-сурет. ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ
1. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ