тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда), ал елді мекендерде - бұдан
басқа, жолдың жүру бөлігінен тыс жерлермен жүруіне рұқсат етілмейді. Жол
пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының жүруіне, жол жиегіне,
тротуарларға немесе жаяу жүргіншілер жолына тікелей жақын орналасқан
объектілерге жүктерді апаратын көлік құралдарының қысқа жолмен баруына,
басқа кіру жолы болмаған кезде рұқсат етіледі. Бұл ретте жол жүрісі қауіпсіздігі
қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Жүргізуші жүру жылдамдығына орай алда жүріп бара жатқан көлік
құралымен соқтығысудан сақтануға мүмкіндік беретін қашықтықты, сондай-ақ
қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты сақтайды.
11. Елді мекендерден тыс жерде екі жолағы бар екіжақты жүру жолдарында
олар үшін жылдамдыққа шектеу белгіленген көлік құралдарының, сондай-ақ
ұзындығы жеті метрден асатын көлік құралдарының (көлік құралдары
құрамының) жүргізушілері өз көлігі мен алда кетіп бара жатқан көлік
құралының арасында оларды басып озатын көлік құралы бұлар жүріп келе
жатқан жол жолағына кедергісіз қатар ауыстыра алатындай аралықты ұстайды.
Бұл талап, егер жүргізуші басып озуды орындауға әзірленіп келе жатса, сондай-
ақ үдемелі жүріс кезінде және ұйымдасқан көлік легінің кезінде қолданылмайды.
12. Екіжақты жүру жолдарында жүру бөлігінің ортасында орналасқан
қауіпсіздік аралдарының жолдың бөлу жолағы, тумбалар және жол
құрылыстарының элементтері (көпір тіректері, жол өткізгіштері және сол
сияқтылар) болмаған кезде, егер белгілер мен таңба өзгеше нұсқамаса,
жүргізуші оң жағынан айналып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: